Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар. «Педагогика» ұғымына ерте ежелгі және қазіргі мағынада анықтама беріңіз.
Ғылыми педагогикалық білімнің тұрмыстық білімнен қандай айырмашылығы бар?
Педагогиканы ғылым және өнер деп таниды. Сіз қалай түсінер едіңіз?
Педагогиканың ғылым ретінде дамуына не түрткі болды?
Ғылымның обьектісі және пәні дегеніміз не?
Педагогиканың тәжірибесі мен пәнін негіздеңдер.
Берілген әдебиет тізімі бойынша «педагогика» ғылымын түсіндірудің кестесін құрыңыз. Есеп беру формасы: кесте.
«Адамзат тарихында педагогикалық ойлардың дамуы» атты хронологиялық кесте құрыңыз.
№ 2. Дәріс. Әлемдік білім беру үдерісі
Мақсаты: әлемдік білім беру тәжірибелерін қарастыру.
Тірек ұғымдар: іс-тәжірибе, үдеріс, демократия, революция, индустрия
Жоспары: Әлемдік білім беру жүйесін қарастыру
Дәріс мазмұны. ХХ ғасырдың соңғы ширегінде әлемде білім революциясы құлаш жайды. Алғашқыда оған жанама құбылыс, ғылыми-техникалық революцияның «әлеуметтік салдарларының» бірі ретінде қарап келді. Білім тек экономикалық және ғылыми-техникалық прогресте ғана емес,сонымен бірге әлеуметтік мәртебелерді бөлуде де шешуші факторға айналды.
Білім беру революциясындағы бірінші көрініс білімді түбегейлі демократияландыру болды. Осы прогрессивті үрдіс жаңа индустриялық, және белгілі бір дәрежеде, дамушы елдерді қамтыды.
Анағұрлым дамыған мемлекеттерде жоғары білімнің барған сайын кеңейе түскен мүмкіндігін жалпыға бірдей мүмкіндікке дейін өсіру туралы мәселе қойылды. Осылардың барлығы қоғамдық сана мен мемлекет саясатына, нағыз революциялық принципті енгізуді дайындап берді: білім-мамандар даярлаудың ғана емес, сонымен бірге ол қоғамның жалпы парасаттылық, технологиялық және мәдени деңгейін арттырудың, қоғамның инновацияларға және прогреске қабілетін демеудің, тұрмыстың осы заманғы стилін (қалпын) қалыптастырудың құралы. Осыдан экономикалық қажеттіліктерге қатаң қызықтаусыз білімді дамыту мүмкіндігі туралы тұжырым жасалады.