Білім беру бағдарламасы «Білім» топтарына арналған Құрастырған: Есенова Света Нургалиевна, оқытушы, магистр



Pdf көрінісі
бет39/73
Дата27.11.2023
өлшемі1,38 Mb.
#128603
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   73
Байланысты:
1Силлабус инклюзив (копия) (1)

 
№30 Дәріс
Тақырыбы: Арнайы мектеп жоғары сынып оқушыларының өзін-өзі бағалау 
ерекшеліктері 
Қазіргі таңда зиятында ауытқуы бар балалар мен жасөспірімдердің мінез- құлықтары 
жалпы дамуында айрықша орын алады. Осы кезеңде даму - процесінің қалыптасуының 
жеткіліксіз деңгейлерінің нәтижесінде зияты зақымдалған балалардың еркін дамып 
жетілмеуі оның іс-әрекетін, мінез- құлқын бақылап, басқарып отыруға кедергі болуға, 
яғни өзінің іс - әрекетіне қойылатын талап пен мінез-құлқын үйлестіре алмайды. «Жеке 
адам», «тұлға» деген түсініктерді қарастыратын психологиялық білімдердің бірі - өзін-өзі 
бағалау. Кең мағынада бұл – адамның өз мүмкіндіктері мен өзіне баға беруі. Өзін-өзі 
бағалау, П.П.Чеснакованың айтуынша, өзіндік сананың бір компаненті болып табылады. 
Өзін-өзі бағалау сондайақ талаптану, яғни адамның алдына қойған мақсат-міндетінің 
деңгейін және оны шешуге өзінің қабілетін айқындайды. Өзін-өзі бағалаудың алғашқы 
зерттеулерін 30-жылдары алғаш рет К.Левин жүргізген. Қазіргі таңда да бұл мәселе аз 
зерттелінген. Сонымен қатар, Қазақстанда жүргізілген зерттеулердің ішінде профессор 
Ж.Ы.Намазбаеваның 
жетекшілігімен 
Р.Ш.Сабырова, 
С.Ж.Өмірбекова 
және 
Л.С.Пилипчуктың жұмысында балалардың өзіндік сана-сезімдері, өзіндік бағалау 
ерекшеліктері зерттелінген Осы уақытта өзін-өзі бағалауды оқып үйрену және оның жеке 
тұлғаның дамуына ықпалы өзектілігімен қалып отыр. Бұл бірінші кезекте, білім берудегі 
алға басумен, өзгерістермен байланысты болса, қоғаммен де соншалықты байланысты. 
Қазіргі кездегі мектептер үшін оқушыларға ақпарат, мәлімет беріп қана қоймай, 
оларды өздігінен білім алуға, өздігінен жетіліп-кемелденуіне дайындау өте маңызды. Ол 


үшін балада өзінің жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты, әсіресе, әділ бағалай білетін 
белсенді ұстанымын, позициясын, яғни өзіндік бағасының белгілі бір деңгейін 
қалыптастыру қажет. Қалыпты жағдайда дамыған жеке адамның өзіндік бағасы жағымды 
түрде болуы қажет. Бұл адамның өз күшіне деген сенімділігін және белсенді іс- әрекетке 
бағытталуын қамтамасыз етеді. Жағымсыз сипаттағы өзіндік баға адамды селқостыққа, 
енжарлыққа әкеп соқтыруы мүмкін. Мұндай жағдайды болдырмау үшін бала жетістіктері 
мен сәтсіздіктерін өзі сезе бастайтын, яғни жасөспірімдік кезеніңде оқушыда дер кезінде 
өз-өзіне қарым-қатынасын және өз күшіне деген сенімділігін қалыптастыру қажет. Өзін-
өзі бағалау – ойлау әрекеті өлшемдерінің бірі, күрделі динамикалық, жеке тұлғалық 
құрылым. Өзін-өзі бағалау ең алдымен реттегіштік қызметті атқарады. Өзін-өзі тәрбиелеу 
өзіөзі бағалаудан басталады. Адам өзін тәрбиенің қандай сапаларына тәрбиелеу керектігін 
нақты білуі керек. Өзіндік баға - өзін басқа адамдармен салыстыру арқылы және өзінің 
талаптану деңгейін өзінің ісәрекетінің нәтижесімен салыстыру арқылы қалыптасады. Тепе 
– тең өзіндік баға өзін - өзі тәрбиелеудің мақсат-міндеттерін дұрыс қалыптастыруға ықпал 
етеді. Өзін-өзі бағалау – субьект отбасында, оқу орындарында, басқа да жерлерде 
адамдармен қарым-қатынасқа түскен жағдайда және өзгелер өзі туралы көзқарастарын 
білдірген кезде қалыптасады. Ол өзін айналасындағылармен салыстырады, егер бұл 
байланыстардың нәтижесі төмен өзіндік бағаны көрсетсе, адам өзінің әрбір ісінен 
кедергілер мен тосқауылдар тауып отырады. Психологиялық зерттеулер көрсеткендей, 
тұлғаның өзі жайлы пікірі оның іс- әрекеті мен істерін реттеудің негізі болып табылады. 
Тұлғаның динамикалы, көпқырлы, күрделі құбылысы өзіндік бағалау адамның іс-әрекеті 
мен мінез-құлқын, өмірінің көп жақтарын шарттандырады. Өзін-өзі бағалаудың даму 
шарты, оның мазмұны жайлы, оның анықтамасы жайлы бірыңғай ықпалдар әлі де 
қалыптаспаған.
Зияты зақымдалған оқушылардың өзін - өзі бағалау, өз күш – жігерін, қабілетін, 
мүмкіндіктерін, ерекшеліктерін, кемшілігі, теріс сапаларын нақты көре алмуы, олардың 
өзін - өзі бағалауы жоғары, төмен болады. Балаға өзіне дұрыс, әділ баға беруге үйрету - 
өзіндік тәрбие жетекшілігіндегі маңызды міндет. Нақты өзін - өзі бағалаудың шешуші 
шарттары: өмірлік тәжірибе, байқағыштық, өзіндік таным тұрақтылығы, ұжымдағы 
қоғамдық дұрыс пікір, достар тарапынан айтылған сындар. Зияты зақымдалған 
оқушылардың өзін - өзі бағалаумен байланысты мәселелер Л. С. Выготский, С. Л. 
Рубинштейн, Д. Б. Эльконин, М. С. Тайчинов , Л. И. Божович, Э. Эриксон, т.б. 
зерттеушілердің өзіндік танымды зерттеген еңбектерінде байқалады. Сондай – ақ 
шетелдік Скот, Куперслиз, Сейдман, Лорд, т. б. зерттеушілердің де еңбектерінде 
кездеседі. Отандық психологияда жоғарғы сынып зияты зақымдалған оқушыларының өзін 
- өзі бағалау мәселесі зерттелінген мәселе ретінде қарастырылады. Зерттеулерде жоғарғы 
сынып оқушылардың өзін - өзі бағалау құрылымы, даму кезеңдері, механизмдері, өзін - өзі 
бағалаудың жеке тұлғасының әртүрлі сипаттамаларымен байланысы талқыланады.
Отандық және шетелдік психологтардың көзқарастарын салыстыруда бұл ұғымның 
принциптік айырмашылықтары мен терминологиялық нақтылығы сөз болады. Жоғарғы 
сынып оқушыларының өзін - өзі бағалау мәселесі аймағында терминологиялық сәйкестікті 
орнату керек. Отандық психологияда жалпы(өзін - өзі бағалау тұтас күйінде) және жеке 
(жеке тұлғаны құрайтын сипаттамаларды бағалау) өзін - өзі бағалау қарастырылған. 
Олардың әрқайсысында когнитивті және эмоционалды компоненттер бар. Сондықтан 
“жалпы өзін - өзі бағалау” ұғымы шетелдік психологияда “Мен – концепциясы” 
түсінігінің үйлесімі болып табылады. Зияты зақымдалған оқушының өзін - өзі бағалауға 
дайындық процесі мынадай педагог – психологтардың еңбектерінде кездеседі: Л. И. 
Божович, М. С. Неймарк, Х. Й. Лийметс, Н.Н. Тригубова, Л.Ф. Обухова., Х.Й. Лийметс 
өзін - өзі бағалауды қалыптастырудың нақты негізгі міндеттерін өзін бағалай білу 
қабілетімен байланыстырады, яғни мұғалім мен ата – анасының берген бағасы, берілген 
бағалауды ажырата алу. Осы негізде Л. И. Божович мынадай гипотезаны ұсынды: егер 
бала айналасындағылар тарапынан дұрыс бағаны қажетсінсе, жасөпірімнің өзін - өзі 
бағалауын сақтауға деген қажеттілік туады және бұл дайындықпен байланысты болады. 
Бұл авторлардың айтуларынша, жасөспірім шақтағы оқушылар өзін - өзі бағалау 


процесіне жеткілікті дайын болмаған кезде өзін - өзі бағалай алмайды. Л. С. Рувинский 
зерттеулерінде жоғарғы сынып оқушылар өзін - өзі бағалау тәсілдерін аз біледі, өздерінің 
жеке тұлғалық сапаларын бағалауда қиындыққа кездеседі. Арнайы білім беретін 
мектептің типтік бағдарламаларын, зерттеу негізінде зияты зақымдалған оқушылардың 
өзін - өзі бағалауын, жеке сапалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған 
бағдарламалар мен курстардың аз екенін тәжірибедегі мәселені талдау дәлелдеп отыр. Бұл 
оқушыларда жеке тұлға ретінде даму іскерлігінің жеткіліксіз дамуын көрсетеді. Баланы 
өзін - өзі бағалауға дайындау ғылыми әдебиеттерде нақты түсінік ретінде 
қарастырылмайды, сондықтан дайындықтың мәні мен құрылымын нақтылау қажет 
болады. Дайындық тұтас сапа ретінде дайындық теориясын, ақыл – ой, эмоциялық, т.б. 
сапаларын енгізеді. Зияты зақымдалған жоғарғы сынып оқушылардың өзін - өзі бағалауға 
дайындықтың мынадай анықтамасы бар: білім, іскерлік, дағдыны енгізетін, оқушының 
өзін - өзі бағалауын қалыптастыруды қамтамасыз ететін жеке тұлғаның интегративті, 
динамикалық сапасы . Б. Г. Ананьевтің айтуынша, өзі жайлы ойлардың пайда болуына 
ұжымдағы өмір мен өзін - өзі бағалауды қалыптастыратын қатынастардың дұрыс дамуы 
әсер етеді.
Арнайы мектеп оқушыларының өзара тұлғалық қарым-қатынасын зерттеуде, 
мектептің бастауыш сынып оқушылары арасындағы қарым-қатынасының өзіндік 
құрылымына қарамай, сол заңдылықтар бойынша дамиды, яғни жалпы мектеп оқушылары 
арасындағы қатынастары сияқты және ойын,еңбек,оқу, интернатта бірігіп өмір сүру 
процессіндегі әлеуметтік қарым-қатынасындағы қажеттіліктеріне байланысты. Әр 
оқушыға ұжымда жағымды эмоционалдық өзін сезінуін және адекватты өзін бағалауын 
қалыптастыру және жеке өзара қатынас сферасындағы деңгейін қамтамасыз ету қажет 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет