15-Дәріс. Қазақстандағы келелі мәселелерін шешу жолдары 1.Қазақстанның аумағында көрініс тапқан келелі ғаламдық мәселелер
2. Қазақстан аумағында байқалатын келелі ғаламдықмәселелердің алдын алудың жолдары
3. Арал мәсесінің туу себептері шешу жолдары
Қазақстан аумағындағы ғаламдық жылыну және шөлдену мәселелерінің алдын алу және шешу жолдары
Экологиялық апат аймақтары. Қазақстанның үлкен бөлігі құрғақ аймақта орналасқан және оның шамамен 60% аумағы әртүрлі деңгейде шөлдену үдерістеріне ұшыраған. Алдын ала есептеу бойынша, жайылымды жерлердің құлдырауынан, егістіктер эрозиясынан, екінші қайтара тұздану мен басқа себептерден болған шығындар 300 миллиард теңгені құрайды. Табиғи экологиялық жүйелердің бұзылуы, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің құлдырауы болған және жағымсыз экологиялық жағдайдың салдарынан халық денсаулығына айтарлықтай зиян келтірген Арал және Семей аймақтары экологиялық апат аймақтары болып жарияланған. Қазіргі кезде бұрынғы Семей полигонына іргелес аймақтарда (71,9 мың адам халқы бар 85 елді мекен) қатерлі ісік аурулары мен халық арасында өлімнің, қан айналымы жүйесі ауруларының, жаңа туған сәбилер арасында туабітті кемістіктер мен ерте қартаю нәтижесінің жоғары деңгейі анықталған. Арал маңындағы экологиялық апат аймағында әсіресе әйелдер мен балалар арасында асқазан-ішек аурулары мен қанның азаюы, балалар өлімі мен туабітті ауытқушылықтардың жоғары деңгейі көрініс тапқан.
Каспий теңізі қайраңы ресурстарының қарқынды игерілуіне байланысты мәселелер. Каспий теңізі бассейні мемлекеттерінің көмірсутек ресурстарын кең түрде игеруі теңіз және теңіз жағалауы экожүйелеріне теріс әсерінің ауқымын үлғайтады. Теңіз мәртебесінің анықталмағандығы жағдайында трансшекара сипатындағы сыртқы экологиялық қауіп-қатерлер айтарлықтай мәнге ие болады. Теңіздің қазақстандық аймағындағы көмірсутек шикізатының алдағы кең ауқымды игерілуі елдің экологиялық қауіпсіздігіне әлеуетті қауіп-қатерлер төндіреді. Каспий теңізінің қоршаған теңіз ортасын қорғау бойынша және басымдыққа ие іс-эрекеттердің аймақтық стратегиясының негіздемелік конвенциясы Каспий теңізінің ресурстарын пайдалану, әрі Каспийдің экожүйесін қорғау бойынша алдағы шараларға қатысты Каспий маңы елдері арасындағы жалпы өзара іс-әрекеттер бойынша негізгі бағыттарды анықтайды.