Білім беру бағдарламасы «Білім» топтарына арналған Құрастырған: Тапаева Ж. Т. оқытушы, магистр



бет15/50
Дата21.10.2023
өлшемі3,91 Mb.
#120471
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   50
Байланысты:
Білім берудегі менеджмент новый силлабус Тапаева

Өзін – өзі бақылау сұрақтары:
1. «Басқару принципі» ұғымына анықтама беріңіз
2. Басқару принциптерінің түрлері
3. Басқарудың негізгі функцияларының (ұйымдастыру, жоспарлау, бақылау, мотивация) мәнін сипаттаңыз.

9-10 дәрістің тақырыбы: Мектептегі жаңашылдықты басқару


1. Мектептегі жаңалық және жаңашылдық процесі
2. Қазіргі мектептегі жаңашылдық процеспен басқарудың ерекшеліктері.
3.Мектептi басқарудағы қызмет түрлері
Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі олардың білім беру жүйесін, білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды-машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі әлемде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.
Инновациялық іс-әрекет – индивидтің дәстүрлі іс-әрекетінен ерекше айырмашылығы бар іс-әрекеттің негізгі түрі. Ол өзара шиеленіскен қарамақайшылықта жүзеге асады: дәстүрлі іс-әрекеттің қазіргі моделі тиімді болмай, оны одан әрі жетілдіру ешқандай нәтиже бермеген кезеңінде жаңаның өмірге келуі заңды құбылыс. Инновациялық іс-әрекетті зерттеген ғалымдар:
 Педагогикалық инноватика және оны меңгеруге мұғалімдерді дайындау (М.М.Поташник, Н.Р.Юсуфбекова, И.И.Цыркун, Я.С.Турбовской, Ш.Т.Таубаева, К.Ж.Бұзаубақова, С.Н.Лактионова, Н.К.Ахметов және басқалар).
 Мұғалімдерді ақпараттық, педагогикалық технологияны қолдана білуге дайындау (Л.В.Нефедова, М.В.Николаева, Т.А.Лавина, Г.Г.Брусницына, Ж.А. Қараев, Г.К.Нургалиева және басқалар).
 Мұғалімнің инновациялық ақпараттық мәдениетін қалыптастыру ( С.Н. Лактионова, Ш.Т.Таубаева және т.б.).
 Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетке даярлығын қалыптастыру (Н.Ш.Чинкина, Е.Г.Гаевская, Ш.Х.Курманалина, М.М. Мұқаметқали және т.б.).
 Болашақ мұғалімдерді инновациялық технологияны оқу-тәрбие процесіне пайдалануға дайындау (И.С.Дмитрих, М.Г.Соколова, Г.О.Қожашева, Г.С.Сибагатова, Б.Е.Медетбек, А.Е.Берикханова, Г.С.Базарбаева және т.б.).
 Жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие процесінде инновациялық технологияны пайдалану (Қ.Ө.Кариева, М.С.Мәлібекова, Г.Т.Жақыпбекова, Б.А.Қадырбаева, М.Б.Мақамбаев, З.А.Құттықожанова, Б.О.Қуанбаева, С.К. Исламгулова және т.б.).
 Бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық даярлығын қалыптастыру (Б.Т.Барсай, Қ.М.Нағымжанова және т.б.).
 Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің дидактикалық теориясы: В.И.Журавлев, И.А.Зязюн, П.И.Карташов, Л.И.Гусев, Н.В.Кухарев, Ф.Ш.Терегулов, Л.М.Фридман, Н.Р.Юсуфбекова, И.И.Цыркун, В.А.Сластенин, Л.С.Подымова, Б.Т.Барсай, Г.Е.Берікханова, К.Жақсылықова, Қ.Ө.Кариева, М.М.Мұқамбетқали, Қ.А.Сарбасова және т.б.
Инновациялық іс-әрекет үшін маңыздысы тек қана іс-әрекеттің мазмұнын ғана өзгерту емес, сондай-ақ оның әдіс-тәсілдерін модернизациялау, яғни ісәрекеттің технологиясын да жетілдіру аса қажет. Осы тұрғыдан алғанда, жаңашылдықты – инновацияның нәтижесі ретінде қарастыруға болады, ал инновациялық процесс, ең аз дегенде 3 кезеңді қамтиды: идеялар генерациясы; қолданбалы бағытта идеяны жүйелеу; практикаға жаңалықты ендіруді жүзеге асыру.
Жаңашылдық ғылыми идеялардың тууынан оның практикалық қолданысқа енуіне дейінгі барлық кезеңдерді қамтитын және әлеуметтікпедагогикалық ортадағы осыған сәйкес өзгерістерді жүзеге асыратын процесс. Білім беру саласындағы инновация деп арнайы жоспарланған немесе «кездейсоқ ашылған» педагогикалық инициативалар ретінде жаңалықтарды айтамыз. Бұл ретте «жаңашылдық» мазмұнына ғалым В.М.Полонский ғылымитеориялық білімнің нақты жаңалығын жатқызса, В.П.Беспалько және В.В.Сериков жаңа тиімді білім беру технологияларын жатқызады, ал Н.Л.Гузик тиімді инновациялық педагогикалық тәжірибенің технологиялық жобасын ұсынады.
Инновация – бұл тек педагогикалық процесс немесе мектепті басқаруды ұйымдастырудағы қандайда бір жаңалықтардың жемісі ғана емес, ол мектептегі тәрбиелеу және оқыту жүйесінің бәрінде өзгеріс әкелген өзара әрекеттер жиынтығының нәтижесі. Осындай нәтижелі еңбекті ұйымдастырғанда мұғалімнің инновациялық іс-әрекетке қажеттілігі арта түседі (3-кесте). Ғалым Я.С.Турбовскойдың пікірінше, жаңашылдық озат педагогикалық тәжірибені пайдалану барысында оқу-тәрбие процесінің сапалы жаңа өзгерісі болып табылады.

Кесте 1 «Инновация ұғымдарына сипаттамы»
Барлық педагогикалық жаңашылдықтардың атқаратын қызметіне қарай 3 түрге топтастыруға болады: 1) білім беру процесінің тиімділігін қамтамасыз ететін жаңашылдық –білім берудің жаңа мазмұны, инновациялық білім беру ортасы, мәдени-әлеуметтік жағдай және т.б.;
2) жаңа өнімдер, жаңа туындылар, жаңа идеялар әкелетін жаңашылдық – педагогикалық құрал, білім берудің технологиялық жобалары және т.б.;
3) ұйымдастыру-басқарушылық бағытындағы жаңашылдық – білім беру жүйесі құрылымындағы сапалы жаңа шешімдер және олардың қызметін қамтамасыз ететін басқарушылық іс-әрекеттер.
Инновациялық процесс – жаңаны құру, меңгеру, пайдалану және тарату сияқты іс-әрекеттер жиынтығы. Мәселен, философ Н.И.Лапин жаңалық ендірудің жүйелілік,іс-әрекеттілік тұжырымдамасын ұсынады, жаңаны ендірудің әртүрлі деңгейлерін анықтайды (жалпығылымилық, жалпыәдіснамалық, нақты ғылымилық, қолданбалық), инновациялық процестің құрылымын ашып көрсетеді, жаңалық ендірудің негізгі параметрлерін көрсетеді, инновациялық процеске қатысты ұғымдарды анықтайды (жаңалық ендірудің өмірлік циклі, жаңалық ендірудің динамикасы мен тиімділігі).
Білім беру саласындағы жаңашылдықты инновациялық өзгерістердің интенсивтігіне қарай немесе жаңашылдық деңгейіне қарай 8 түрін ажыратуға болады:
1) Нөлдік деңгейдегі инновация – жүйенің алғашқы қасиеттерін практика жүзінде түрлендіру (дәстүрлі білім беру жүйесі немесе оның элементтерін жаңадан қарастыру);
2) Бірінші деңгейдегі инновация – сапасы өзгеріссіз қалатын жүйенің сандық өзгерісімен сипатталады;
3) Екінші деңгейдегі инновация – жүйенің элементтерін қайта топтастырып, ұйымдастырушылық өзгерістерімен ерекшеленеді (мысалы, белгілі педагогикалық құралдардың жаңа комбинациясы, оның реттілігінің өзгерісі, пайдалану ережелерінің түрленуі);
4) Үшінші деңгейдегі инновация – ескі білім беру моделінің шегінен шықпай білім беру жүйесін жаңа жағдайға бейімдеу болып табылады;
5) Төртінші деңгейдегі инновацияда шешімнің жаңа нұсқасы болады (бұл көбінесе білім беру жүйесінің жеке компоненттерінің қызметтік мүмкіндіктерін кеңейте түсіп қарапайым сапалық өзгерістері ретінде көрініс табады);
6) Бесінші деңгейдегі инновация – білім беру жүйесінің «жаңа буынын» құрумен ерекшеленеді (жүйенің алғашқы қасиеттерін түгел өзгерту болып табылады);
7) Алтыншы деңгейдегі инновация – жүйені түрлендіруші қызметтік принципін сақтай отырып, жүйенің қызметтік қасиеттерінің сапалық өзгерісін сипаттайтын білім беру жүйесінің «жаңа түрімен» ерекшеленеді.
8) Жетінші деңгейдегі инновация – нәтижесінде жүйенің негізгі қызметтік принципі өзгеріске ұшырайтын білім беру жүйесінің жоғарғы, түбегейлі өзгерісімен сипатталады, яғни білім берудің «жаңа» жүйесі қалыптасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет