Білім беру бағдарламасы «Бейорганикалық химия ii»


Әлсіз қышқыл және оның түзынан түратын буферлі ерітінділер



бет3/7
Дата14.03.2022
өлшемі266,98 Kb.
#27867
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
N6 Буферлі ерітінділер

Әлсіз қышқыл және оның түзынан түратын буферлі ерітінділер

Буферлі ерітінділерде сутектік көрсеткіш мәнінің сұйылтқанда немесе қышқыл, негіз қосылғанда тұрақты болып келуі, сол қарастырып отырған жүйеде орнаған қышқылды - негіздік тепе-тендіктің ығысып, сутек иондарының концентрациясын тұрақты етіп тұруынан туындайды.



Мысалы, сірке қышқылымен оның тұзы натрий ацетатының буферлі қоспасына аздаған күшті тұз қышқылын қосалық. Осы арада, тұз қышқылы, буферлі ерітіндідегі орнаған төмендегі тепе-теңдікті ығыстырады:

Ле-Шателье шарты бойынша қосылған тұз қышқылының сутек иондары ацетат иондарымен қосылып, сірке қышқылының тузілу жағына тепе-теңдікті ығыстырады, яғни өзгеріс мына бағытта орындалады:



Ал, хлор иондары натрий иондарыменбайланысады, яғни:



Осы буферлі ерітіндіге негіз қосылған жағдайда, сілтінін ОН- - иондары қышқылмен әрекеттесіп су түзеді, яғни әлсіз қышқылдың тепе-теңдігі диссоциациялану бағытына қарай ығысады:



Қарастырып отырған мысалымыздан байқағанымыз: буферлі ерітінділерге қосылған қышқыл, сілтінің сутектік көрсеткішті бірден өзгертіп жібермеуі - аз диссоциацияланатын заттың түзіліп, тепе-теңдік ығысумен түсіндіріледі.



Енді, осы сірке қышқылының ионға ыдырауының тепе-теңдік константа өрнегінен, сутектік көрсеткішті анықталық. Ол үшін төмендегідей теңдіктер жазамыз:

Сірке қышқылы әлсіз электролит болғандықтан оның концентрациясын Cқышқ=[CH3COOH] деп қабылдаймыз. Қышқылмен аттас тұз ионы - ацетат ионның концентрациясы тұз ерітіндісінің концентрациясына  тең, яғни Cтұз=[CH3COO-] .   Демек, буферлі ерітінді бойындағы сутек концентрациясы үшін мына тендік орынды:



Мұндағы индекстегі "А" - асіd – қышқыл дегенді білдіреді.



Өзімізге таныс сутектік көрсеткіш түріне келтіріп жазалық:





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет