Білім беру бағдарламасы «Білім» топтарына арналған Құрастырған: Есенова Света Нургалиевна, оқытушы, магистр


№28 Дәріс  Тақырыбы: Инклюзивті білім беру жағдайындағы мұғалімдердің кәсіби



Pdf көрінісі
бет37/73
Дата27.11.2023
өлшемі1,38 Mb.
#128603
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   73
Байланысты:
1Силлабус инклюзив (копия) (1)

№28 Дәріс 
Тақырыбы: Инклюзивті білім беру жағдайындағы мұғалімдердің кәсіби 
дайындық мәселесі
Бүгінгі таңда Қазақстанда тұрақтанған дамудағы ауытқушылықтарды кешенді 
диагностикалау ісі мен түзетуші-педагогикалық қолдау жүйесі мүмкіндігі шектеулі әрбір 
үшінші балаға жалпыға бірдей білім беретін үдеріске араласуға мүмкіндік береді. Алайда 
дамуында ауытқушылығы бар, яғни мүмкіндігі шектеулі мектепке дейінгі балаларға білім 
беруде тепе-тең қолжетімділік толыққанды қамтамасыз етіле қоймаған. Егер төменде 
келтірілген кестеге назар аударатын болсақ, мынаны көруге болады: педагогикалық 
кадрларды қайта дайындау қазіргі таңда өте өзекті мәселе болып отыр. Тек қана айқын 
құрастырылған көрініс бізге біліктілікті жоғарылатудың нақты ұстанымдарын анықтауға 
және инклюзивті білім беретін педагогикалық кадрларды қайта дайындауға көмектесе 
алады Мектепке дейінгі және жалпы орта білім, жалпы қосымша білім беретін 
ұйымдарының 
инклюзивті 
білім 
беру 
саласында 
біліктілігін 
жоғарылатқан 
педагогтарының үлесі 2014 жылдан бері әр жыл сайын 20%-ға көтеріліп келетінін көріп 
отырмыз. Инклюзивті білім беру – біріктірілген білім беру жүйесі. Ағылшын тілінен 
аударғанда «inclusion» - «қосу» деген мағынаны, қосқанда да барлық қажеттілігі болған 
субъектілерге қолдау көрсетуге кепілдік беретін қосу жүйесі.
Инклюзивті білім беру жағдайында білім алушылардың дамуына өз үлесін қосқан 
педагогтарды дайындау мен дамыту әсіресе, біздің елімізде күн тәртібінде өзекті мәселе 
болып отыр. С.И.Сабельникованың жалпыға бірдей білім беретін мекемелердің 
педагогтарын инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істеуге дайындау бойынша 
көзқарасын қарастырып көреміз. 
Педагогтардың кәсіби және тұлғалық дайындығы үшін мынадай психология -
педагогикалық білімдер қажет:
• инклюзивті білім дегеніміз не, оның дәстүрлі білім формасынан айырмашылығы 
неде екендігін түсіну; 
• инклюзивті білім беру ортасында балалардың жас ерекшеліктері мен тұлғалық 
дамуы, психологиялық заңдылықтары туралы білу; 
• ауытқушылығы бар және қалыпты дамып келе жатқан балаларды бірлесіп оқыту 
үшін оқу үдерісін дидактикалық жобалау мен психологиялық тәсілдерін білу;
• білім беру ортасының субъектілері (топ ішіндегі әрбір оқушылармен, ата-
аналармен, 
әріптес-мұғалімдермен, 
мамандармен, 
басшылармен) 
арасындағы 
педагогикалық өзара байланыстың әртүрлі тәсілдерін жүзеге асыру қабілеті.
Педагогика мұғалімдердің дайындық деңгейін анықтау үшін кәсіби біліктілік деген 
ұғымды ендірді (А.К.Маркова, В.И.Кашницкий, Л.А. Петровская, В.А.Сластенин және 
т.б.). Бұл ұғым педагогтардың педагогикалық іс-әрекеттерді жүзеге асыруға деген 
теориялық және практикалық дайындығының бірлігін көрсетіп, олардың кәсібилігін 
сипаттайды . 
Білім берудегі педагог – білім алушыларына тек білім мен шеберлік беріп қоймай, 
оның тұлғасын айқындайтын құндылық тәрбиелейтін тұлға. Педагог тұлғасы инклюзивті 
білім берудің басты мәселесі болып танылады. Ол жоғары мәдениетке, рухани 
тұрақтылыққа және кәсіби біліктілікке ие болуы тиіс. Мұғалім тұлғасы мен оның басқару 
стилінің икемділігіне білім алушы топтардың ішіндегі психоэмоционалды атмосфера 
тәуелді, оқыту ортасы құрылып, қолайлы коммуникация, серіктестік пен ынтымақтастық 
ұстанымдары жүзеге асырылады. Инклюзия идеологиясын ендіре отырып оқытушы 
жоғары рухани ұстанымдарды басшылыққа алып отыруы керек. Ол адамгершілік 
қасиеттерін, толеранттылық, мейірімділік, жақсылық, инабаттылық, сабыр мен «қалыпты 
емес» адамдарға деген құрметке ие болуы керек. Инклюзивті топ педагогы білім 
алушыларының дене, интеллектуалды, эмоционалды және рухани денсаулығына жауапты 


екендігін ұмытпауы тиіс. Сондықтан педагог әртүрлі білім алу үшін қолайлы 
микроклиматты тудыра алады. Ол – әділ болуы тиіс, білім алушыларды бөліпжармай 
барлығына бірдей қарап, олардың өз күшіне деген сенімі мен өзіне деген құрметін 
нығайтып, күш-жігерлерін жетілдіруге мүмкіндік жасауы тиіс. Мұндай қасиеттердің 
бірлігі мұғалімге өзінің басты миссиясын атқаруға көмектеседі: үшінші мыңжылдық 
адамының интеллектуалды және рухани әлемін қалыптастыру. Жол нұсқаушы және 
«саналы, мәңгілік пен жақсылық» жаршысы болған Мұғалімнің мұндай жоғары 
миссиясын тек өзөі адамгершілігі жоғары әрі саналы азамат қана орындай алмақ. Фантаст 
Герберт Уэллс басып алушыларға да, мемлекетке де көпшіліктің болмысын өзгертпеуі 
керек, тек мұғалім ғана жаңа қиялдар тудырып, адамзаттың жасырын күштерін аша 
алатынын айтады. 
Инклюзивті білім беру жағдайында педагогика мен психология, медицина 
ғылымдары мен физиология бойынша мәселелерде білікті, зерттеушілік ақыл-ойы мен 
дарыны бар, жоғары мәдениетті, кез келген пәнді шеберлікпен игере алған, әрине, 
балаларды бір-бірінен ойы, денсаулығы мен мінезқұлқына қарай айырмашылығы бар 
болғанына қарамастан, жақсы көретін педагог айтарлық өте жоғары бағаланады. Ұлы 
педагог саналған Я.А.Коменскийдің оынша, өсіп келе жатқан бала тек мейірімді жан бар 
ортада ғана білім алып, тәрбиеленуі тиіс. Ол: «Кім ғылымда табысқа жетіп, бірақ жақсы 
қасиеттерде артта қалған болса, ол табысты емес, керісінше, өте қателеседі» – деп жазады. 
Адам баласының табиғаты әу бастан-ақ мейірімді, сондықтан, Я.А.Коменский: «адамға 
сырттан ештеңені қосудың керегі жоқ, бірақ өзінің бойындағы қасиетті дамытып, 
анықтауы қажет»– деген пікір айтады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет