Өзін – өзі бақылау сұрақтары: 1. Педагогикалық менеджменттегі көшбасшылық процесіне сипаттама беріңіз.
2. Коучингтер, тәлімгерлік жұмыс түрлеріне тоқталыңыз.
7. Практикалық (семинар)/ зертханалық сабақтарға арналған нұсқаулық. № 1 семинар тақырыбы: Менеджменттің шетелдік теориялары мен тұжырымдамалары.Қазіргі менеджменттің мәні мен өзіне тән сипаты.
Сабақтың мақсаты: Студенттерге менеджменттің шетелдік теориялары мен тұжырымдамалары туралы ақпарат беру.
Негізгі сұрақтар: «Басқару» және «менеджмент» ұғымдарына салыстырмалы түсінік .
Басқарудың әрекетінің тарихи даму жолына сипаттама .
Менеджменттің әдіснамалық негізін құрайтын концепциялар.
Басқару ісінің шетелдік және жаңа парадигмасын және оның даму тенденциялары.
Тапсырмалар:Қазақстанда және шетелде педагогикалық менеджметінің дамуы бойынша хроникалық кесте толтыру.
Әдістемелік нұсқаулықтар: Менеджмент кәсіби қызметтің ерекше түрі ретінде. Басқару туралы ғылымның дамуы, басқару ой-пікірінің эволюциясы: менеджменттің шетелдік теориялары мен тұжырымдамалары.
Өткізу формасы: постер қорғау.
Бағалау критерийлері:
90-100
Практикалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 90% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде). Оқытушы мен басқа студенттердің сұрақтарына толық және дұрыс жауап бере алуы, «Басқару» және «менеджмент» ұғымдарын бойынша терминологияны білуі, Менеджмент дамуының шетелдік тоерияларын талдауда тақырыпты қосымша мәліметтермен қамтуы өз тұжырымдарын жасай алады, мысалдар келтіре алады, өз пікірін айта алады.
70-89
Практикалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 70% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде). Сабақ барысында студент дұрыс, бірақ Басқару ісінің шетелдік және жаңа парадигмасын және оның даму тенденциялары бойынша толық емес жауап береді, мысалдар келтіруде қиналады, студенттің жалпылама пікірі нақты айтылмайды.
50-69
Практикалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 50% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде). Студент ішінара дұрыс жауаптар береді, мысалдар келтірмейді, менеджменттің әдіснамалық негізін құрайтын концепциялары бойынша өз пікірін қалыптастыра алмайды, қателіктер жібереді немесе толық жауап бере алмайды.
0-49
Практикалық жұмыстар жөнінде есептің болмауы немесе сапасының төмен болуы.Қазақстанда және шетелде педагогикалық менеджметінің дамуын негіздей алмады, студент сұрақтарға жауап бермейді немесе оның жауаптарында қателіктер бар.