Орта мерзімді жоспарлар оқытудың мақсаттары мен тәсілдеріне негізделе отырып, мұғалімдер үшін
тақырыптар мен бӛлімдер бойынша сабақтар ӛткізу, сабақтарда оқушыларды ұйымдастыру ұсыныстары,
сондай-ақ ресурстар берілген (интернет, мәтіндер, жаттығулар, бейне- және аудиоматериалдары және т.б.).
Мұғалім сыныптағы оқушылардың жеке ерекшеліктері мен үлгерім деңгейін ескере отырып,
тапсырмалардың кейбір түрлерін ӛзгерту және түзетуі мүмкін. Мұғалім қысқа мерзімді жоспарды немесе
сабақ жоспарын орта мерзімді жоспардың соңында ұсынылған үлгіге сай ӛзі әзірлейді.
Қысқа мерзімді жоспар дайындағанда мұғалімге саралай оқыту тәсілі мен оқушылардың жеке
ерекшеліктеріне ерекше назар аудару ұсынылады. Сабақты қысқа мерзімді жоспарлау мұғалімге сабақ
мақсаттарына анағұрлым тиімді қол жеткізуге кӛмектеседі. Ол үшін мұғалім оқу материалы мен сабақтағы
әрекет түрлерін мұқият іріктеп алуы керек. Мұғалім әр сабақтан кейін білім алушылар меңгере алмаған
немесе түсінбеген жерлерін анықтау мақсатында сабаққа талдау (рефлексия) жасап отыруы керек.
Қысқа мерзімді жоспар құрған кезде мұғалімге тӛмендегі ұсыныстарды басшылыққа алуына болады:
- сабақты ұйымдастырғанда оқу бағдарламасында және оқу жоспарында кӛрсетілген мақсаттарды
басшылыққа алу қажет;
- сабақ мақсаттарын анық тұжырымдау (S.M.A.R.T. қағидасы бойынша), яғни нақты, ӛлшемді,
қолжетімді, шынайы мақсаттар қою;
- орта мерзімді жоспарда кӛрсетілген барлық іс-әрекеттерді, әдістемелік кеңестерді, ресурстарды мұқият
зерделеу;
- мұғалімнің қалауы бойынша іс-әрекет түрі қажеттілігіне қарай толықтырылып отырады. Мұғалім
білімнің тек дара кӛзі ретінде емес, оқушылардың ӛздерінің оқутанымдық қызметінің белсенді
ұйымдастырушысы ретінде қызмет етуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: