Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арнайы жеке жұмыс жоспары
құрылады, сол жоспар арқылы еңбек дағдылылары мен таным қабілеттерін қалыптастыру
мақсатында жеке түзете-дамыту жұмыстары үнемі үздіксіз жүргізіліп отырады.
Балалардағы қимыл қозғалыс патологиясымен байланысты, өзіне-өзі қызмет ету
дағдыларын игеру мәселесі, айрықша мағызды болып саналады. Ал, бұл дағдылардың
қалыптасу қиындығы, науқастың ерекшеліктерімен байланысты. Көптеген балаларда,
апраксия байқалады, яғни мақсатты практикалық іс-әрекеттерді орындай алмау. Мұндай
балалар, киіну, шешіну, түймелену, бәтеңкенің бауларын байлау сияқты дағдыларды
қиындықпен үйренеді; текшелер мен таяқшалардан құрастыруға, ұзақ уақыт бойы үйрене
алмайды т.б. Өзіне-өзі қызмет ету дағдылырының орнығуына ғана кері әсер етіп
қоймайды, сонымен бірге, іс-әрекеттің басқа түрлерінің дамуына кедергі жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: