Білім беру бағдарламасы (бакалавриат) Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру Мамандықтың шифры және атауы



бет21/43
Дата08.12.2023
өлшемі1,33 Mb.
#135406
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   43
Байланысты:
КАЗ Метод указания ОМ 2023 24 Химия 1 курс

ОСӨЖ үшін тапсырмалар:
1. Шынайы, коллоидты және дөрекі дисперсті жүйелерге мысалдар келтіріңіз. Өз таңдауыңызды түсіндіріңіз.
2. Келесі берілген зольдер мицеллаларының құрылысын жазыңыз:

  1. күміс нитратымен тұрақтандырылған күміс бромиді золінің;

  2. барий хлоридімен тұрақтандырылған барий карбонаты золінің;

  3. калий сульфатымен тұрақтандырылған барий сульфаты золінің.

3. AgNO3 артық мөлшерінде алынған күміс иодиді золінің бөлшектері электрофорез кезінде қай электродқа қарай жылжитынын анықтаңыз. Мицелланың құрылысын келтіріңіз.
4. Гранулалары оң зарядталған золь алу үшін С(NaCl)=0,002 моль/л-ге тең натрий хлоридінің 10 мл ерітіндісіне концентрациясы 0,001 моль/л күміс нитраты ерітіндісінің қандай көлемін қосу керек? Мицелланың құрылысын келтіріңіз.
5. Келесі берілген заттардың қайсысы жаңа тұндырылған алюминий гидроксидінің пептизациясын тудырады: а) калийдің гексацианоферраты (III); б) барий хлориді; в) калий гидроксиді; г) алюминий хлориді; д) аммиак? Дәлелдеу арқылы түсіндіріңіз.
6. 7. 10 мл күміс иодидінің теріс зарядты бөлшектерін коагуляциялау үшін концентрациясы 0,05 моль/л-ге тең 0,45 мл барий нитраты ерітіндісі қажет. Осы зольдің коагуляциялау табалдырығын барий нитраты ерітіндісінің әсерінде анықтаңыз.
7. Видеодәрістерлі қарап шығу
(https://youtu.be/5T2DTo6vf48 ;
https://youtu.be/9TpbAwupBcU ;
https://youtu.be/8E_z1OJCG3I ) және сабаққа дайындалуға арналған сұрақтарға жауап беру


СӨЖ үшін тапсырмалар: Электрофорез дегеніміз не? (жауап үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) беріледі). Медициналық-биологиялық тәжірибеде келесі процестердің қолданылуын сипаттаңыз: электрофорез, диализ (вивидиализ).
8 сабақ


Тотығу-тотықсыздану реакциялары және тепе-теңдік. Электродты потенциалдарды өлшеу
Сабақтың қорытындысы бойынша студент қабілетті болады:

  • жүйенің тотығу немесе тотықсыздану қабілеттерін салыстыра білуге

  • тотығу-тотықсыздану реакцияларының мүмкін болатын бағытын анықтай білуге

  • I және II текті, тотығу-тотықсыздану электродты потенциалдардың құрылысын және есептеу жолын түсіндіре білуге

  • электродты потенциалдарды есептеу үшін Нернст және Нернст-Петерс теңдеулерін қолдана білуге;

  • электрохимиялық жүйелердің ЭҰК-н есептеу дағдыларын меңгереді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет