Білім беру бағдарламасы біліктілігі: 81602 Химиялық талдау зертханашысы



бет4/8
Дата16.02.2023
өлшемі214,64 Kb.
#68332
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
44-Химиялық-технология-және-өндіріс-мамандығы-бойынша

«Техник-технолог» (4 деңгей)


  • Химиялық өңдеу технологиясын жүзеге асыру, өндірістік жұмыстар мен үдерістерді бақылау, өндіріс тізбегіндегі пәнаралық өзара әрекеттестік.

  • Химиялық өндіріс ағымын құжаттандыру және бақылау, мониторинг

  • Әр түрлі өнімдерді өңдеуде және өндіруде талап етілетін құжаттандыру кезеңі және тексеру, жоспарлау, ағылшын тіліндегі нұсқаулықпен жұмыс

  • Үдерістердің жайлы өтуін қамтамасыз ету үшін командамен жұмыс істеу

  • Қызмет көрсетуде, ақауларды жоюда, жөндеуге алдын ала дайындық жұмыстары кезінде білікті қызметкерлермен ынтымақтастық (мысалы, өнеркәсіптегі механикпен, автоматтандыру технологиясындағы техник-электроникпен)

  • өнеркәсіптік өңдеу кезінде заттар қасиеті мен параметрін анықтау

  • Станоктарды бақылау үшін үдерісті бақылау жүйесін және компьютерлерді қолдану, құжаттама жүргізу, ақпарат алу, логистикалық және ұйымдастыру мақсатында мәліметтерді өңдеу

  • Жұмыс орнындағы қауіпсіздік, қоршаған ортаны және денсаулықты қорғау ережелеріне сәйкес «жауапкершілік аясында» әрекет ету және сапа бақылау

  1. «Химиялық өндірістің кіші инженері» (5-ші деңгей)


4-ші деңгей емтихандарынан және қосымша курстар мен емтихандардан өткен студенттер үшін «Химиялық өндірістің кіші инженерінің» 5 деңгейіне өту мүмкіндігі қарастырылған. Соның нәтижесінде төмендегі арнайы құзіреттілікке қол жеткізе алады:





  • Командамен жұмыс істеуді, сонымен қатар қауіпті жағдайларда жұмыс жүргізуді жоспарлау және ұйымдастыру

  • Жұмыс нәтижесін бағалау

  • Кәсіпорында бақылау жүргізу үшін, деректерді өңдеу және жаңарту, құжаттамалар жүргізу, логистикалық және ақпараттық мақсатта ақпарат алу үшін үдерістерді бақылау жүйесін және компьютерлерді қолдану.

  • Бизнес-үдерістерді және сапаны басқаруды ұйымдастыру

  • Клиенттерді қолдау және кеңес беру

ТжКБ білім беру бағдарламасы бойынша күндізгі оқудың нормативтік ұзақтығы толық орта білім негізінде (аккредитация/сертификация) төмендегіні құрайды:



  • 3деңгей: 1 жыл 10 ай

  • 4 деңгей: 2 жыл 10 ай

  • 5 деңгей: 3 жыл 6 ай





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет