табу арқылы жүргізуге болады. Ал қосындының мәнін санға кӛбейту қиындық келтіретін жағдайларда
қосылғыштарды санға жеке-жеке бӛліп, бӛлінділер мәндерінің қосындысын табумен шектелу керек. Ал
қосылғыштар санға жеке-жеке бӛлінбеген жағдайларда олардың қосындыларының мәнін санға бӛлуге тура
келеді.
Қосындыны құрайтын қосылғыштар әр түрлі болуы мүмкін: 1) ондықтар мен бірліктердің
әрқайсысы, сондай-ақ жүздіктер, ондықтар мен бірліктердің әрқайсысы, яғни разрядтық қосылғыштар санға
бӛлінеді; 2) қосылғыштар кез-келген сандар және олардың әрқайсысы, яғни ыңғайлы қосылғыштар санға
бӛлінеді.
Санды разрядтық қосылғыштардың қосындысына (егер олардың әрқайсысы санға бӛлінсе)
келтіреді немесе санды ыңғайлы қосылғыштардың қосындысына (егер разрядтық қосылғыштар санға
бӛлінбесе) келтіреді. Оқушыларды осы екі тәсілге машықтандырған жӛн.
Достарыңызбен бөлісу: