№15дәріс Дәріс тақырыбы: Алгебра элементтері.
(1-4 сынып)
Дәріс мазмұны: 1.
Ӛрнектердің түрлері, оларды құру, оқу, жазу, мәнін табу, салыстыру.
2.
Теңдеулер және оларды шешу.
Алгебра элементтерінің қатарына жататын «теңдік», «теңсіздік», «ӛрнек», «ӛрнектің мәні» сияқты
түсініктер сандар мен шамалар және олармен жүргізілетін амалдар, салыстыру сияқты мәселелермен тығыз
байланыста қарастырылады. Сандарды салыстыру – кӛрнекілікке сүйеніп, қайсы топта заттардың артық, кем
немесе сонша екенін тағайындаумен байланыстырылады және салыстырудың нәтижесі қатынас
таңбаларының (=,>,<) кӛмегімен жазылып кӛрсетіледі, ал шыққан жазулар сәйкес «теңдік» немесе
«теңсіздік» деп аталатыны айтылады.
Сандарды және амал таңбаларын пайдаланып орындалған жазу - ӛрнек болып табылады. Амалды
орындағанда шыққан нәтиже - ӛрнектің мәні деп аталады. «Қосынды» деп «+» таңбасы және сандарды, ал
«айырма» деп «-» таңбасы және сандарды пайдаланып орындаған жазуды айтады. Амалдың нәтижесінде
шыққан санды сәйкесінше «қосындының мәні», «айырманың мәні» деп атайды.
2. Санды ӛрнектермен жүргізілетін жұмыстардың табиғи жалғасы ретінде әріпті ӛрнек жайында
түсінік қалыптастырылады. Мұнда құрамында бір ғана әріп болатын әр алуан қосындылар мен айырмалар
құруға, әріптің берілген мәндерінде олардың мәндерінтабуға, оларды оқуға және жазуға қатысты білік пен
дағдылардың негізін қалаумен шектелу кӛзделеді. Әріптің мәні белгісіз болса, әріпті ӛрнектің мәнін табу
мүмкін емес, сондай-ақ әріптің әрбір мәніне әріпті ӛрнектің бір ғана мәні сәйкес келеді, яғни әріптің мәні
ӛзгерсе, әріпті ӛрнектің мәні де ӛзгереді.
Сандарды және амал таңбаларын, әріптерді пайдаланып орындалған жазу әріпті ӛрнек болып
табылады.
Теңдеу – құрамында әріпті ӛрнек болатын теңдік түрінде енгізіледі және сол теңдікті тура санды
теңдікке айналдыратын әріптің мәнін табу міндетті деп есептеледі. Яғни, әріпті ӛрнектен, саннан, теңдік
белгісінен құралған жазу теңдеу болып табылады. Теңдеудің шешімі- теңдеуді тура санды теңдікке
айналдыратын әріптің мәні. Теңдеу болу үшін әріпті ӛрнек пен ӛрнектің мәні теңдік таңбасымен
жалғастырылып жазылуы тиіс. Сонда теңдіктің сол жақ және оң жақ бӛліктері болады. Мысалы, а+2=6
теңдеуі берілсе, қандай санға 2-ні қосқанда 6 шығатынын табу керек. Сол санды іздестіреміз, яғни ӛзімізге
белгілі сандарды біртіндеп сынап кӛреміз. а=4 болғанда тура санды теңдік шығады. Яғни теңдеудің шешімі
а=4. Басқа да қарапайым теңдеулер осыған ұқсас «сынап кӛру» тәсілімен шешіледі.