Білім беру бағдарламасы «Білім» топтарына арналған Құрастырған: Тапаева Ж. Т. оқытушы, магистр



бет21/50
Дата21.10.2023
өлшемі3,91 Mb.
#120471
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   50
Байланысты:
Білім берудегі менеджмент новый силлабус Тапаева

Өзін – өзі бақылау сұрақтары:
1. Мектептің педагог қызметкерлерін аттестациялау мазмұны.
2. Мұғалім еңбегін бағалаудың жалпы талаптарына тоқталыңыз.
3. Мұғалімге өз білімін көтеру жұмыстарын ұйымдастыру жолдарын атаңыз.
19-20 дәрістің тақырыбы: Технологиялық тәсіл негізінде мектепті басқару
Дәріс мазмұны:
1. Басқару мазмұнының функционалдық, жүйелік, ситуациалық,оңтайландыру және зерттеушілік сипаттары
2. Білім беру үрдісінде тұлғалық бағдарлы мазмұнын жүзеге асуы
3. Тұлғаның бойында өзін-өзі дамытуға бағытталған субъектілік сапалар
Ізгіліктік заңдылықтарын негізге алу арқылы тұлғалық бағдарлы басқару үрдісіне қатысушылардың тұлғалық құндылығына бағытталған сенім мен құрметтеудің көрінісі болып табылады. Бұл жағдайда барлық басқару қызметі мен педагогикалық әрекеттер адам үшін қажеттігімен өлшенеді, сонымен қатар басқару жоғарыдан төмен ықпал етумен емес, оның субъектілерінің басқару ісіне белсене араласуымен және өзара қарым-қатынасының сипатымен ерекшеленеді. Басқарудың сипаты субъектіден-субъектіге, монологтан-диалогқа, бақылаудан-өзіндік бакылауға, тұлғалык бағдарлы мазмұнға ие болады. Тұлғалық бағдарлы теория негізінде басқару үрдісінде оқушылар мен мұғалімдер "басқару субъектілері" ретінде қарастырылады. Олардың арасындағы қатынастар ерекше сипатқа ие болып, субъектаралық, диалогтық рефлексиялық мазмұн қалыптасады. Сөйтіп, тұлғалық тұрғыдан басқару оның субъектілеріне сырттан ықпал ету арқылы ғана емес, өз бойындағы әлеуетін дамыту, өзіндік рефлексиялық әрекеттерін жетілдіру барысында жүзеге асырылады.
Тұлғалық бағдарлы басқару мазмұнының негізінен тұлғалық бағдарлы білім беру үрдісімен сәйкестік мәні анықталды:

  • тұлғалық бағдарлы білім беру - адамның қалыптасуы, оның өз бейнесін табуы, даралық, руханилық, шығармашылық бастамасы. Сондықтан, тұлғалық бағдарлы білім беруді басқару - тұлғаның өз мәдениетінің субъектісі болуына көмектесу, шығармашылық өмірге үйрету;

  • тұлғалық бағдарлы білім беру сырттан келетін тәрбиелеу емес, адам бойынан адамдықты табу, оны қолдау және дамыту негізінде өзін өзі реттеуге, өзін өзі қорғауға, өзін өзі тәрбиелеуге әкеледі. Сол арқылы өзіндік болмысы, санасы бар тұлғалық бейне қалыптасады, табиғатпен, мәдениетпен, өркениетпен диалогтық қарым-қатынасы жүреді, сондықтан тұлғалық бағдарлы білім беруді басқару - педагогтың балаға қатынасын және оқытудағы тұлғалық позициясын қалыптастыру;

  • тұлғалық бағдарлы технология негізінде басқару - адамның дене және рухани денсаулығы, адамгершілігі, бостандығы. Ол - тұлғаны түсіну, өзара түсіністік, ынтымақтастық қарым-қатынастың, салауатты өмір мен парасаттылықтың, өзіндік қатынастың негізін қалау;

  • тұлғалық бағдарлы білім беру адамның қажеттіктерін қанағаттандыруға бағытталады, сондықтан оны басқарудың мазмұны адамның өзін тұлға ретінде дамыту үшін, өз өмірінің субъектісі болу үшін жағдай туғызуға негізделеді.

Педагогикалық процесті басқару – қойылған мақсатқа сәйкес шешім қабылдау, ұйымдастыру, бақылау, басқару объектісін зерттеу, алынған ақпараттарды талдау және қорытындылау іс-әрекеті болып табылады. Басқару объектісі биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер бола алады. Білім беру әлеуметтік жүйеге жатады және елдің, өлкенің, облыстың, қаланың және ауданның аумағында қызмет етеді. Сондықтан басқару субъектілері министрлік, облыстық, қалалық, аудандық білім беру басқармалары болып бөлінеді. Жалпы орта білім беретін мектептер күрделі динамикалық жүйе ретінде мектепішілік басқару объектісі болып табылады.
Мектепішілік басқару – тиімді нәтижелерге қол жеткізу мақсатында тұтас педагогикалық процестің объективтік заңдылықтарын тануға негізделген; оған қатысушылардың мақсатты, саналы өзара әсерлесуі. Тұтас педагогикалық процесс қатысушыларының оны басқарудағы өзара әсерлесуі өзара байланысты: педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу мен түзету тәрізді әрекеттер мен функциялардан тұрады. Қазіргі білім беру жүйесінің дамуындағы бір ерекшелік – білім беру мемлекеттік-қоғамдық басқару болып табылады.
Білім беру жүйесін мемлекеттік басқару сипаты төмендегідей қағидалар (принциптер) жиынтығымен анықталады: 1) білім берудің ізгілік сипатта болуы;
2) білім беру жүйесінің ұлттық мәдениеттерді және салт-дәстүрлерді мемлекеттік тараптардан қорғауы;
3) білім берудің жалпыға бірдейлігі;
4) білім берудің зиялылығы;
5) білім берудегі еркіндік пен плюрализм;
6) білім берудің демократиялық сипатта болуы.
Мектеп іс-әрекетін ұжымдық басқару органы – мектеп кеңесі басқарады. Оның атқаратын функциялары мен жұмыс мазмұны жалпы білім беру мекемесінің типтік ережелерінде көрсетіледі. Мектептің жоғары жетекші органы – конференция, жылына кем дегенде бір рет шақырылып отырылады. Мұнда мектеп кеңесі, оның төрағасы, іс-әрекет мерзімі анықталады және мекеме Жарғысы қабылданады. Конференциялар аралығындағы жетекші орган рөлін мектеп кеңесі атқарады. Мектеп педагогикалық жүйеге жатады, себебі ол бірқатар жүйе құраушы факторлармен, қызмет көрсету жағдайларымен, құрылымдық және функционалдық компоненттер жиынтығымен сипатталады.
Жүйе құраушы факторлар рөлін мақсаттар мен нәтижелер атқарады; қызмет көрсету жағдайлары – әлеуметтік-педагогикалық және уақытша байқалатын жағдайлармен; құрылымдық компоненттер – басқарушы (педагогикалық ұжым) және басқарылушы (оқушылар ұжымы) жүйелермен, педагогикалық іс-әрекет мазмұнымен, құралдармен, нысандармен және әдістермен; функционалдық компоненттер – педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу және түзетумен анықталады. Мектепті педагогикалық жүйе және басқару объектісі ретінде қарастыру оны басқарушылардың басқару іс-әрекеті бір мезгілде мақсаттар анықтау мен олардың нәтижелеріне қол жеткізуге, педагогикалық және оқушылар ұжымдарын қалыптастыру жағдайларын жасауға, оқу-тәрбие жұмысы мазмұнын таңдап алу мен құралдарын, нысандарын, әрекетін қолдануға мүмкіндік береді. Мұндай амал педагогикалық жүйе мақсаттылығын сақтай отырып, оны құрайтын компоненттерді жаңартуға тиімді әсер етеді. Педагогикалық жүйенің бастысы болып табылатын, маңызды жүйе құраушы фактор – баланың тұлғалық күштерін үйлесімді дамытуға, оның өзінөзі анықтауына және өзін-өзі дамытуына жағдайлар жасауға бағытталған мұғалімдер мен оқушылардың біріккен іс-әрекет мақсаты болып табылады. Мектеп мақсаты – тұлғаның интеллектуалдық, құлықтық, эстетикалық, еңбектік, экологиялық, құқықтық және басқа да мәдениетін қамтитын базалық мәдениет негіздерін қалыптастыру болып табылады. Жүйе құраушы ретіндегі нәтиже – жекелеген оқушылардың да, тұтастай алғандағы оқушылар ұжымының да тәрбиелік деңгейін анықтауды қамтамасыз ететін неғұрлым тұрақты және нақты өлшемдер жиынтығымен анықталады. Мұндай өлшемдердің болуы қойылған мақсатты оның жүзеге асырылу күйімен салыстыра отырып, мұғалімнің, педагогикалық іс-әрекетке қатысушыларың ісәрекеті жолдарын түзетуге мүмкіндік береді.
Педагогикалық жүйенің әлеуметтік-педагогикалық жағдайларын жалпы және арнайы жағдайлар деп екіге бөлуге болады. Жалпы жағдайларға: әлеуметтік, экономикалық, мәдени, ұлттық, географиялық жағдайлар; ал арнайы жағдайларға: оқушылардың әлеуметтік-демографиялық құрамы, мектептің тұрған жері, материалдық мүмкіндіктері, жабдықтар, ол тұрған жердегі қоршаған ортаның тәрбиелік мүмкіндіктері жатады. Педагогикалық процестің тиімділігін көрсететін маңызды көрсеткіштер – педагогикалық және оқушылар ұжымдарындағы моральдық-психологиялық ахуал, ата-аналар мен оқушылардың педагогикалық деңгейлері болып есептеледі. Педагогикалық жүйенің құрылымдық элементтері педагогикалық ұжым және оның жетекшілерінің немесе басқарушы жүйенің іс-әрекеті негізінде анықталады.
Басқарушы жүйе құрылымы төрт деңгейге бөлінеді:
I деңгей – мектеп директоры, мектеп кеңесі, оқушылар комитеті, қоғамдық ұйымдар жетекшілері. Бұл деңгей мектепті дамытудың стратегиялық бағытын анықтайды.
II деңгей – мектеп директорының орынбасары, мектеп психологы, әлеуметтік педагог, қоғамдық пайдалы еңбекті ұйымдастырушы, аға жетекшілер, мектеп директорының шаруашылық жөніндегі көмекшісі, өзін-өзі басқаруға қатысатын органдар мен бірлестіктер.
III деңгей – мұғалімдер, тәрбиешілер, сынып жетекшілері.
IV деңгей – оқушылар, сынып және жалпы мектеп оқушыларының өзінөзі басқару органы. Бұл деңгейдің бөлінуі мұғалімдер мен оқушылардың арасындағы қатынастың субъект-субъектілік сипатын көрсетеді. Оқушы өзара әсерлесу объектісі бола отырып, өзінің дамуына субъект рөлін атқара алады. Басқарылатын жүйеде негізгі орын оқушылар ұжымына беріледі.
Мұнда басқарудың екі деңгейін анықтауға болады: тігінен – жалпы мектеп ұжымы және сыныптар ұжымы. Көлденеңінен – қоғамдық ұйымдар, спорттық секциялар, шығармашылық, бірлестіктер, үйірмелер, бригадалар және т.б. Ал, педагогикалық жүйенің функционалдық компоненттері жеке-дара өмір сүрмейді, мұғалім іс-әрекетімен бірлесе жүреді. Функционалдық компоненттер: педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу мен түзету – бұлар педагогикалық процесті қозғалыста, өзгерісте сипаттайды (дамыту мен жетілдіру). Басқаруға тән басты ерекшілік – бұл жұмысқа барлығының: әкімшілік, мұғалімдер, оқушылардың бірдей араласуы. Мұндай жағдай басқару қызметінің мазмұны мен нәтижесіне үлкен әсерін тигізеді, себебі бұл істің қалаған сатысында қай деңгейде болмасын, басқарушы адам өз әрекетінің кез-келген сәті мен жүйенің қалпы тек оның шешіміне тәуелді болмайтынын мойындауы тиіс. Білім жүйесінде қалаған деңгейдегі басқару қатынастары тәрбиелік қызметті де атқарады. Тәрбиеленушілерді басқарушы болып есептелетін педагог-тәрбиешілер оларға жетекшілік етеді, ал тәрбиеленушілер осы жетекшілік қатынастарды пайдалы ұғымдар ретінде игереді, яғни тәрбиелік қызметтің орындалып жатқаны. Осыдан да басшының, тәрбиешінің, мұғалімнің моральдық, әдептілік кейпіне жоғары талаптар қойылады. Кәсіби іс-әрекетті әрқилы деңгейде бірдей тең басқару – бұл да педагогикалық жүйелерді басқарудың өз алдына ерекшелігі. Өз тұлғасын қалыптастыру барысындағы оқушы іс-әрекетін тәрбиешінің бір өзі басқармайды, бұған бірнеше пән мұғалімдері, сынып жетекшісі және басқа да күнделікті ықпал жасаушы мектептің барша қызметкерлері араласады. Сондай-ақ, мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің қызметтеріне мектеп директоры мен директордың оқу, тәрбие және сыныптан тыс жұмыстар бойынша орынбасарлары әкімшілік басқару жүргізеді. Мұғалімдер бір уақытта бірнеше қызмет атқарады. Ол – сынып жетекшісі, пән мұғалімі, әдістемелік бірлестік мүшесі. Мектеп көп тарапты байланысқа ие. Оның жұмысы ата-аналармен, қоғамдық ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен қатынастар негізінде атқарылып отырылады. Мектеп – мемлекеттік (немесе онымен тығыз байланысқан) құрылым. Отбасы, қоғам, мемлекет араларындағы бірлікті іс-әрекеттердің ұштаса орындалуынан тәрбиенің жалпы мақсаттары іске асып отырылады. Бұл да педагогикалық жүйелерді басқарудың өз ерекшелігі. Білім берудегі мектеп жағдайы «мұғалім-оқушы» қарым-қатынасына тәуелді: әртүрлі жас деңгейіндегі балалар бірлестіктеріне басшылық жасауда материалдық ынтадан гөрі моральдық ынтаның басым болуы; басқарушының өз қарамағындағылармен жеке таныс болу қажеттігі, білім саласын басқаратын тұлғаның жоғары дәрежеде білікті, білімді болуы шарт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет