оқиғалардың бірі болып саналды. Арнаулы қаріптермен басылған көз жанарынан
айырылған балалардың сауатын ашу жұмыстары 1829 жылы Луи Брайльдің алты нүктелі
қарпі шыққанға дейін жалғасты.
1803 жылы патшалық Ресейдің императоры болған Александр І Валентин Гаюиге
сол кездегі империяның астанасы болған Санкт-Петербург қаласында қаласында көз
жанарынан айырылған жандарға арнап мектеп ашып беруін өтінеді. Өтінішті
қабылдаған
мейірімді Валентин 1807 жылы Санкт-Петербург қаласында Александр І патшаның
демеушілігімен Ресей тарихындағы алғаш көз жанарынан айырылған тұлғаларға арнап
мектеп ашады. Мектепте көз жанарынан айырылған жандарға білім беру мен тәрбиелеу
ісі, қол өнер жұмыстарына үйрету жұмыстары қолға алынды. Ресей империясының ағарту
саласына қосқан орасан үлесі үшін император Александр І Валентинді төртінші дәрежелі
Әулие Владимир орденімен марапаттайды. В.Гаюи 1745жылғы 13 қарашада Францияның
Сен-Жюст ауылында кедей тоқымашының отбасында дүниеге келген. Дүниежүзілік
Денсаулық Сақтау Ұйымының шешімімен В.Гаюи дүниеге келген күн, яғни 13
қарашаХалықаралық зағиптар күні деп белгіленді.Зағип жандардың,нашар көретіндердің
санының күрт
өсуі ДДСҰ алаңдатып, 1967жыл соқырлыққа қарсы күрес жылы деп
жарияланды.
Көрудің бұзылуы соқырлық (тотальды) және нашар көрушілікпен анықталады.
Соқырлар – көрудің болмауы, жарық сезгіштіктің жоғалуы 0,04 өткірлігімен, нашар
көрушілік 0,05-0,2 өткірлігімен сипатталады. Көрудің сақталу
деңгейіне қарай көру
қабілеті былайша анықталады:
- А
бсолютті соқырлық -
екі көздегі көру сезімталдығының жоғалуы;
-
Практикалық соқырлық -
көру қалдығының сақталуы, жарық сезгіштік, заттардың
формаларын (контур, силуэт, қолдың саусақтары) көру.
Көрудің бұзылуы туа пайда болуы мүмкін немесе жүре пайда болуы мүмкін. Туа
пайда болған соқырлықтың себебі катаракта, глаукома, көз торшасының патологиясы,
көру нервтерінің атрофиясының тұқымқуалаушылық жолмен таралуы болып табылады.
Тағы бір себебі -ананың жүктілік кезіндегі түрлі инфекциялық аурулармен ауруы. Жүре
пайда болған көрудің бұзылу себептері,
көру органдарының ауруы, орталық нерв
жүйесінің аурулары (менингит, ми ісігі, менингоэнцефалит), бас миының немесе көздің
соққы алуы болып табылады. Балалар арасындағы көрудің бұзылуындағы негізгі
клиникалық формалары нерв жолдарының, көру анализаторының қабықтық зоналарының
зақымдануы, көз хрусталінің (катаракта) бұзылуымен түсіндіріледі.
Балалар арасында
кездесетін көру қабілетінің бұзылуларына қылилық, амблиопия, астигматизм т.б. жатады.
Аталған кемшіліктердің әсерінен бала бойында анықталатын жағымсыз жағдайлар:
-қимылдық сфераның шектелуі;
- әлеуметтік тәжірибе мазмұнының толық болмауы;
- эмоциядағы, мінездегі ерекшеліктер;
- ойын, оқу, еңбек әрекетін игерудегі қиындықтар;
- өз-өзіне деген сенімсіздік, пассивтіліктің байқалуы;
- шектен тыс қозғыштық, ашуланшақтық, агрессия.
Қылилық -
көру сызықтарындағы кемшілік, көздің қимылдатқыш функцияларының
бұзылуы, фиксацияның жалпы нүктелеріне көз сызықтарының сәйкес келмеуі
(паралитикалық және сәйкессіздік) Паралитикалық түрі буындардың салдануынан немесе
(парез) құрысу салдарынан пайда болады. Негізгі себептері соққы алу, ісіктер,
инфекциялық ауралар, интоксикация, қан кету. Қылилық кезіндегі түрі тұрақты және
қайталанбалы күйде жалпы фиксация нүктесіне бір көз
сызығының сәйкес келмеуінен
болады. Негізгі себептері: орталық нерв жүйесінің аурулары, рефракцияның бұзылуы, көз
қимылдатқыш аппараттың аномалиясы. Қылилық жұмысқа деген қабілеттілікті
жоғалтады, монопулярлық көру пайда болады (қабылдау бірде бір көзбен бірде екінші
көзбен жүзеге асады) Балаларда қылилық 2-3 жасқа таман пайда болады немесе күрделі
аурулардан кейін, қорқыныштан пайда болады. Қылилықтың әсерінен көру төмендейді.
Дисбинокулярлық амблиопияның екі түрі болуы мүмкін: