Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін kr 3301Қалдықтарды басқарупәні бойынша


 Дәріс Өндірістік қалдықтарды сақтау мен залалсыздандыру



Pdf көрінісі
бет12/34
Дата07.05.2023
өлшемі1,76 Mb.
#90941
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   34
Байланысты:
umkd (9)

Дәріс Өндірістік қалдықтарды сақтау мен залалсыздандыру 
Қалдықтармен айналысудың экономикалық реттеу механизмдері 
Пайдалану процесінде қалдықтар құралатын объектілерді жобалау кезінде: 
1) жобалау құжаттамасының құрамдас бөлігі ретінде қалдықтарды басқару 
бағдарламасын әзірлеу; 


2) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында және Қазақстан 
Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы 
заңнамасында белгіленген экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық және өзге де 
талаптарды ескеру; 
3) қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі техникалық және технологиялық 
құжаттама әзірлеу қажет. 
Тұрғын үй ғимараттарын, сондай-ақ пайдалану процесінде қалдықтар құралатын 
өндірістік кәсіпорындарды, ғимараттарды, құрылыстар мен өзге де объектілерді жобалау 
кезінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және халықтың санитарлық-
эпидемиологиялық салауаттылығы қызметі саласындағы мемлекеттік орган белгілейтін 
қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы ережелерге, нормативтер мен талаптарға сәйкес 
осындай қалдықтарды жинауға арналған орындар (алаңдар) көзделуі қажет. 
Қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты кәсіпорындарды, ғимараттарды, 
құрылыстарды, құрылыс-жайлар мен өзге де объектілерді пайдалану кезінде жеке және 
заңды тұлғалар: 
1) оларды қайта өңдеу, кәдеге жарату, залалсыздандыру және қауіпсіз жою не осы 
іс-шараларды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға беру арқылы оларды азайту 
жөніндегі шараларды көздейтін қалдықтарды орналастыру нормативтерінің жобасын 
әзірлеуге; 
2) ең жаңа ғылыми-техникалық жетістіктер негізінде қалдықты аз шығаратын 
технологиялар мен қалдықтардың құралуын төмендету жөніндегі ұйымдастыру 
шараларын енгізуге; 
3) қалдықтар мен оларды орналастыратын объектілерге түгендеу жүргізуге; 
4) қалдықтар орналастырылған объектілердің аумақтарында қоршаған ортаның 
жай-күйіне мониторинг жүргізуге; 
5) 
қалдықтармен 
жұмыс 
істеуге 
байланысты 
ақпаратты 
Қазақстан 
Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс етуге; 
6) қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты авариялардың алдын алу жөніндегі 
талаптарды сақтауға және оларды жою жөнінде шұғыл шаралар қолдануға; 
7) қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты қоршаған ортаға, жеке тұлғалардың 
денсаулығына немесе мүлкіне не заңды тұлғалардың мүлкіне залал келтіретін немесе 
залал келтіруі мүмкін авариялар туындаған немесе олардың қатері төнген жағдайда, бұл 
туралы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға және халықтың 
санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органға және 
жергілікті атқарушы органдарға дереу хабарлауға міндетті. 
Қалдықтарды орналастыру объектісі салынатын жерді анықтау мемлекеттік 
экологиялық, 
санитарлық-эпидемиологиялық 
сараптамалардың 
және 
Қазақстан 
Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 
заңнамасына
 
сәйкес жүргізілетін сараптаманың оң қорытындылары болған кезде арнайы (инженерлік-
геологиялық, гидрогеологиялық және өзге) зерттеулер негізінде жүзеге асырылады. 
Қалдықтарды орналастыру объектілерінің меншік иелері, сондай-ақ иеленуінде 
және пайдалануында қалдықтарды орналастыру объектілері бар адамдар осы объектілерді 
пайдалану аяқталғаннан кейін олардың жай-күйі мен қоршаған ортаға әсерін бақылауды 
және бүлінген жерлерде рекультивациялау жөнінде жұмыстар жүргізуге міндетті. 
Қалалық және басқа да қоныстардың, орман саябақтарының, курорттық, емдеу-
сауықтыру аумақтарында, рекреациялық аймақтарда, сондай-ақ су қорғау аймақтарында, 
ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау мақсаттарында пайдаланылатын 
жерасты су объектілерінің су жинау алаңдарында қалдықтарды көмуге тыйым салынады. 
Егер пайдалы қазбалар жатқан жерлерге ластану қатері және тау-кен жұмыстарын 
жүргізу қауіпсіздігіне қатер төндірген жағдайларда, пайдалы қазбалар жатқан және тау-
кен жұмыстары жүргізілетін жерлерге қалдықтарды көмуге тыйым салынады. 


. 291-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 
N 505-IV
(алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
Жергілікті атқарушы органдар коммуналдық қалдықтардың бағалы құрауыштарын 
бөлек жинауды, уақытша сақтауды, ұдайы тасып әкетуді және залалсыздандыруды, 
сондай-ақ елді мекеннің аумақтарын тазартуды көздейтін, коммуналдық қалдықтарды 
жинаудың ұтымды және экологиялық қауіпсіз жүйесін ұйымдастыруға жауап береді. 
Коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу кезінде қойылатын экологиялық 
талаптардың сақталуын бақылауды жергілікті атқарушы органдар, қоршаған ортаны 
қорғау саласындағы уәкілетті орган және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің 
мемлекеттік органы қамтамасыз етеді. 
Жергілікті атқарушы органдар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 
коммуналдық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау, қайта пайдалану, полигондарда 
орналастыру жөніндегі қажетті инфрақұрылым құруды және оның жұмыс істеуін көздеуге 
тиіс. 
Коммуналдық қалдықтарды олар сақталатын және өңделетін белгіленген жерге 
тасымалдауды және жинауды қалдықтардың меншік иелерінің есебінен осы салада 
маманданған ұйымдар жүзеге асырады. 
Жергілікті атқарушы органдар: 
1) қайта пайдаланылатын қалдықтар фракцияларын бөлек жинауды және кәдеге 
жаратуды жүзеге асыруды ұйымдастыру; 
2) қалдықтарды уақытша сақтау және өңдеу орындарына тұрақты тасымалдауды 
және оларды полигондарға орналастыруды ұйымдастыру; 
3) органикалық қалдықтарды бөлек жинауға және оларды пайдалануға 
ынталандыру; 
4) құрылыс қалдықтарының тікелей құрылыс алаңдарында немесе арнаулы орында 
қалдықтардың басқа түрлерінен міндетті түрде бөліп алуды, сондай-ақ қоқыстарда және 
полигондарда құрылыс қоқыстарын басқа қалдықтармен араластыруға жол бермеуді 
ұйымдастыру; 
5) қалдықтардың бір түрін екінші бір түрімен немесе арнаулы қоспалармен 
араластыруға тыйым салуды белгілеу; 
6) коммуналдық қалдықтарды санкциясыз жағуға жол бермеу; 
7) қалдықтардың меншік иелерінің қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі өз 
міндеттемелерін осы қалдықтарды қайта өңдейтін объектілердің иелеріне беруі үшін 
жағдайлар жасау; 
8) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу туралы дәйекті ақпаратты қоршаған 
ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға уақтылы беру жүйесін ұйымдастыру арқылы 
коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу кезіндегі экологиялық талаптардың сақталуын 
қамтамасыз етеді. 
Коммуналдық қалдықтарды көмуді, қалдықтар полигондарын жасау мен 
пайдалануды коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар және осы салада маманданған өзге 
де ұйымдар жүзеге асырады. 
8 ДӘРІС Қазақстандағы өндірістік қалдықтар мәселесі 
Қалыдқтарды басқарудың кешенді концепция 
Қалдықтарды басқару бағдарламасын І және ІІ санаттағы объектілері бар жеке және 
заңды тұлғалар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен 
әзірлейді. 
Қалдықтарды кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді немесе олардың көлемін және 
қауіпті қасиеттерін өзге де тәсілдермен азайтуды жүзеге асыратын, сондай-ақ өндіріс және 
тұтыну қалдықтарын орналастырумен байланысты қызметті жүзеге асыратын тұлғалар 
үшін қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу міндетті. 


Қалдықтарды 
басқару 
бағдарламасында 
түзілген 
және 
орналастырылған 
қалдықтардың көлемі мен құрамы туралы, оларды сақтау, кәдеге жарату, көму, 
рекультивациялау немесе жою әдістері туралы мәліметтер қамтылуға тиіс. 
Қалдықтарды басқару бағдарламасында: 
1) өндірістік процестерді, оның ішінде аз қалдықты технологияларды енгізу есебінен 
жетілдіру; 
2) қалдықтарды қайтадан пайдалану не оларды пайдалануға мүдделі жеке және 
заңды тұлғаларға беру; 
3) қолжетімді озық технологияларды пайдалана отырып қалдықтарды қайта өңдеу 
арқылы қалдықтардың көлемін бірте-бірте азайтуды қамтамасыз ету бойынша көлемдері 
мен оларды орындау мерзімдері көрсетілген шаралар көзделеді. 
Қалдықтарды қайта өңдеу бойынша қолжетімді озық технологиялардың тізбелерін 
қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мүдделі орталық атқарушы 
органдардың, басқа да заңды тұлғалардың қатысуымен әзірлейді және қоршаған ортаны 
қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді. 
Қалдықтарды қайта өңдеу бойынша қолжетімді озық технологиялар болмаған кезде 
қалдықтарды 
басқару 
бағдарламасында 
қалдықтар 
орналастырылған 
жерді 
рекультивациялау жөніндегі іс-шаралар көзделуге тиіс. 
Қалдықтар орналастырылған жерді рекультивациялаудың технологиялық мүмкіндігі 
болмаған кезде қалдықтарды басқару бағдарламасында олардың қоршаған ортаға зиянды 
әсерін азайту жөніндегі іс-шаралар көзделуге тиіс. 
Қалдықтарды басқару бағдарламасы он жылдан аспайтын мерзімге әзірленеді және 
құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен немесе 
жергілікті атқарушы органдармен келісіледі. 
Шаруашылық қызметі процесінде қалдықтар құралатын жеке және заңды тұлғалар 
олармен қауіпсіз жұмыс істеу шараларын көздеуге, экологиялық және санитарлық-
эпидемиологиялық талаптарды сақтауға және оларды кәдеге жарату, залалсыздандыру 
және қауіпсіз жою жөніндегі іс-шараларды орындауға міндетті. 
Қалдықтарды орналастыру мен жою қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті 
органмен және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органымен және 
өзге де арнайы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша жергілікті атқарушы 
органдардың шешімдерімен айқындалатын орындарда жүргізіледі. 
Қалдықтарды уақытша сақтау орындары қалдықтарды қалпына келтіргенге немесе 
өңдегенге дейін үш жылдан аспайтын немесе оларды көмгенге дейін бір жылдан аспайтын 
мерзімге қауіпсіз сақтау үшін арналады. 
Қалдықтарды пайдалану (кәдеге жарату, өңдеу) мақсаттарында оларды Кеден 
одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан 
Республикасының аумағынан осы елдерге әкету Қазақстан Республикасының Үкіметі 
уәкілеттік берген орган беретін лицензия негізінде жүзеге асырылады. 
Жеке тұлғалардың қалдықтарды жеке пайдалану үшін (коммерциялық емес 
мақсаттарда) әкелуіне және әкетуіне тыйым салынады. 
Қалдықтарды көму және залалсыздандыру мақсатында әкелуге тыйым салынады. 
Осы көзделген жағдайларда, қалдықтардың меншік иесі қалдықтардың көлемін 
бірте-бірте азайту мақсатында оларды басқару бағдарламасын әзірлеуге міндетті. 
Қалдықтарды залалсыздандыру немесе орналастыру тәсілдерін және орнын таңдау 
кезінде, сондай-ақ қалдықтарды өңдеуді, жоюды немесе орналастыруды жүзеге асыратын 
жеке және заңды тұлғаларды айқындау кезінде қалдықтардың меншік иелері 
қалдықтардың құралу көздерінен олардың барынша аз көшірілуін қамтамасыз етуге тиіс. 
Біржолғы өнімдерді әкелу, егер ол кәдеге жаратылуы жоғары экологиялық 
тәуекелмен байланысты немесе экономикалық жағынан мақсатқа лайық емес 
қалдықтардың құралуына әкеп соқтырса, шектелуі немесе оған толық тыйым салынуы 
мүмкін. 


Пайдалану нәтижесінде Қазақстан Республикасында оларды залалсыздандыру 
немесе жою жөніндегі технологиясы жоқ қауіпті қалдықтар құралатын өнімдер 
импортына 
тыйым 
салынады. 
Қазақстан Республикасының жойылуы қиын органикалық ластауыштар туралы 
халықаралық шарттарында көзделген пайдалану нәтижесінде жойылуы қиын органикалық 
ластауыштарды қамтитын қалдықтар түзілетін өнімді өндіруге және импорттауға тыйым 
салынады. 
9ДӘРІС Мұнай өңдеу, табиғи газды ректификациялау қалдықтары 
Қаупті қалдықтардың көлік тасымалдауы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет