Білім беру бағдарламасы «Білім» топтарына арналған Құрастырған: Есенова Света Нургалиевна, оқытушы, магистр



Pdf көрінісі
бет13/73
Дата27.11.2023
өлшемі1,38 Mb.
#128603
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   73
Байланысты:
1Силлабус инклюзив (копия) (1)

 
№ 7-дәріс. 
Тақырыбы:Сөйлеу қабілетінің кемшіліктері бар балалардың білім берудегі 
психологиялық-педагогикалық қолдау. 
Мақсаты:
 
инклюзивті білім берудің қағидаларымен және философиялық, әдіснамалық 
негіздері туралы, ерекше қажеттіліктері бар балалардың психологиялық-педагогикалық 


қолдауға байланысты заманауи моделдері туралы түсініктері мен инклюзивті тәжірибе 
аймағында ұйымдастыру мен басқару құзыреттіліктерін қалыптастыру. 
Дәріс жоспары: 
1.Сөйлеу қабілетіндегі қиын кемшіліктері бар балаларды ерте дамыту.
2.Білім беру мекемелердегі сөйлеу бұзылыстары бар балаларды қолдау бойынша 
ұсыныстар. 
1.Афазия (грек.aphasia – қаз. сөйлеудің бұзылуы) – адамның сөйлеу қабілетінен 
жартылай не біржола айырылуы. Мұндай кемістік мидағы сөйлесу орталықтары мен қан 
тамырларының ісініп, бас сүйегінің зақымдалу салдарынан болады.
Афазияның түрлері:
Сенсорлық афазия
Өзінің және басқалардың да сөйлегенін түсінбейді, өте тез, әрі 
түсініксіз сөйлейді
Акустико-
мнестикалық афазия
акустикалық қабылдау көлемі және оны еске сақтауы төмен
Оптико-
мнестикалық афазия
сөздердің көрнекі суреттері мен олардың атаулары 
арасындағы байланыстар үзіледі
Семантикалық 
афазия
логикалық құрылымды түсінбеу
Моторлық 
афференттік афазия
сөздерді айта алмау, бір дыбыстарды екіншісімен 
алмастырудан көрінетін сөйлеу бұзылысы 
Моторлық 
эфференттік афазия
бір сөзден немесе буыннан екіншісіне ауысудың қиындығы 
Динамикалық 
афазия
сөйлеуді жоспарлаудың бұзылысы түрінде көрінетін 
сөйлеудің бірізділігінің бұзылуы
Логопедия дегеніміз –сөйлеу тілі кемістіктерін, оның бұзылу себептерін болдырмау 
жолдарын, сонымен бірге осындай кемшілектерді әртурлі жолдармен түзетіп жоюдың 
тәсілдерін зерттейтін ғылым.Логопедия – логос сөз және пайдео тәрбиелеймін,үйренемін 
деген грек сөздерінің тубірінен алынған. 
Логопедияның негізгі мақсаты сөйлеу тілі бұзылған адамды оқыту, тәрбиелеуді 
және қайта тәрбиелеуді,сонымен бірге сөйлеу тілінің кемістіктерінен алдын-ала
сақтандыру жолдарын ғылыми негізде зерттеу болып табылады . 
Логопедия ғылымы мынандай міндеттерін белгілеуге болады. 
1.
Әртүрлі тіл кемістіктерінегі сөйлеу тілі қызметінің дамуын зерттеу; 
2.
Сөйлеу тілі бұзылуының таралуын, оның симптоматикалық белгілерін анықтау; 
3.
Сөйлеу тілі бұзылған баланың сөйлеу қабілетінің өздігінен белгілі бір дамуын, 
сөйлеу кемістіктерінің адамның жеке басының қалыптасуына, психикасының дамуына 
тигізетін ықпалын анықтау; 
4.
Әртүрлі ақаулықтары бар балалардың сөйлеу тілінің қалыптасу ерешеліктері мен 
кездесетін тіл кемістіктерін зерттеу; 
5.
Сөйлеу тілі бұзылуының себептерін, белгілерін, қүрылымын, механизмдерін 
анықтау; 
6.
Сөйлеу тілінің кемістіктерін анықтайтын, оны ажырататын педагогикалық 
тәсілдерді жетілдіру дамыту ; 
7.
Сөйлеутілікемістіктерінжүйелеу; 
8.
Тілкемістіктерініңерешекіктерінебайланыстықолданылатынтүзетуәдістері мен 
амалдарынжетілдіру; 
9.
Қазақтілінетәндыбыстардыңартикуляциялықерекшеліктерінжәнетүзетутәсілдеріна
нықтау; 


10.
Сөйлеутілкемістіктеріненалдыналусақтандырутәсілдерінтолықжетілдіру; 
11.
Логопедиялық жәрдемді ұйымдастыру мәселесін жеке зерттеу.
Логопедия ғылымында осы уақытқа дейін шешілмей келе жатқан мәселелердің бірі 
жүйелі ғылыми тұрғыдан тіл кемістіктерін топтастыру болып табылады.Оған бөгет 
болатын жағдайлар,өбіріншіден тіл кемістіктерінің коптеген түрлерінің кездесуі және 
олардың нағыз күйінде кездеспей, күрделі түрде кездесуі. Осының бәрі тіл кемістіктерін 
ғылым жүзінде дәлелдеп топтастыруды қиындатады. Бұның қиындығы сол, егер тіл 
кемістігінің бір түрі бірнеше себептердің салдарынан болса, тіл кемістігінің бірнеше түрі 
пайда болуы мүмкін.Сонда тіл кемістіктері жеке түрде немесе басқа тіл кемістіктерімен 
қисындасып, тіркесіп кездесуі мүмкін.Соған байланысты олар логопедияда өзіндік 
белгілеріне байланысты белгілі терминдермен нақты белгілінеді.
Жалпысөйлеутілініңдамымауы алалия,афазия,ринолалия,дизартрия сияқты күрделі 
сөйлеу патологиялардың түрлерінде де байқалады.Баланың сөйлеу тілінің бұзылуын 
анықтап,зерттеп отырып онымен түзету –тәрбие жұмысы жүргізген дұрыс.Дәл уақытында 
қолайлы жағдай жасай отырып баланың тілінің дұрыс дамуына бағыт бергенжөн. 
Баланың тамаша сезімімнің дамуын тек қана дыбыс үндестігін айтуды пайдалана 
білуімен шектестіріп қоймай, оны мәнерлі сөйлеуге үйретіп отырған жөн.Тіл кемістігі 
көбінесе мектеп жасына дейінгі балаларда кездеседі. Тіл кемістігін уақытында жоймаса, 
ол барған сайын ұлғайып, нығаяды да баланың дұрыс сөйлеуіне кесірін тигізеді. 
Мектеп жасына дейінгі кезеңде сөйлеу тілі өте –мөте қарқынды дамиды.Бала 2 
жастан бастап енжар және белсенді сөздіктерді тез жинайды, дыбыстарды айтуды және 
грамматикалық құрылымдағы сөйлемдерде меңгереді. 

2 жасында -300-400 

3 жасында -1000-1500 

4 жасында -1600-1800 

5 жасында-2000-2300 

6 жасында-3000-3500 дейінсөздікқорыболады. 
Сөйлеу тілінің кеңеюі тәрбиенің барысында, бала мектепке барар алдында тілін 
грамматикалық 
зандылығын 
меңгеріп, 
байланыстырып 
сөйлеу 
дағдысын 
игереді.Сондықтан да бұл кезеңде баланы ерекше қамқорлық қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет