№6дәріс
Дәріс тақырыбы: Қалыптастырушы бағалау үдерісі
Дәріс мазмұны:
1. Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру
2. Кері байланыс беру
3. Қалыптастырушы бағалау нәтижелерінің талдауы
Қалыптастырушы бағалау – оқушының оқу нәтижесінің үнемі ілгерілеп
және дамып отыруына ықпал
ететін, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланысын қаматамасыз ететін үдеріс.
Сабақ беру мен оқытуды тиімді түрде ұйымдастыру үшін әр оқушының ілгерілеуі мен ағымдағы түсіну
деңгейін үнемі анықтап отыру маңызды. Ол қалыптастырушы бағалауда іске асырылып отырады және
оқушының оқу жетістіктері туралы шешім қабылдауға мүмкіндіктер тудырады.
Қалыптастырушы бағалау оқыту мен оқудың біртұтас құрамдас бӛлігі болып, қосымша
жаттығулар мен
тест тапсырмалары түрінде қабылданбауы тиіс.
Қалыптастырушы бағалау үдерісі тӛменгі кезеңдерден тұрады:
-
Оқушыларды анықталған оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерімен таныстыру.
-
Оқушылардың нені және қандай деңгейде түсінгендігін анықтайтын дәлелдемелердің
кӛрсеткіші бола
алатын тиімді орта тудыру немесе олардың басқа іс-әрекеттерін ұйымдастыру.
-
Оқушының дамуына ықпалын тигізетін тиімді кері байланыс беріп отыру.
-
Оқушыларды бір-біріне ӛзара оқыту кӛзі бола алатындай ынтымақтастандыру.
-
Оқушы ӛз оқуы барысында ӛзін «құрастырушы» ретінде қабылдау.
Әр сыныпта сабақ беру үдерісінде мұғалім оқу бағдарламасындағы барлық оқыту мақсаттарын қамтуы
керек. Пәндер бойынша оқу жоспарында барлық оқу мақсаттары үшін ұсынылатын іс-әрекеттер берілген.
Бағалау үдерісін тиімді түрде ӛткізу үшін мұғалімге:
-
оқу мақсатына сәйкес бағалау критерийлерін нақты құрастыру;
-
тапсырмаларды бағалау критерийлеріне сай құрастыру және
дескрипторларын анықтау;
-
оқушыларға тиімді кері байланыс беру ұсынылады.
Бағалау критерийлері оқу мақсатында не кӛрсетілсе, тек соны ғана бағалайды және Блум
таксономиясыда берілген алты ойлау дағдыларының деңгейлерін - білу мен түсіну, қолдану, анализ, синтез
және бағалауды кӛрсетеді. Мұғалімнің бағалау критерийлерін оқу мақсаттарына сәйкестендіріп, нақтылап
дайындауы маңызды.
Одан кейін мұғалім бағалау
критерийлерін сәйкестендіріп, оқушылардың жеке ерекшеліктерін, оқу
мазмұнын ескеріп, тапсырма және оның дескрипторларын құрастырады.
Дескрипторлар тапсырманы
орындаудағы оқушы қадамын нақтылайды, нәтижеге жету жолын анықтайды, сондықтан олардың түсінікті
болуы қажет.
Кері байланыс әрекеті сабақтың әр кезеңінде қолданылып, мұғалімнің оқушымен үздіксіз
қарым-
қатынаста болып, оқыту үдерісін ары қарай жоспарлауға және түзетіп отыруға жағдай тудырады.
Оқушыларға кері байланыс беру барысында мұғалімге тӛмендегілер ұсынылады:
•ненің дұрыс емес екендігін, оны ары қарай қалай түзету керектігі
туралы ақпарат бермей тұрып,
«дұрыс емес», «қате» сӛздерін қолданбау қажет;
• ненің дұрыс/ненің бұрыс екендігін түсіндіріп айту қажет;
• қателікті түзету және дұрыс жауапты жақсарту жолдарын кӛрсету қажет;
• жіберілген қателік туралы тӛменгі ақпарат беру:
- қателіктің орны
- қателік түрі
- оны түзету үшін қажетті іс-әрекеттер ұсынылуы қажет;
• оқушы жауабын мазақ етіп, жағымсыз түсіндірме беруге, мысалы, «мисыздың жауабы», «бұған қалай
ғана ақылың жетті?» деген анайы сӛздерді қолданбау керек. Осындай сӛздер оқушылардың жеке тұлғасына
кері әсер етеді. Тиімді түрде ұйымдастырылған кері байланыс мұғалімге оқыту үдерісінің қалай жүріп
жатқандығы туралы, оқушыға алға ілгерілеуі туралы және ары қарай нәтижені жақсарту үшін түзетуді
жоспарлау туралы ақпарат береді, ал оқушыға оның алдында туындайтын 3 сұраққа жауап алу мүмкіндігін
береді:
Мен оқытудың қай кезеңінде тұрмын?
Нәтижелерге қалай жетемін?
Қателігімді түзету үшін ары қарай не істеуім қажет?
Достарыңызбен бөлісу: