Қауіпті қалдықтарды тасымалдау кезіндегі экологиялық талаптар 1. Қауіпті қалдықтардың құралуы мен олардың тасымалдануы барынша азайтылуға
тиіс.
2. Қауіпті қалдықтарды мынадай жағдайларда:
1) қауіпті қалдықтар тасымалдау мақсатында тиісті түрде орап-буылған және
таңбаланған болса;
2) арнайы жабдықталған және арнаулы белгілермен жарақтандырылған көлік
құралдары бар болса;
3) қауіпті қалдықтардың паспорты және тасымалданатын қауіпті қалдықтардың саны,
оларды тасымалдау мақсаты мен межелі орны көрсетілген, қауіпті қалдықтарды
тасымалдау мен беруге арналған құжаттама бар болса;
4) қауіпті қалдықтарды тасымалдау кезінде қойылатын, сондай-ақ тиеу-түсіру
жұмыстарына қойылатын қауіпсіздік талаптары сақталса, тасымалдауға жол беріледі.
3. Қауіпті қалдықтарды тасымалдау мақсатында буып-түю және таңбалау тәртібі
Қазақстан Республикасының көлік туралы
заңнамасында
белгіленеді.
4. Қалдықтарды көлік құралдарымен тасымалдау тәртібі, тиеу-түсіру жұмыстарын
орындауға қойылатын талаптар және экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі басқа да талаптар көлік және коммуникация
саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін және қоршаған ортаны қорғау
саласындағы уәкілетті органмен және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қызметі
саласындағы мемлекеттік органмен келісілген нормалар мен ережелерде айқындалады.
5. Қалдықтар көлік құралына тиелген және қалдықтарды тасымалдауды жүзеге
асыратын жеке немесе заңды тұлға оларды қабылдап алған кезден бастап олар белгіленген
жерде көлік құралынан түсірілгенге дейін осы көлік құралы тиесілі көлік ұйымы немесе
адам олармен қауіпсіз жұмыс істеу үшін жауапты болады.
Қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау 1. Қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау мақсаты үшін Қауіпті қалдықтарды
трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель
конвенциясының сәйкес келетін қалдық топтары қауіпті болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қалдықтарды транзиттеу Қауіпті
қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау
туралы
Базель
конвенциясының
талаптарына
сәйкес
жүзеге
асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қалдықтарды трансшекаралық
тасымалдау қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қорытындысы
негізінде
жүзеге
асырылады.
3. Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа
шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясының тараптары - мемлекеттерге және
өздерінің заңнамасы шеңберінде қауіпті қалдықтар импортына тыйым салған дамушы
елдерге не осы қалдықтарды пайдалану экологиялық негізделген түрде жүзеге
асырылмайды деп ойлауға негіз болса, сондай-ақ оңтүстік ендіктің 60 градусынан
оңтүстікке қарай орналасқан аудандарға қауіпті қалдықтарды экспорттауға тыйым
салынады.
4. Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау кезінде табиғат пайдаланушылар
мүдделі мемлекеттерге ұсынылатын қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауға қатысты
ұсынылатын тасымалдың адам денсаулығы мен қоршаған орта үшін салдарын көрсететін
ақпаратты
табыс
етуге
міндетті.
5. Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау кезінде олар орап-буу, таңбалау
және тасымалдау саласындағы жалпы қабылданған халықаралық ережелер мен
нормаларға
сәйкес
оралып-буылуға,
таңбалануға
және
тасымалдануға
тиіс.