Білім беру бағдарламасы «Білім» топтарына арналған Құрастырған: Есенова Света Нургалиевна, оқытушы, магистр



Pdf көрінісі
бет71/73
Дата27.11.2023
өлшемі1,38 Mb.
#128603
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73
Байланысты:
1Силлабус инклюзив (копия) (1)

12. Бағалау критерийлері: 
Пән бойынша қорытынды баға келесі формула бойынша пайызбен анықталады:

Қ% = 1Р(30%) +2Р(30%) +Е(40%) 
түсіндірме: 
1Р – 1-ші рейтинг бағасының пайыздық көрсеткіші; 
2Р – 2-ші рейтинг бағасының пайыздық көрсеткіші; 
Е – емтихан бағасының пайыздық көрсеткіші. 
 
Аудиториялық жұмысты бағалау критерийлері 
 
90-100 
Практикалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 90% - ның болуы 
(жазбаша немесе электронды түрде) 
Оқытушы мен басқа студенттердің сұрақтарына толық және дұрыс 
жауап бере алуы, арнайы терминологияны білуі, студент материалды 
қорытындылай алады, өз тұжырымдарын жасай алады, мысалдар 
келтіре алады, өз пікірін айта алады. 
70-89 
Практикалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 70% - ның болуы 
(жазбаша немесе электронды түрде) 
Сабақ барысында студент дұрыс, бірақ толық емес жауап береді, 
мысалдар келтіруде қиналады, студенттің жалпылама пікірі нақты 
айтылмайды. 
50-69 
Практикалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 50% - ның болуы 
(жазбаша немесе электронды түрде) 
Студент ішінара дұрыс жауаптар береді, иллюстрациялық мысалдар 
келтірмейді, зерттеліп отырған мәселе бойынша өз пікірін 
қалыптастыра алмайды, қателіктер жібереді немесе толық жауап бере 
алмайды. 


0-49 
Практикалық жұмыстар жөнінде есептің болмауы немесе сапасының 
төмен болуы. 
Сабақ барысында студент сұрақтарға жауап бермейді немесе оның 
жауаптарында қателіктер бар.
 
Өзіндік жұмыс бойынша бағалау критерийлері 
 
90-100 
Берілген тапсырмалардың 90% - дан кем емес орындалуы. 
Жұмыстың стандартқа сай рәсімделуі. 
Дәлелді тұжырымдар, олардың дұрыс және толық түсіндірілуі. Студент 
өзінің көзқарасын дәлелді түрде орындайды. Орындалған жұмысты 
қорғау кезінде сұрақтарға сенімді және дұрыс жауап береді. 
70-89 
Берілген тапсырмалардың 70% - дан кем емес орындалуы, жалпы 
бағыты дұрыс. 
Жұмысты рәсімдеуде аздаған қателіктердің кездесуі.
Қорытындыларды дұрыс, бірақ толық емес түсіндіру. Қорғау кезінде 
студент дұрыс, бірақ толық емес жауаптар береді, қорытындылар 
нақты жеткізілмейді. 
50-69 
Берілген тапсырмалардың 50% - дан кем емес орындалуы, жалпы 
бағыты дұрыс бірақ қателіктер бар. 
Жұмысты рәсімдеуде маңызды қателіктердің кездесуі. 
Қорытындыларды толық емес түсіндіреді, жұмысты қорғау кезінде 
студент әрдайым дұрыс жауап бере бермейді. 
0-49 
Берілген тапсырмалардың 50% - дан кем орындалуы, жұмыста өрескел 
қателіктердің кездесуі. 
Жұмыстың 
дұрыс 
орындалмауы, 
жазбаша 
жұмыс 
рәсімдеу 
стандарттарының сақталмауы.
Қорытындыларды интерпретациялаудың дұрыс еместігі немесе 
олардың жоқтығы. Жұмысты қорғау кезінде студент дұрыс түсінік бере 
алмайды, қате жауаптар береді, жұмыс бойынша қорытынды жасай 
алмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет