Ф-19-06/07 Білім беру бағдарламасы пәндерінің оқыту нәтижелері мен сипаттамалары
Пәннің атауы
Сипаттама
Оқыту нәтижелерінің коды
KТ 1101
Қазақстан тарихы
Қазақстанның қазіргі заман тарихы - тарихи кезеңдер туралы шынайы, толық білім беру, мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы, ондағы тарихи-мәдени үдерістердің үздіксіздігі мен сабақтастығы, Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттілік пен өркениеттердің эволюциясына, тарихтың сабақтары мен заңдарын тұтастай және объективті түрде қарастыруды көздеген қазіргі Отан тарихының ғылыми-негізді тұжырымдамасын жасауға білім алушылардың назарынаудару.
ON1
ON2
ON3
ON4
ON7
ShT 1102
Шетел тілі
Шетел тілін үйрену, ең алдымен, қалыптасқан шеттілдік коммуникативті құзыреттілікті студенттің бейінді бағытының және өзін-өзі анықтаудың құралы ретінде шет тілін қолдануды қамтамасыз ететін оның барлық құрауыштарының бірлігінде тілдік, сөйлеу, мәдени-әлеуметтік, оқу-танымдық құзыреттіліктерді әрі қарай дамыту және жетілдіруге бағытталған.
ON 3
ON 5
ON 8
K(O)T 1103
Қазақ (орыс) тілі
Болашақ мамандардың орыс тілі бойынша коммуникативтік құзыреттіктерін қалыптастыру, ғылыми саладағы нақты сөйлеу жағдайларында нақты коммуникативтік тапсырмаларға қол жеткізудің лингвистикалық құралдарын пайдалана білу, базалық деңгейдегі білім беру процесінде студенттердің тілдік емес мамандықтардың мәдениетаралық және коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру.
ON 3
ON 5
ON 8
DSh 1(2)104
Дене шынықтыру
Денсаулықты сақтау, нығайтуды қамтамасыз ететін студенттердің әлеуметтік-жеке тұлғалық құзыреттіліктерін және дене шынықтырудың құралдары мен әдістерін мақсатты түрде пайдалану қабілеттерін қалыптастыру. Дене шынықтыру мен спорттың әлеуметтік-мәдени тәжірибесі мен әлеуметтік-мәдени құндылықтарын дамыту бойынша әртүрлі дағдылар мен қабілеттерге ие болуды қамтамасыз етеді
ON 3
ON 5
ON 6
ON 7
ON 11
Ale, saya 2105
Әлеуметтану, саясаттану
«Болашаққа бағдар: қоғамдық сананың жаңғыруы» мемлекеттік бағдарламасында айқындалған қоғамдық сананы жаңғырту міндеттерін шешу мән-мәтінінде (контекстінде) білім алушылардың әлеуметтік-гуманитарлық дүниетанымын қалыптастыру, негізгі әлеуметтік- саяси, гуманитарлық ұғымдарды, қоғам мен оның кіші жүйелерін зерттеуге арналған теориялар мен тәсілдерді меңгеру болып табылады.
ON 2
ON 3
ON 4
ON 5
ON 7
ON 13
Mad, psi 2106
Мәдениеттану, психология
Студенттерге мәдениеттің мәнін және қызметін анықтау ыңғайларының көптүрлілігін, мәдениетті аксиологиялық, өркениеттік, құрылымдық, антропологиялық, экономикалық мәдени бағыттарын түсіндіру. Психологиялық құбылыстарды жүйелі талдау іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру негізінде олардың психологиялық ойлауын дамытуды, сонымен қатар, болашақ мұғалімдердің психологиялық даярлығын күшейтуге мүмкіндік береді.
Қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды әр-түрлі салалардағы кәсіби қызметте, ғылыми және тәжірибелік жұмыс үшін, өздігінен білім алу және басқа да мақсаттарда пайдалануда студенттердің кәсіби және тұлғалық құзыреттіліктерін игеруге мүмкіндік береді. Кәсіби білімдерін кеңейту үшін электрондық оқытудың түрлі нысандарын пайдалануға, ақпараттарды іздеу және өңдеуге арналған ақпараттықтелекоммуникациялық технологияларды қолдануға машықтанады.
ON 3
ON 5
ON 9
Fil 2108
Философия
Студенттердің дүниені танып-білудің ерекше формасы ретінде түсінуін қалыптастырып, қоғамдық сананы жаңартудағы және қазіргі заманның жаһандық міндеттерін шешудегі философияның рөлін түсіну аясында білім алушылардың филосо-фиялық көзқарастық және әдістемелік мәдениет негіздерінигеру арқылы философиялық рефлексияны, өзін-өзі сараптау және адамгершіліктік қасиеттерді реттеу болып табылады.
ON 2
ON 3
ON 6
Img 2109
Экономика негіздері
Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері-Төтенше жағдайлар кезінде адамның мекендеу ортасымен (өндірістік, тұрмыстық, қалалық, Табиғи) қауіпсіз өзара іс-қимыл жасау, шаруашылық жүргізу объектілерінің (ұйымдардың) тұрақты жұмыс істеу тәсілдерін, жағымсыз факторлардан қорғау, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен олардың салдарларын жою және оларды қолданудан қорғау мәселелерін зерделейтін жоғары мектеп пәні қазіргі заманғы зақымдау құралдары..
ON 2
ON 3
ON 4
ON 6
ON 7
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың тарихи проблемаларын, тұрақтылықтың шығу тегі, себептерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, адамгершілік-этикалық аспектілерін түсіндіру.
Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері-Төтенше жағдайлар кезінде адамның мекендеу ортасымен (өндірістік, тұрмыстық, қалалық, Табиғи) қауіпсіз өзара іс-қимыл жасау, шаруашылық жүргізу объектілерінің (ұйымдардың) тұрақты жұмыс істеу тәсілдерін, жағымсыз факторлардан қорғау, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен олардың салдарларын жою және оларды қолданудан қорғау мәселелерін зерделейтін жоғары мектеп пәні қазіргі заманғы зақымдау құралдары..
KD 2109
Кәсіпкерлік дағдылар
Кәсіпкерлік қабілет-адамның өнімді өндіру үшін ресурстардың белгілі бір комбинациясын пайдалану, тривиалды емес шешім қабылдау, инновациялар жасау және тәуекелге бару қабілетін қалыптастыру және адамдарды жақсы басқаруды, басқарудың құпияларын, қызметкерлерді ынталандыруды, дамытуға үйрету.
ZhZhN 2109
Ғылыми-зерттеу әдістерін қалыптастыру/
Ғылым-бағытталған адам қызметінің саласы шындық туралы объективті білімді дамыту және жүйелеу. Бұл қызметтің негізі фактілерді жинау, оларды үнемі жаңартып отыру және жүйелеу, сыни талдау және осы негізде жаңа білімді синтездеу немесе жалпылау, олар тек байқалатын табиғи немесе әлеуметтік құбылыстар, сонымен қатар себеп-салдар құруға мүмкіндік береді болжаудың түпкі мақсатымен байланыс
Ped 2203
Педагогика
Бүгінгі күннің талабына сай педагогикалық оқу орындары студенттеріне тәрбиенің гуманистік дәстүр ерекшеліктерін ескере отырып, педагогика ғылымдарының теориялық негіздерімен қаруландыру, тәрбие мен оқыту процесін нәтижелі ұйымдастыруға қажетті педагогикалық білім, білік және дағды жүйесін қалыптастырады.
ON 4
ON 6
ON 7
IBB 3207
Инклюзивті білім беру
Білім беру жүйесін жаңғыртудың заманауи жағдайындағы инклюзивті білім беру мәселесі жоғары оқу орындарына инклюзивті білім беру мамандарын дайындау міндетін жүктеп отыр. Инклюзивтік білім берудің ерекшелігі – білім беру процесін жобалау мен ерекше білім беру қажеттілігі бар балаға жеке оқу маршрутын құра білу және инклюзивті білім беруді ұйымдастыруға қабілетті кадрларды дайындайды
ON 6
ON 11
ON 13
OFD 1201
Оқушылардың физиологиялық дамуы
Оқушылардың физиологиялық- психологиялық тұрғыдан даму заңдылықтарының негізінде балалар мен жасөспірімдердің анатомия-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктеріне, жеке басының қалыптасуына, денсаулығын сақтауға, нығайтуға қатысты мәселелер қарастырылады. Оқушылардың қабілеттерін айқындау мен дамыту, оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты бекіту біліктілігін қалыптастырудың және балалардың денсаулығын қорғау, дене шынықтыру, еңбекке баулу жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері сипатталады.
ON 4
ON 5
TZhTA 2204
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Пəннің мақсаты- тəрбие үдерісінің негіздерін жəне тəрбиелік іс-əрекеттің əдістемесі мен технологиясын танып білуде болашақ мұғалімдердің кəсіби-педагогикалық құзыреттіліктігін қалыптастыру. Пәннің міндеті: тəрбиенің дəстүрлі əдістемесі жəне қазіргі заманғы технологиясын пайдалану мен сынып жетекшісі іс-əрекетін іске асыру үшін болашақ мұғалімдер де жалпы педагогикалық, əлеуметтік-тұлғалық жəне пəндік құзыреттіліктерді қалыптастыру жəне дамыту; болашақ мұғалімдердің оқушылар мен жүргізілетін тəрбие жұмыстарында үздіксіз кəсіби жетілуіне жəне креативтілігін дамытуға ұстанымын қалыптастыру.
ON 2
ON 3
ON 6
BBM 2205
Білім берудегі менеджмент
«Білім беру менеджмент» пәнін меңгеру барысында алынған теориялық білім мен практи калық дағдылар студенттерді өз бетінше және жоғары деңгейде нақты басқару міндеттерін шешу, тұтас педагогтік үдеріс субъектілерін оқу-тәрбие, оқу танымдық және өз бетімен білім алу әрекетіндегі төмен нәтиже көрсету себептерін анықтау біліктерімен қаматамасыз етеді.
ON 1
ON 3
ON 4
BKT 2206
Бағалаудың өлшемдік технологиялары
Бағдарламаның құрылымы, оқыту мақсаттары және міндеттерімен, педагогикалық әдістермен танысады. Блум таксономиясының таным деңгейлерін анықтай алады, ресурстарды, кері байланысты тиімді пайдаланады, оқыту мақсаттарына қол жеткізу үшін сыни ойлауда критериалды бағалау жүйелерін қолдануда XXI ғасыр дағдыларын ескереді, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
ON 2
ON 6
ON 7
Жалпы биология
Пән тірі организмдердің өмірін, оның заңдылықтары мен көрініс беру формаларын, тіршілік етуі мен кеңістікте таралуын қарастырады. Ол тіршіліктің пайда болуы, оның мәнін, дамуын, өзара байланыстарын, көптүрлілігін зерттейді. Курс студенттердің биологиялық білімдерін кеңейту мен тереңдетуге және жаратылыстану-ғылыми әлем тануына бағытталған.
ON 1
ON 2
ON 8
BPATOA 3208
Биологияны оқыту әдістемесі
Биологияны оқыту әдістемесі пәні, биологияны мектепте оқыту мақсаты мен міндеттері, ұстанымдары, әдістері, қалыптары және мазмұны, ұғымдарды қалыптастыру, сабақты және сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізу, бейіндік оқыту, білімін практикада қолдану мәселелері қарастырылады. Сабақ жоспарын жасау, пәнаралық білімдерді интеграциялау, ақпараттық мәдениет көрсету, білім беруде инновациялық технологияларды қолдану жолдары сипатталады.
ON 2
ON 5
ON 6
ON 8
Os Zoo 1209
Омыртқасыздар зоологиясы
Пән жануарлар дүниесінің алуан түрлілігі, филогениясы, ұйымдасуы, экологиясы және омыртқасыз жануарлардың негізгі таксондарының практикалық маңызы қарастырылады. Курс студенттердің биологиялық білімін кеңейтуге және тереңдетуге, жаратылыстану-ғылыми дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған. Зоологияның ғылымдағы орны мен рөлін дәйектеу және тұлғааралық қарым-қатынаста коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету, пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.
ON 1
ON 3
ON 4
ON 8
ON 9
OZoo 1210
Омыртқалылар зоологиясы
Курста жануарлар дүниесінің алуан түрлілігі, филогениясы, ұйымдасуы, экология және омыртқалы жануарлардың негізгі таксондарының пракикалық маңызы қарастырылады. Курс студенттердің биологиялық білімін кеңейтуге және тереңдетуге, олардың материалистік жаратылыстану-ғылыми дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған.Зоологияның ғылымдағы орны мен рөлін дәйектеу және тұлғааралық қарым-қатынаста коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету, пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады
ON 5
ON 12
ON 14
ODP(ОZ) 1211
Оқу- дала практикасы (омыртқалылар зоологиясы) – 1 апта
Алған теориялық білімдерін бекіту, жануарлардың табиғи мекен орта жағдайындағы тіршілік әрекеттерін, көбеюі мен дамуын зерттеп білу, болашақ кәсіби қызметтерінде оқу-далалық зерттеулерді ұйымдастыру мен өткізудің іс-жүзіндегі әдіс-дағдыларын игерту.Оқу-дала практикасы өтетін ауданның жануарларының негізгі эколого-фаунистикалық кешендерімен таныстыру, түрлердің көп түрлілігін, табиғаттағы организмдер арасындағы және олардың қоршаған ортамен қарым-қатынастарының күрделілігін көрсету.
ON 5
ON 12
ON 14
Ботаника
Өсімдіктердің алуантүрлілігін және құрылыстық ерекшеліктерін зерттейді. Өсімдіктер клеткасы, ұлпалары, өркен морфологиясы және анатомиясы, тамыр және генеративтік жүйелері ерекшеліктерін, өсімдіктердің морфологиялық эволюциясының негізгі бағыттарын, ұрпақ шығарудың және көбеюдің биологиялық мәнін, өсімдіктердің жастық және маусымдқ өзгерістері туралы түсінік алады
ON 1
ON 2
ON 4
ON 8
ON 9
OAM 1212
Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы
Пән өсімдіктердің және оларды құрайтын огандардың сыртқы және ішкі құрылысын қарастырады. Пәннің мазмұны білім алушыларға өсімдіктердің жеке және эволюциялық дамуы барысында қалаптасу процесі мен құрылымдық заңдылықтары негізінде білім беруге бағытталған. Пәннің нақты өмірдегі орны мен рөлін дәйектеу, пәнаралық білімдерді интеграциялау, ақпараттық мәдениет көрсету жолдары сипатталады.
ON 1
ON 2
ON 4
ON 8
ON 9
ODP(OS) 1214
Оқу- дала практикасы (Өсімдіктер систематикасы) – 1 апта
Алған теориялық білімдерін бекіту, өсімдіктердің табиғи орта жағдайындағы тіршілік әрекеттерін, көбеюі мен дамуын зерттеп білу, болашақ кәсіби қызметтерінде оқу-далалық зерттеулерді ұйымдастыру мен өткізудің іс-жүзіндегі әдіс-дағдыларын игерту.Оқу-дала практикасы өтетін ауданның өсімдіктерінің негізгі эколого-флористикалық кешендерімен таныстыру, түрлердің көп түрлілігін, табиғаттағы организмдер арасындағы және олардың қоршаған ортамен қарым-қатынастарының күрделілігін көрсету.
ON 5
ON 12
ON 14
Gis 2215
Гистология
Тірі ағзалардың құрылымын, тіршік белсенділігін және ұлпалық дамуын зерттейді. Гистология ұлпалардың негізгі топтарын зерттеуге қатысады: интегралдық, негізгі, бұлшықет, жүйке. Жасуша құрылымының ерекшеліктерін, жасушааралық өзара әрекеттесуін, жасушааралық заттың құрылымын, жасушалар арасындағы байланыс түрлерін оқытады.
ON 1
ON 2
ON 8
ZhB 2216
Жасуша биологиясы
Жасушаның құрылысы мен физиологиясының негізгі заңдылықтары, ағзадағы негізгі ұлпалар жүйесі мен жіктелуі туралы түсініктердің қалыптасуын қарастырады. Жасуша құрылысы туралы білімдерін практикада қолдану, ғылымдағы орны мен рөлін дәйектеу, жоба жұмыстарын орындауда коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету мен пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.
ON 1
ON 2
ON 9
Cito 2216
Цитология
Пән биохимияның негізгі бөлімдерін қамтиды: ақуыздар, көмірсулар, ферменттер, нуклеин қышқылдары, дәрумендер мен гормондар, сонымен қатар олардың номенклатурасын, өндіріс әдістері мен ашылу тарихын, қасиеттерін, формулаларын, химиялық байланыстарын, реакция теңдеулерін зерттейді. Олардың ағзадағы химиялық айналуын, оның тіршілік әрекетінің физика-химиялық негіздерін түсіну үшін осы айналулардың мәнін түсіндіреді. Сонымен қатар, қазіргі кездегі биохимиядағы өзекті мәселелерді және жаңалықтарды оқытады.
ON 1
ON 2
ON 9
ZhH 2217
Жалпы химия
Бұл пән жалпы химияны, элементтер мен олардың қосылыстарының химиясын, сондай-ақ органикалық қосылыстардың теориялық негіздерін сипаттайды. Химияның негізгі стехиометриялық заңдылықтары мен тұжырымдамаларын, периодтық заңдылықтарды, заттың құрылымын, химиялық реакциялар режимін, ерітінділерді, тотығу реакцияларын, электрохимиялық процестерді, металдар мен күрделі қосылыстарды, сондай-ақ органикалық қосылыстарды зерттейді. Химиялық реакциялардың классификациясы, химиялық реакциялардың химиялық кинетикасы және химиялық тепе-теңдікті қарастырады.
ON 4
ON 8
ON 9
ET 3218
Ерітінділер теориясы
Ерітінділер газ тәрізді, сұйық және қатты болуы мүмкін (сондай-ақ полимерлердің ерітінділері ерітінділердің үлкен тобын құрайды). Олардың ішінде жан-жақты зерттелгені және жиі қолданылатыны сұйық, әсіресе, сулы ерітінділер. Ерітінділердің құрамы құрамдас бөліктердің концентрацияларымен сипатталады. Ерітінділер қаныққан, қанықпаған және аса қаныққан деп бөлінеді. Ертінділердің физикалық теориясы, химиялық теориясы. Вант-Гофф және Рауль заңдары. Дебай мен Гюккельдің “күшті электролиттер теориясы” жайлы түсінік беру.
ОН 3219
Жаңартылған мазмұндағы биологияны оқытудың әдістемесі
Технология-өндірістік процесті жүргізудің әдістері мен тәсілдері жайлы білім жиынтығы. Педагогикалық технология-практикада іске асырылатын педагогикалық жүйенің жобасы. Болашақ мұғалім үнемі ізденісте бола отырып, жаңаша оқытудың модульдік, рейтингтік жүйе, дамыта оқыту, сын тұрғысынан ойлау технологияларының әдіс- тәсілдерін өз ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолдануды біледі.
ON 2
ON 4
ON 5
OKMK 3219
Ақпараттық технологияларды биологияда қолдану
Оқытудың қазіргі ғылыми негізделген мазмұны, тәсілдері, оқыту мен бағалаудың инновациялық технологиялары, оларды қолданудың тиімділігін креативті бағалау тәсілдері қарастырылады. Оқуды ұйымдастыруда критериалды бағалау, диагоностикалау, қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасау, АКТ арқылы кері байланыс орнату технологияларын қолдану, жоба жұмыстарын орындауда коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету және пәнаралық білімдерді интеграциялау жолдары сипатталады.
ON 6
ON 7
ON 8
Биология сабағының пәнаралық байланысы
Биология сабақтарында кең және жан – жақты пәншілік және пәнаралық бұрынғы болашақ, тура және кері байланыстарды пайдаланудың арқасында мұғалім оқушылардың материя қозғалысындағы адамның алатын орны, даму формасы жайлы білімін жетілдіреді. Оқушылардық танымдық процестерін арттыру. Биологияны оқытуда мектеп оқушыларына білім мен тәрбие берудің танымдық жағын аттыру әдістерінің бірі пәнаралық байланыстарды пайдаланып, биологиялық есептерді шығаруды үйретеді.
ON 1
ON 2
ON 3
ON 4
ON 7
ON 9
Биологиялық обьектілерді модельдеу
Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері биология пәні сабақтарында модельдеу әдісі жиі қолданылуда, яғни ғылыми танымның зерттеу объектілерін олардың моделдерін жасап, зерделеу арқылы танып білу әдісі Тірі организмдердің құрамын, құрылымын зерделей отырып, оқушылар практикалық қызмет үшін тиянақты білім алуын қамтамасыз етеді.
AА 3220
Адам анатомиясы
Адам анатомиясы - бұл адам денесінің пайда болуы мен дамуы, формалары мен құрылысы туралы ілім. Анатомия адам ағзасы және оның бөліктерінің сыртқы формалары мен пропорцияларын, жекелеген мүшелді және микроскопиялық құрылысын зерттейді. Білімін практикада қолдану, АКТ негізінде оқу үдерісін ұйымдастыру, жоба жұмыстарын орындауда коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету және пәнаралық білімдерді интеграциялау жолдары сипатталады.
ON 1
ON 3
ON 8
ON 9
Ant 3220
Метоболизм және энергетика
Білім алушылар зат алмасудың теориялық негізін және организмнің тіршілік әрекетінің тыныштық күйінде және әртүрлі іс-әрекет түрлерінде қолданбалы маңызын біледі. Метоболизм түрлерін ажыратып, энергия алмасу кезеңдеріндегі үдерістерді ауызша және жазбаша түрде түсіндіре алады. Заттар мен энергия алмасуы – адам организмінде жүретін физикалық, химиялық және физиологиялық үрдістердің жиынтығы бол, қоректік заттар мен энергия мөлшерінің өзгеруін меңгереді.
AZhF 3221
Адам және жануарлар физиологиясы
«Адам және жануарлар физиология» пәні биология ғылымының бір бөлігі болып адамзат және жануарлар дүниесінің өмір тіршіліктерінің заңдылықтарын және оның физиологиялық процестердің өзара қоршаған ортамен тығыз байланыстылығын зерттейтін жаңа теориялық негіздерін түсіндіреді. Тірі организмнің қызметтері, олардың өзара қарым қатынасы, реттелу және сыртқы ортаға бейімделу, жеке тұлғаның эволюциялық даму жағдайларын үйретеді.
ON 5
ON 12
ON 14
ZhEF 3221
Жас ерекшелік физиологиясы
Жас ерекшілік физиологиясы - жасқа сай физиология және гигиена пәні ғылымның екі саласын қамтиды: адам организмінің, жеке мүшелердің және мүшелер,жүйелерінің қызметтерінің жас ерекшеліктерінің заңдылықтарын, даму жолдарын қарастыратын жасқа байланысты физиология, және адамның денсаулығын сақтауға қажетті жағдайларды қарастырады.
ON 10
ON 11
ON 13
OF 3222
Өсімдіктер физиологиясы
Пән өсімдіктің функционалдық белсенділігінің ерекшеліктерін, өсімдік ағзасының өмірлік белсенділігінің негізгі заңдылықтарын, су режимін, фотосинтезді, тыныс алуды, тамақтану тетіктерін, өсімдіктердің қозғалысын, өсу мен дамуды зерттеуді қарастырады. Сондай-ақ өсімдік жасушасының сипаттамаларын, оларды реттеу тетіктерін физиологиялық процестердің ішкі және сыртқы экологиялық жағдайларға тәуелділігі, өсімдіктердің өнімділігін қалыптастыру принциптерін қарастырады.
ON 5
ON 12
ON 14
OЕ 3222
Өсімдіктер экологиясы
Өсімдіктерге әсер ететін әртүрлі экологиялық факторларды: жарық, ылғалдылық, тұздылық, температура, рельефтің геоморфологиясы және т.б. зерттейді. Пән студенттерді Раункиер және Серебряков жүйесі бойынша өсімдіктердің алуантүрлік экологиялық топтарымен таныстырады. Өсімдіктердің хорологиясы, ареалдардың классификациясы және ареалдар топтарын қарастырады.
ВioН 3223
Биохимия
Пән биохимияның негізгі бөлімдерін қамтиды: ақуыздар, көмірсулар, ферменттер, нуклеин қышқылдары, дәрумендер мен гормондар, сонымен қатар олардың номенклатурасын, өндіріс әдістері мен ашылу тарихын, қасиеттерін, формулаларын, химиялық байланыстарын, реакция теңдеулерін зерттейді. Олардың ағзадағы химиялық айналуын, оның тіршілік әрекетінің физика-химиялық негіздерін түсіну үшін осы айналулардың мәнін түсіндіреді. Сонымен қатар, қазіргі кездегі биохимиядағы өзекті мәселелерді және жаңалықтарды оқытады.
ON 5
ON 9
ON 12
DB 3223
Биоорганикалық химия
Биоорганикалық химия курсында органикалық қосылыстардың негізгі кластары, олардың физикалық және химиялық қасиеттері және олардың қатысуымен жүретін химиялық реакциялар механизмдері, олардың биологиялық процестердегі рөлі туралы білімді қалыптастыруды қамтиды. Алған білімдерін тірі организмдерде жүретін химиялық процестерге, химиялық реакцияларға негізделген биологиялық процестерді зерттеуде қолданады.
Gen 3326
Генетика
Тірі материяның тұқымқуалаушылық пен өзгергіштігін зерттейтін біріктіруші биологиялық пән. Тірі материяның әмбебап қасиеттерін барлық ұйымдасу деңгейлерінде және ағзалардың барлық таксономиялық топтарында қарастырады. Генетикалық білімі мен түсініктері, ғылыми зерттеулерде модельдеуді қолдану негізінде туындаған мәселелерді шешу жолдары, тұлғааралық қарым-қатынаста коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету және пәнаралық білімдерді интеграциялау жолдары сипатталады.
ON 3
ON 5
ON 7
ON 13
ON 14
Иммунология негіздері
Иммунология организмнің әртүрлі антигендерге молекулалық, жасушалық және басқа физиологиялық реакцияларын және осыған байланысты организмде пайда болатын өзіндік ерекше және өзіндік емес құбылыстарды қарастырады. Иммунологиялық зерттеулердің нәтижелерін, жүйелі ойлау негізінде білімін практикада қолдану, ізденушілік-зеттеушілік әрекет дағдысын игеру, пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.
MB 4225
Молекулалық биология
Молекулалық биология - бұл ағзаның тіршілік етудің молекулалық негіздерін зерттейтін ғылым. Зерттеулердің негізгі бағыттары генетикалық ақпараттарды сақтау механизмдері, іске асыру және таратумен байланысты. Молекулалық биологияның негізгі объектілері - дезоксирибонуклеин қышқылы, рибонуклеин қышқылы және ақуыздар болып табылады, сондай-ақ макромолекулалық жиынтықтар биосинтезін қамтамасыз ететін мультиферменттік жүйелер жатады.
ON 3
ON 5
ON 7
ON 13
ON 14
GI 4225
Гендік инженерия
Гендік инженерия пәнінен тұқым қуалаудың негізгі заңдылықтары ментұқым қуалаушылық, өзгергіштікті зерттеудің әдістерін оқытады. Сонымен қатар тұқым қуудың цитологиялық негізі, генетиканың заңдары мен заңдылықтары, ажырау кезінде әдеттегі сандық қатынастардың ауытқулары, гендерінің өзара әректтесуі, тұқым қуалаудың хромосомалық теориясын, адам қан топтарының тұқым қуалауы мен популяциялық генетика мәселелері сынды генетиканың классикалық тақырыптарын қарастырады.
ON 3
ON 5
ON 7
ON 13
ON 14
Биотехнология
Биотехнология әртүрлі салалардың заманауи мәселелерін таныстыру және микробтық биотехнологияда қолданылатын микроорганизмдер штамдарын сұрыптау бағыты жайлы түсініктерді қалыпастырып, биотехнологияның маңызды өнімдері микроорганизмдерді алудың салалық өндірісін зерттей отырып, мәселелерді шешу жолданын талдау, пәннің нақты өмірдегі орны мен рөлін дәйектеу, пәнаралық білімдерді интеграциялау, ақпараттық мәдениет көрсету жолдары сипатталады.
ON 3
ON 5
ON 7
ON 13
ON 14
МV 3327
Микробиология және вирусология
Микробиология және вирусология курсы студенттерді микроорганизмдер әлемімен және олардың негізгі қасиеттерімен таныстыру, микробиология саласындағы жетістіктердің жалпы биологиялық маңыздылығын анықтау, микробиологияның басқа биологиялық салаларымен байланысын айқындауды қарастырады. Пәннің нақты өмірдегі орны мен рөлін дәйектеу, пәнаралық білімдерді интеграциялау, ақпараттық мәдениет көрсету жолдары сипатталады.
ON 5
ON 9
ON 14
Эволюция ілімі
Студенттерді жер бетіндегі тіршіліктің дамуының себептері мен жолдары туралы ғылыми түсінігін қалыптастыру. Эволюция теориясы студенттердің жалпы биологиялық дайындығын нықтайды және барлық басқа биологиялық пәндердің мәліметтерін мысал және дәлел ретінде қамтиды. Курстың негізгі міндеті эволюция теориясын ұйымның барлық деңгейлерінде тірі табиғаттың дамуына көзқарастың біртұтас жүйесі ретінде зерттейді.
ON 3
ON 5
ON 7
ON 13
ON 14
P(U)P 2(3)329
Педагогикалық (үзілісіз)
практика - 7 апта
Педагогикалық шеберліктің тәрбиедегі мәнін, педагогикалық техникасын, педагогикалық шеберлік элементтерін зерделеу арқылы түсінеді. Мұғалімнің іс-әрекет шеңберіндегі рөлін, педагогикалық қарым-қатынас шеберлігін, мұғалімнің оқу-тәрбие процесін басқарудағы шеберлігін талдай алады. Педагогикалық білім беруде педагогикалық шеберлікпен ұштастыру арқылы іс – әрекетінде қолданады.
ON 3
ON 5
ON 7
ON 9
ON 12
ON 14
O(P)/DP 4330
Өндірістік (педагогикалық)/дипломалды практика – 8 апта
Болашақ ұстаздың мектеп тәжірибесінде оқу – тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда, сондай – ақ жеке пәнді оқытуға педагогикалық ықпал жасауда, оның психология ғылымынан алған теориялық білімін практикада қолдануға мүмкіндік береді. Өндірістік практика кезінде сынып оқушыларын психологиялық тұрғыдан зерттеу, болашақ мұғалімнің бала дамуын және оның жеке тұлға ретінде қалыптасу барысын дұрыс жобалауға, оған педагогикалық – психологиялық тұрғыдан дұрыс, оңды ықпал жасауға және олармен жұмыс істеудің неғұрлым тиімді жолдарын табуды үйренеді.
Ал дипломалды практика кезеңінде келесі міндеттер шешіледі: дипломдық жұмысты орындау үшін жеткілікті нақты материалды жинау, оның ерекшелігі мен тақырыбын ескере отырып; практикаға белгілі бір жеке тапсырмамен теориялық және практикалық зерттеу жұмыстарын орындайды, алынған зерттеу жұмысының дағдыларын дамыту және дипломдық жұмыста әзірленетін нақты мәселелерді зерттеу әдістемесін меңгереді.
ON 3
ON 5
ON 7
ON 9
ON 12
ON 14
MBEZhA 4331
Биологияны оқытуда интербелсенді әдістерді қолдану
Педагогикалық технологиялар, оқу пәндері негізінде оқыту технологияларына сипаттама, дамыта оқыту технологиясы. Болашақ мамандарға қазіргі заманғы білім берудегі педагогикалық технологиялар жөнінде білім беру. Студенттерді қазіргі заманғы жаңа педагогикалық оқыту технологиялары мен инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың жолдарын оқыту және меңгерту.
ON 3
ON 5
ON 11
ON 12
ON 13
Педагогикалық шеберлік
Пәнді оқытудағы мақсат болашақ мұғалімнің кәсіби даярлығын, өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білуін, ізденушілік - зерттеушілік әрекет дағдыларын игеруін, талдау, қорытынды жасай білудегі шеберлігін арттыру. Болашақ мектеп мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін, жаңа технологиялық әдістерді қолданып, балаларға сапалы да терең білім беру арқылы оқу-тәрбие үрдісін қалай жетілдіруге, жоғарғы нәтижеге жетуге болады деген сұрақтың шешімін табу. Жаңа бағдарлы оқытудың барысында оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауын, ойлауына мүмкіндік жасауды үйрену.
BPKOA 4332
Жеке даму биологиясы
Пән организмнің жеке дамуының барлық процестерін, яғни онтогенезін қарастырады. Бұл жағдайда онтогенездің барлық сатылары: туылғаннан бастап тіршілігін жойғанға дейінгі (ұрықтық және ұрық алдындағы) кезеңдер зерттеледі. Пәннің нақты өмірдегі орны мен рөлін дәйектеу, пәнаралық білімдерді интеграциялау, ақпараттық мәдениет көрсету жолдары сипатталады.
ON 1
ON 2
ON 3
ON 5
ON 8
ON 9
KBBT 4332
Адамның даму биологиясы
Адам биологиясы адам жағдайының биологиялық негіздерін зерттейтін комплекстік ғылым. Адам биологиясы микроскопиялық, молекулалық-генетикалық, биохимиялық, генеалогиялық және басқа да зерттеу әдістерін қолданады. Пәнді оқытуда АКТ-ны пайдаланып оқу үдерісін ұйымдастыру, жоба жұмыстарын орындауда коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету және пәнаралық білімдерді интеграциялау жолдары сипатталады.
KB 4333
Өсімдіктер және жануарлар экологиясы
Пәнді оқытуда студенттерге "өсімдіктер және орта", "жануарлар және орта" жүйелеріндегі негізгі үрдістер, өзара әрекеттесу механизмдері және функционалдық байланыстар туралы түсініктер беріледі. Танымдық-ғылыми зерттеулерде модельдеуді қолдану, мәселенің шешімін талдау, пәннің нақты өмірдегі орны мен рөлін дәйектеу, пәнаралық білімдерді интеграциялау, ақпараттық мәдениет көрсету жолдары сипатталады.
ON 1
ON 3
ON 4
ON 8
Top 4333
Табиғатты пайдалану және қоршаған орта мониторингі
Пән табиғи және антропогендік факторлар әсерінен қоршаған орта жағдайының, биосфера компоненттерінің өзгеруін бақылау, баға беру және болжау жүйесі туралы білім береді. Қоршаған орта жағдайын ретке келтіру шараларын басқаруды қрастырады. Танымдық-ғылыми зерттеулерде модельдеуді қолдану, мәселенің шешімін талдау, пәннің нақты өмірдегі орны мен рөлін дәйектеу, пәнаралық білімдерді интеграциялау жолдары сипатталады.