Курстың міндеттері: - бастауыш сынып оқушыларына математиканы оқыту процесін ұйымдастырудағы
кәсіби білім және біліктермен қаруландыру; - әдістемелік ғылымның зерттеу нысаны, пәні, міндеттері және әдістері, сонымен бірге
бастауыш сынып оқушыларына математиканы оқыту теориясы және тәжірибесінің
үрдістері мен бағыттары туралы түсінік беру; - бастауыш мектептің математика курсын құрайтын негізгі түсініктер мен әрекет
тәсілдерінің мазмұны туралы ғылыми түсінік қалыптастыру; - жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді
түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету;
- оқу бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол
жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз
ету;
Оқытудан күтілетін нәтижелер: Курс аяқталғаннан кейін студенттер білуі керек:
- бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы және технологиясы оқу пәні ретінде,
оның мазмұны, әдістеме ғылымымен байланысы туралы білуі;
- математика бастауыш мектептегі оқу пәні ретінде және оны оқыту технологиялары
туралы білуі;
- бастауыш
математика курсының маңызды ұғымдары және оларды оқыту
технологиялары туралы білуі;
Курс аяқталғаннан кейін студенттер жасай алуы керек:
- алған теориялық білімді тәжірибелік іс-әрекетте іске асыра алады;
- жаңартылған бағдарламаға сәйкес педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын
қолдана біледі;
- жаңартылған бағдарламадағы оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау
жүйесін түсінеді және қолдана біледі.
Игерілетін дағдылар:
- ӛзінің болашақтағы әдістемелік қызметіне қажетті зерттеу жұмысын жүргізе білумен
байланысты дағдылар;
- жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыруға қажетті дағдылар;
- оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін қолдана білу
дағдылары;