Ә) Мектеп физикасынан есептер Екі автомобильдердің қозғалыстары х1=2t+0.2t2 және х2=80-4t теңдеулерімен берілген. Әр автомобиль қозғалысының түрін, ХБЖ жүйесіндегі өлшем бірлігін анықтаңыздар, олардың жылдамдықтарының уақытқа тәуелділік графигін салыңдар. Автомобильдер қай жерде және қашан кездеседі? Олардың арақашықтығы уақытқа байланысты қандай заңдылықпен өзгереді? Қозғалыс басталғаннан 10 с өткенде, олардың арақашықтығы қандай болады? Осы уақыт ішінде әр автомобиль қандай орын ауыстырады?
Егер велосипедтің доңғалағының диаметрі 50 см, жетекші доңғалақтың 48 тісі, жетеленушісінің 15 тісі бар тепешегінің (педаль) айналу жиілігі 1айн/с болса, велосипедші қандай жылдамдықпен қозғалады?
Жылжымайтын блок арқылы созылмайтын жіп асыра тасталған. Жіптің екі ұшында 500 гр және 300 гр жүктер ілінген. Жүктердің қандай үдеумен қозғалатындығын және жіптің керілу күшін анықтаңыздар.
Салмағы 980 Н болатын снаряд горизонталь бағытта 500 м/с жылдамдықпен ұшып келіп, массасы 10 т құм тиеген вагонға келіп тиеді. Вагон қандай жылдамдық алады: 1) вагон қозғалмай тұрса, 2) вагон 36 км/сағ жылдамдықпен снарядтың ұшу бағытымен қозғалып келе жатырса, 3) вагон 36 км/сағ жылдамдықпен снарядтың ұшу бағытына қарама қарсы қозғалып келе жатырса.
Массасы m шар, ұзындығы l болатын жіпке байлап, 900бұрышқа ауытқыта отырып, тербеліске келтіреді. Жіптің ең үлкен керілу күшін анықтаңыз.
Материалдық нүктенің амплитудасы 5 см, периоды 2,4 сек, бастапқы фазасы нөлге тең болатын тербеліс жасайды. Тербеліс басталған соң 0,4 сек кейін тербелістің ығысуын, жылдамдығы және үдеуін анықтаңыздар. Материалдық нүкте косинус заңымен тербеледі.
Тұтас цилиндр түріндегі массасы m және радиусы R блокқа жіп оралып, оның бір ұшына массасы m0 жүк ілінген. Жүктің сызықтық үдеуін табыңдар. Блоктың осінде үйкеліс жоқ, жіп созылмайды.
Ауданы 100 м2 және биіктігі 4 м ыдысқа 1л ацетон құйылды. Егер ацетон толығымен буланып және ыдыста біркелкі таралса, онда 1м3 ауада ацетонның қанша молекуласы болады? Ацетонның молярлық массасы М= 0,058 кг/моль.
Егер оттегі газының 5 моль, 8л баллонда 0,5МПа қысым тудыратын болса, осы газдың молекуласының орташа кинетикалық энергиясын табыңдар.
Көлемі 100 л, қысымы 1 МПа, 270С температурадағы ауа сұйыққа айналады. Ол сұйық күйінде қандай көлем алады? Сұйық ауаның тығыздығы 861 кг/м3, кез келген күйдегі оның молярлық массасы М= 0,028 кг/моль.
Егер газдың қыздырғанда дейінгі температурасы 170С болса, онда осы газ изобаралық ұлғайып, көлемі 30%-ға арту үшін, оны қанша градусқа қыздыру керек.
500С температурада тұрған массасы 2кг суға, температурасы -400 С, массасы 5кг мұз кесегін салды. Жылу баланысы орнағаннан кейін ыдыста қандай температура қалыптасады? Судың меншікті жылу сыйымдылығы 4,2 *103 Дж/кгК, мұздың меншікті жылу сыйымдылығы 2,1 *103 Дж/кгК, мұздың меншікті балқу жылуы 3,3*105 Дж/кг. Ыдыстың жылу сыйымдылығы ескерілмейді. Мұздың балқу температурасы 00С.
Егер массасы 10 г газдың 270С температурадағы орташа квадраттық жылдамдығы 500 м/с болғанда, газдағы N молекула санын 20 табыңыздыр.
Шыныдан жасалған екі капиллярлық қатынас түтіктің ішкі диаметрлері 0,5 мм және 3 мм. Спирттың осы капиллярлардағы деңгейлерінің айырымы қандай болады? Спирттың беттік керілу 0,021 Н/м, тығыздығы 800 кг/м3.
Оптикалық күші 5 дптр келетін линзамен нәрсенің кескінін 5 есе үлкейту үшін, осы нәрсені линзаның алдында қандай қашықтықта орналастыру керек.
Шынының қызыл жарық үшін сыну көрсеткіші 1,6444-ке тең, ал күлгін жарық үшін 1,6852-ге тең. Олардың түсу бұрышы 800 болса, шыныдағы сыну бұрыштарының айырымын табыңдар.
Дифрракциялық тордың 1 мм-інде 120 штрих бар. Егер бірінші ретті екі спектрдың арасындағы бұрыш 80-қа тең болса, торға түскен монохроматты жарықтың толқын ұзындығы неге тең болғаны?
Егер фото электрондардың кинетикалық энергиясы 4,5*10-20Дж, ал электрондардың металдан шығу жұмысы 7,6*10-19Дж болса, металл бетіне жарықтандыратын жарық толқынының ұзындығы қандай болатынын анықтаңдар.
900 бұрышпен комптондық шашыраудан кейінгі рентген сәулелерінің (20 пм) толқын ұзындығын табыңдар.
Ауырлық күші болатын жылдам қозғалатын лифт 1 м/с жылдамдықпен жоғары көтеріледі. Лифтіні қозғалысқа келтіретін қозғалтқыштың қуаты қандай? Тізбектің кернеуі , ал қозғалтқыштың ПӘК-і . Ток күшін анықтаңдар.
Ауданы өткізгіштің орамы сыйымдылығы конденсатормен тұйықталған. Орамның жазықтығы біртекті магнит өрісінің жазықтығына перпендикуляр. Конденсатордағы заряд . Магнит өрісінің өзгеру жылдамдығын анықтаңдар.
Әрқайсысының массалары г екі кішкентай шар ұзындықтары =1 м болатын оқшауланған жіптерге бір нүктеден ілінеді. Шарларға бірдей заряд берілгеннен кейін олар бір-бірімен r=9 см қашықтықта ажырайды. Шарлардың зарядтарының шамаларын табыңдар. Ауаның диэлектриктік өтімділігі ɛ=1.
Массасы шар электр өткізбейтін жіпке ілінген және ол тербеліс пениоды 1 с болатын маятник болып табылады. Шарды теріс зарядпен зарядтап, тік жоғары бағытталған электр өрісіне орналастырады. Магниттің тербеліс периоды . Шардың заряды . Электр өрісінің кернеулігін есептеңдер.
С уретте көрсетілген конденсаторлар батареясының электрсыйымдылығын анықтаңдар.
=2 мкФ, . =4 мкФ және =1 мкФ, =2 мкФ, =6 мкФ.
Диаметрі , массасы m=1кг темір таяқшаның R кедергісін табыңдар. Ом*м ,=7900кг/.
Тізбектегі кедергі ====3 Ом, =20 Ом,=24 Ом. Суретте келтірілген тізбектегі R толық кедергіні, және әрбір резистор арқылы өтетін ток күшін табыңдар. Тізбектегі берілген кернеу U=36 В.
Сутегі атомының бірінші орбитасының радиусын табыңыздар.
Радиоактивті элементтің активтігі 8 тәулікте 4 есе кеміген. Жартылай ыдырау периодын табыңдар.
Мына ядролық реакциялардағы жетіспей тұрған белгілерді жазыңдар:
;
?+,
Ядроның Ебайл байланыс энергиясын Ебайл /А; үшін табыңдар. mр =1,00783м.а.б., mn =1,00866м.а.б., Mя =2,01410м.а.б. () ( 931 МэВ)