2. Бастауыш буынның ең басты мақсаты-арифметикалық амалдардың таблицалық жағдайларын
оқушылардың саналы және берік игеруін қамтамасыз ету.
Олар: бір таңбалы сандарды қосу таблицасы мен азайтудың сәйкес жағдайлары және бір таңбалы екі
санды ӛзара кӛбейту таблицасы мен бӛлудің сәйкес жағдайлары.
Қосу таблицасын мен азайтудың сәйкес жағдайларын оқып үйренуде:
- қосу мен азайту амалдарының мән-мазмұны жайындағы түсініктер
- натурал сандар қатарының негізгі қасиетіне негізделген бірді қосу, бірді азайту тәсілі
- он кӛлеміндегі сандардың бір таңбалы екі санның қосындысы түріндегі құрамы туралы білімдер
- жүз кӛлеміндегі екі таңбалы санды ондық пен бірліктің қосындысына келтіру жайындағы білімдер
- қосылғыштардың орнын ауыстыруға және қосу мен азайтудың арасындағы ӛзара
байланысқа
негізделген есептеу тәсілдері қолданылады.
«Кестелік қосу және азайту» тақырыбының мазмұнын: 10 кӛлеміндегі сандарды есептеу тәсілдері;
мәтінмен берілген арифметикалық жай есептер және оларды шығару; кері есептер және ӛзара кері есептер;
санды ӛрнек және әріпті ӛрнек; әр түрлі ӛрнектердің мәндерін табу; қарапайым
теңдеулер және оларды
шешу; кесіндіің ұзындығын арттыру және кеңейту; кесінділер сызу сияқты мәселер құрайды.
Кестелік қосу және азайтудың 2,3,4,5 сандарымен жағдайларын оқытып-үйретудің әдістемесінде
бірізділік сақталады. Мұнда қосу тәсілі сан сызғыштан 1,2,3,4 сан аттай отырып тура бағытта санау арқылы
түсіндіріледі. Қосылғыштарының бірі 2,3,4,5 сандары болатын жағдайлардағы санның құрамын есте
сақтауға бола кӛңіл бӛлінеді және сәйкес азайтуды сол білімді қолдануға машықтандыру кӛзделеді.
Қорытынды нәтиже – қосу кестесінің 16 теңдігін жатқа білдіріп шығару, яғни
2+2=4
...
8+2=10
3+3=6
...
7+3=10
4+4=8
...
6+4=10
5+5=10
және осы теңдіктердегі азайтудың сәйкес жағдайларына
нәтижені қатесіз
табу үшін қолдануға
қатысты білік қалыптастыру болып табылады.
Кестелік жағдайларды оқытудың келесі сатысында 5,6,7,8,9 сандарын қосу және азайту тәсілдері
қарастырылады. Бұл жағдайлардағы қосу - сандардың орындарын ауыстырып
қосуға болатындығына
сүйеніп, яғни санның құрамы жайындағы білімнің негізінде орындалады. Сонымен, қосуға берілген бір ғана
мысалдың нәтижесін біле отырып, 3 мысалдың нәтижесін табудың үлгісі кӛрсетіледі, бұған оқушылар
жаттығуы тиіс. Сонда ғана қосу кестесін жақсы есте сақтайды және оны қолдануға қатысты сәйкес білік пен
дағды қалыптасады. Мысалы, 2+8 ұсынылса, олар 8+2 мысалын
құруы тиіс, яғни
8+2=10
10+2=8
10-8=2
Осындай түсіндірмелер қосу және азайту амалдарының ӛзара байланысын аша түседі және олардың
ӛзара кері амалдар екенін аңғартады.
Кестелік қосу және азайтуды оқытып-үйретудің соңына қарай 10 санынан азайту жағдайларына
арнайы тоқталып ӛту кӛзделеді. Себебі, бұл саннан кез-келген бір таңбалы санды азайтуға болады. Осыған
орай 10 санының құрамының барлық жағдайлары 10-нан санды азайту кезінде қолданыс табады және 10-
9,10-8,10-7,10-6,10-5,10-4,10-3,10-2,10-1,10-0,
10-10 мысалдары шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: