Сабақ өткізу форматы: Ситуациялық тапсырмаларды, жаттығуларды түсіндіру, орындау және талқылау, шағын топтарда жұмыс.
Сабақты бақылау түрі: Баға суммативті (жазбаша түрде/ тестілеу)
ҚО режимінде:Баға суммативті (жазбаша түрде тестілеу) dis.kaznmu.kz (Moodle) Google Classroom платформаларында жазбаша түрде/ тестілеу).
Тәжірибелік сабақтар үшін тапсырмалар: Төменгі заттардың алыну реакцияларын жазыңдар: формальдегид, сірке альдегиді, бензальдегид, ацетон, ацетофенон. Алынған заттардың реакциялық белсенділігін салыстырыңыз.
Ацетальдегид пен үшхлорлы сірке альдегидінің гидратациялық реакцияларын жазыңдар . Екінші реакцияның өнімі қайда қолданылады?
Төменгі заттардың : формальдегид, сірке альдегиді , бензальдегид, ацетон, ацетофеноның реакцияларын жазыңдар : а) 1 моль және 2 моль этил спиртімен б) циансутек қышқылымен в) натрий гидросульфитімен
Пропаналь мен пропанонды қандай реактияның көмегімен ажыратуға болады.