Білім беру бағдарламасы біліктілігі: 81602 Химиялық талдау зертханашысы


Өндірістік оқыту мен кәсіби практиканы (төселімді) ұйымдастыру мынадай пунктерден тұрады



бет5/8
Дата16.02.2023
өлшемі214,64 Kb.
#68332
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Өндірістік оқыту мен кәсіби практиканы (төселімді) ұйымдастыру мынадай пунктерден тұрады:

  • Дағдыларды қалыптастыруға арналған оқу және өндірістік жұмыстар (зертханалар мен шеберханаларда өндірістік оқыту)

  • Дағдыны дамытуға арналған оқыту мен өндірістік жұмыстар (өндірістік оқулар -оқу зертханалары мен шеберханаларда , кәсіптік практика және оқу - өндірісте )

  • Кәсіби төселім (технологиялық, дипломалдылық)

Әрбір төселім ұзақтығы «техник-технолог» біліктілігі бар маман біліктілігі бейінінің талаптарына сәйкес анықталады.

Кәсіптік төселімнің мазмұны мен мерзімі «техник-технолог» біліктілігі бар маман жұмысшының сипаттамасы бойынша анықталады.


Өндірістік оқулар оқу шеберханаларында білікті жетекші мен тәжірибелі нұсқаушының басқаруымен жүреді. Студенттер төселім өту барысында біліктілік деңгейін анықтайтын өзара байланысты нақты жұмыстар санын меңгеруі тиіс
Кәсіби төселім сәйкес ұжымда, жұмыс орнында жүреді және оқу барысында, төселімдік тәжірибеде және кәсіби құзіреттілікте алған білімін нығайтуға бағытталады.«Техник-технолог» біліктілігі үшін үшінші оқу жылының екінші семестрінде жағдай жасалған және жұмысқа рұқсаттама анықталған орындарда өтуі тиіс. Студенттерге оқу бағдарламасына сай нұсқау беріп, бақылап отыратын жауапты «тәжірибелі қызметкер» қатысуы керек.Кәсіптік төселімді ұйымдастыруды нақтылау компания мен білім беру мекемесінің және студенттің арасында жасалған келісім шарттың бөлімдерінде жазылуы тиіс. Жұмыс беруші-компаниялар кәсіби төселімге мамандарды қабылдау бойынша негізгі пәндерден алған орташа жалпы баллдарына қарай отырып, талаптарды дербес бекітеді
Аралық емтихандар оқу жылының соңында өткізіледі.Аралық емтихандардың саны біліктілік деңгейіне байланысты болады (мысалы, 5 біліктілік үшін үш аралық емтихан бар, бірі –бірінші жыл соңында, екіншісі-екінші жыл соңында, үшіншісі –үшінші жыл соңында).
Аралық емтихандар ұзақтығы 8 сағатты құрайды және жазба түрінде жүргізіледі.
Аралық емтихан (дар) екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде сол оқу жылына сәйкес модульдер мазмұны бейнеленеді. Екінші бөлімде дайындық деңгейіне сай келетін тапсырмалар мен есептер беріледі. (3,4 және 5 деңгей).

Аралық емтиханның мазмұны студенттің осы оқу жылында оқыған модульдер мазмұны арқылы анықталады. Сонымен қатар, есептер мен тапсырмалар кәсіби дайындық деңгейін бейнелейтіндей шамада анықталуы тиіс (3,4 немесе 5 деңгей).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет