Әдебиеттер (негізгі, қосымша): 1,11,16,27
№2 семинар тақырыбы: Білім берудегі менеджмент.Педагогикалық менеджмент мақсаттары, міндеттері, қызметі.
Сабақтың мақсаты: Студенттердің білім берудегі менеджмент, педагогикалық менеджмент мақсаттары, міндеттері, қызметі туралы білімдерін кеңейту.
Негізгі сұрақтар:
Педменеджмент ұғымына түсінік , оның субъектілері.
Педменеджменттің құрылымдық компоненттеріне сипаттама.
Педагогикалық менеджменттің негізгі ұғымдары.
Педагогикалық менеджменттің функциялары және олардың өзара байланысы.
Тапсырмалар: Педагогикалық менеджменттің басқару қызметінің айрықша түрі ретіндегі мәні мен ерекшеліктерін талдау.
Әдістемелік нұсқаулықтар: Педагогикалық менеджменттің басқару қызметінің айрықша түрі ретіндегі мәні мен ерекшеліктері. Педагогикалық менеджмент теориясының негізгі түсініктері. Педагогикалық менеджмент мақсаттары мен міндеттері. Педагогикалық менеджмент әдістері.
Өткізу формасы: пікірталас
Бағалау критерийлері:
90-100
|
Практикалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 90% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде).Педагогикалық менеджменттің басқару қызметіндегі айрықша түрі ретіндегі мәні мен ерекшеліктерін, әдістерін ұғынуы және толық жеткізе білуі, өз тұжырымдарын жасай алады, мысалдар келтіре алады, өз пікірін айта алады.
|
70-89
|
Практикалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 70% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде).Сабақ барысында студент дұрыс, бірақ педагогикалық менеджменттің құрылымдық компененттері бойынша толық емес жауап береді, мысалдар келтіруде қиналады, студенттің жалпылама пікірі нақты айтылмайды.
|
50-69
|
Практикалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 50% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде).Студент ішінара дұрыс жауаптар береді, мысалдар келтірмейді, педагогикалық менеджмент теориясының негізгі түсініктерін, педагогикалық менеджмент мақсаттары мен міндеттері бойынша өз пікірін қалыптастыра алмайды, қателіктер жібереді немесе толық жауап бере алмайды.
|
0-49
|
Практикалық жұмыстар жөнінде есептің болмауы немесе сапасының төмен болуы. педагогикалық менеджменттің негізгі ұғымдарын негіздей алмады, құрылымдық компоненттерін ажырата білмеді.Студент сұрақтарға жауап бермейді немесе оның жауаптарында қателіктер бар.
|
Достарыңызбен бөлісу: |