Білім беру бағдарламасы: Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі Құрастырушы: аға оқытушы, магистр Ерниязова С. Н. Орал, 2019 ж



Pdf көрінісі
бет29/63
Дата13.07.2023
өлшемі1,6 Mb.
#104318
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   63
№24дәріс
Дәріс тақырыбы
Қатынастың мән-мағынасын ашуға арналған жай есептер 
Дәріс мазмұны: 
1.
Санды бірнеше бірлікке арттыру және кеміту 
2.
 
Сандарды айырмалық салыстыру
 
3.
 
Санды бірнеше есе арттыру және кеміту 
 
4.
 
Сандарды еселік салыстыру
 
 
1. 
Санды бірнеше бірлікке арттыру
(тура түрі): 
«Серік бірінші күні 2 кітап, ал екінші күні одан 3 кітап артық кітап түптеді. Серік екінші күні неше кітап 
түптеді?» 

-
2 кт. 
3 + 2 = 5 (кт.) 
II - ?, 3-еуі артық
Жауабы: екінші күні 5 кітап. 
2. 
Санды бірнеше бірлікке кеміту 
(тура түрі): 
«Бірінші үйде 8 тұрғын, ал екінші үйде 3 - еуі кем тұрғын бар. Екінші үйде неше тұрғын бар?» 
I - 8 т. 
8 - 3 = 5 (т.) 
II — ?,3 - еуі кем Жауабы: екінші үйде 5 тұрғын бар. 

Сандарды айырмалық салыстыру:
1) "
нешеуі артық
": «Бір бумада 10 дәптер, ал екіншісінде - 6 дәптер бар. Бірінші бумада екіншіге қарағанда 
неше дәптер артық?» 
I -10 д. ↑ ? артық 
10 - 6 = 4 (д.)
II – 6 д.
Жауабы : 4 дәптер артық. 
2) «
нешеуі кем
»: «Бір үйде 10 аптада, ал екіншісін 8 аптада салды. Екінші үйді салуға неше апта кем 
жұмсалды?» 
I – 10 а.
10 - 8 = 2 (а.) 
II – 8 а. ↓ ? кем
Жауабы: 2 апта кем. 

Санды бірнеше бірлікке арттыру
(жанама түрі): 
« Бір қорапта 10 қарындаш, екіншісіне қарағанда оның 3 - еуі кем. Екінші қорапта неше қарындаш бар?» 
I - 10 қ., оның 3-еуі кем 
10 + 3 = 13 (қ.) 
II - ? қ. 
Жауабы: екінші қорапта 13 қарындаш бар. 
5.
 
 Санды бірнеше бірлікке кеміту
(жанама түрі) 
«Бірінші автотұрақта 7 машина бар, оның екіншідегіден 2-еуі артық. Екінші автотұрақта неше машина бар?» 
I - 7 м., оның 2-еуі артық 7 - 2 = 5 (м.) 
II - ?(м.) Жауабы: екінші автотұрақта 5 машина бар. 
6.
 
Санды бірнеше есе арттыру
(тура түрі): 
« Омардың 4 қарындашы бар, ал Арманның қарындашы одан 2 есе артық. Арманның қарындашы 
нешеу?» 
О. - 4 қ. 
4∙2 = 8 (қ.) 
А - ?, 2 есе артық 
Жауабы: 8 қарындаш 
7.
 
Санды бірнеше есе кеміту 
(тура түрі.): 
«Туристер бірінші күні 20км, ал екінші күні 2 есе кем жүрді. Туристер екінші күні неше км жол жүрді ?» 


I - 20 км 
20 : 2 = 10 (км) 
II - ?, 2 есе кем 
Жауабы: 10 километр 

Сандарды еселік салыстыру

1) «
Неше есе артық
?»: Қыз балалар 15 жалауша, ал ұл балалар 5 жалауша жасады. Қыз балалар неше есе 
артық жалауша жасады? 
Қ. - 15 ж. ↑ 
? есе артық 
15 : 5 = 3 (есе) 
Ұ. - 5 ж.
Жауабы: 3 есе артық 
2) «неше есе кем?»: «Ағасы 20 жаста, ал қарындасы 10 жаста. Қарындасының жасы неше есе кем?» 
А. — 20 ж.
20 : 10 = 2 (есе) 
Қ. — 10 ж. ↓ ? есе кем
Жауабы: 2 есе кем 

Санды бірнеше есе арттыру
(жанама түрі): 
«Бір метр сәтен 90 тг, ол бір метр жібектен 3 есе арзан. бір метр жібек неше теңге тұрады ?» 
С. - 90 тг , 3 есе арзан 
90 ∙ 3 = 270 (тг) 
Ж. - ? (тг) 
Жауабы: 
270 теңге. 
10
Санды бірнеше есе кеміту 
(жанама түрі): 
«Альбом 96 теңге тұрады, ол дәптерден 8 есе артық. Дәптер неше теңге тұрады?» 
А. - 96 тг , бұл 8 есе артық 
96 : 8 = 12 (тг) 
Д. - ? (тг) 
Жауабы: 12 теңге. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет