Қауіпті қалдықтарды сыныптау 1. Мына заттардың:
1) жарылғыш заттардың;
2) жеңіл тұтанатын сұйықтардың;
3) жеңіл тұтанатын қатты заттардың;
4) өздігінен жанатын заттар мен қалдықтардың;
5) қышқылданатын заттардың;
6) органикалық пероксидтердің;
7) улы заттардың;
8) созылмалы және тұрақты ауру туғызатын уытты заттардың;
9) жұқтырушы заттардың;
10) коррозиялаушы заттардың;
11) экоуытты заттардың;
12) сумен әрекеттесу кезінде тұтану қаупі бар газдар бөле алатын заттардың немесе
қалдықтардың;
13) ауамен немесе сумен әрекеттесу кезінде уытты газдар бөле алатын заттардың немесе
қалдықтардың;
14) жоғарыда аталған қасиеттердің бірін иеленетін басқа материалдарды құрауға қабілетті
заттар мен материалдардың біреуін немесе бірнешеуін қамтитын қалдықтар қауіпті
қалдықтарға жатқызылады.
2. Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды
бақылау туралы
Базель конвенциясына
сәйкес қалдықтарды тасымалдау, кәдеге жарату,
сақтау және көму мақсатында олардың қауіптілігінің 3 деңгейі белгіленеді:
1) Жасыл - G индексі;
2) Янтарь түсті - А индексі;
3) Қызыл - R индексі.
3. Қалдықтарға код белгілегенде қалдықтар пайда болатын сала, жинау (көму) тәсілі,
кәдеге жарату немесе регенерация тәсілі, ықтимал қауіпті құрамдас элементтері,
қауіптілік түрі, объектілерінде қалдықтар пайда болатын экономика салалары ескеріледі.
4. Қалдықтардың қауіптілік деңгейін айқындау және қалдықтарға код белгілеу қоршаған
ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган
бекіткен
қалдықтар жіктегішінің негізінде
жүргізіледі. Жіктегіште қалдықтардың осы түрі болмаған жағдайда қауіптілік деңгейі мен
код белгілеу әрбір нақты жағдайға негізделеді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы
уәкілетті органмен келісіледі.
5. Технологиялар өзгерген кезде немесе өзге шикізат ресурстарына көшкен кезде, сондай-
ақ қалдықтардың қауіпті қасиеттері өзгеруі мүмкін басқа да жағдайларда қалдықтардың
қауіптілік деңгейін айқындау мен код белгілеу жүргізіледі.
6. Табиғат пайдаланушы қалдықтарды белгілі бір код белгілеуге жатқызуды дербес
жүргізеді немесе қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстар орындауға және
қызметтер көрсетуге лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғаларды тарта отырып
жүргізеді.
Қауіпті қалдықтардың паспорты 1. Шаруашылық қызметі процесінде қалдықтар құралатын жеке және
заңды тұлғалар қауіпті қалдықтардың паспортын жасайды және бекітеді.
2. Қауіпті қалдықтардың паспорты:
1) осы Кодекстің 287-бабының 1-тармағында көрсетілген қалдықтарға;
2)
Янтарь
және
Қызыл тізімдердегі
қалдықтарға жасалады.
3. Қауіпті қалдықтардың паспортында мынадай міндетті бөлімдер:
1) қалдықтардың атаулары;
2) қалдық шығарушы - жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері,
өндірістік үй-жайы болған кезде оның орналасқан жері, кәсіпорынның атауы мен
деректемелері;
3) қалдықтардың шығу көздері;
4) қалдықтардың қауіпті қасиеттерінің тізбесі;
5) қалдықтардың химиялық құрамы және олардың құрауыштарының қауіпті
қасиеттерінің сипаттамасы;
6) қалдықтарды өңдеудің ұсынылатын тәсілдері;
7) қалдықтармен жұмыс істеу кезіндегі қажетті сақтану шаралары;
8) қалдықтарды тасымалдауға және тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізуге қойылатын
талаптар;
9) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының
алдын алу және оларды жою жөніндегі шаралар;
10) қосымша ақпарат қамтылуға тиіс.
4. Қауіпті қалдықтар паспортының нысанын қоршаған ортаны қорғау саласындағы
уәкілетті орган
бекітеді
және ол қалдықтардың әрбір түріне жеке толтырылады.
5. Қауіпті қалдықтар паспорты, қауіпті қалдықтар құралған кезден бастап үш ай ішінде
қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органда тіркелуге тиіс.
6. Міндетті бөлімдерге енгізілген, деректердің толықтығы мен дұрыстығын көтеретін
қосымша ақпараттардың түсуіне қарай қауіпті қалдықтар паспорты жаңартылуға және
қайта тіркелуге жатады.
7. Тіркелген қауіпті қалдықтар паспорттарының көшірмелері қалдықтардың осы тобын
немесе оның бір бөлігін тасымалдайтын жеке тұлғаға немесе кәсіпорынға, сондай-ақ
қалдықтардың осы тобының (топ бөліктерінің) әрбір жүк алушысына міндетті түрде табыс
етіледі.
8. Жүк алушы алынған қалдықтар тобын өңдеу кезінде, басқа материалдармен
араластыруды қоса алғанда, өз кәсіпорнынан тысқары жерге тасымалдаған жағдайда осы
топқа (топ бөлігіне) қауіпті қалдықтардың жаңа паспортын ресімдеуге және оны тіркеуге
тиіс.
9. Қалдықтар құралған процестің технологиялық регламентінің өзгеруіне байланысты
осы қалдықтардың қауіпті қасиеттері өзгерген жағдайда қауіпті қалдықтар паспорты
өзінің қолданылуын тоқтатады.
10. Қалдықтың химиялық және құрауыштық құрамы аккредиттелген зертхана
орындаған талдаулардың нәтижелері негізінде көрсетіледі. Өзінің тұтынушылық
қасиеттерін жоғалтқан тауарлар (өнімдер) түрінде берілген қалдықтар үшін техникалық
жағдайларға сәйкес бастапқы тауардың (өнімнің) құрауыштық құрамы туралы мәліметтер
көрсетіледі.
11. Қауіпті қалдықтар паспортында бастапқы тауардың (өнімнің) атауы беріле отырып,
нәтижесінде қалдықтар құралған технологиялық процестің немесе нәтижесінде тауар
(өнім) өзінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан процестің атауы көрсетіледі.
12. Қауіпті қалдықтар паспортында қауіпті қалдықпен байланысты, оның ішінде
тасымалдау және тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу уақытындағы табиғи және техногендік
сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою
жөніндегі қажетті шаралар көрсетіледі.
13. "Қосымша ақпарат" бөлімінде қалдықтардың меншік иесі хабарлағысы келетін өзге
де ақпарат көрсетіледі.