9.4 Модуль бойынша оқу нәтижелері және бағалау критерийлері 9-Модульді оқу кезінде алынған білімдерді бағалауға арналған үлгі сұрақтар «Элеваторлы, ұн, жармалық және құрама жем өндіру» 1216000 мамандығы бойынша «Студенттердің білім беру бағдарламасын меңгеруін тексеру мақсатында ағымдағы және қорытынды бақылауды жүргізуге арналған бақылау-өлшеуіш материалдардың жиынтығында» келтірілген.
Оқытушылар Модульді аяқтағаннан кейін, кейбір сұрақтардың санын (мысалы, 25) таңдап, 45 минутқа сабақтың тексеру жұмысын ұйымдастыру үшін келтірілген тізімді кеңейту және толтыру қажет. Тексеру жұмысы мүмкін балдардың жалпы санының 50 % алған кезде орындалған болып саналады.
Бұдан басқа, Модуль шегінде оқытушы оқу материалын игеруін тексеру үшін, өз қалауынша, екі қысқа сауалнама жүргізеді.
9.5 Басқа модульдермен қатынасы, модульді оқудың негізгі талаптары 9-Модульге өтудің негізі болып 1-4 Модульдерін оқу кезінде алынған негізгі білім, 8-Модульдегі шикізат, жартылай фабрикаттар мен дайын өнімді бөлу және араластыру туралы мамандырылған білімі, 7-Модульдегі шикізат пен жартылай фабрикаттарды ұсақтау жайлы, 6-Модульдегі шикізат пен жартылай фабрикаттарды дайындау туралы және 5-Модульдегі мөлшерлеу әдістері туралы білімнің болуы табылады.
Мазмұны жағынан, сондай-ақ, жүйелеу жағынан, 9-12-Модульдері тар көлемді кәсіптік (мамандырылған модульдер) бағыттылығына ие. Осы модульдерді бөлек оқыту мүмкін емес, себебі олар бірыңғай дидактикалық блокты құрайды. Оқудың мақсаты оқушылардың құзыретін жүйелі түрде арттыру. Келесі мамандырылған Модульдердің мақсаты оқушыларға мамандандырылған білім беру, өздерінің кәсіптік қызмет шегінде өздігінен міндеттерді жоспарлау, орындау және бағалауға үйрету.
Өнім туралы мамандандырылған білім беру шегіндегі Модульдер (мамандандырылған модульдер) ұн және ұн өнімдерін, құрама жемдердің, арнайы өнімдерді дайындауға және сапа менеждменті мен сапамен қамтамасыз етуге арналған.