Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін pp 2228 Педагогикалық психология пəні бойынша


  Жеке тұлғаны зерттеудегі психологиядағы негізгі бағыттар:  



Pdf көрінісі
бет112/161
Дата24.11.2023
өлшемі3,74 Mb.
#125465
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   161
2. 
Жеке тұлғаны зерттеудегі психологиядағы негізгі бағыттар: 

 
Социогенетикалық концепция 
Адам өмірге биологиялық тіршілік иесі ретінде келеді, бірақ өзінің өмірлік іс-әрекеті 
процесінде ортаның әсерінен әлеуметтенеді 

 
Әлеуметтендіру теориясы 
Адам биологиялық тіршілік иесі ретінде өмірге келіп өмірдің әлеуметтік жағдайлары 
әсерінен жеке тұлға болып қалыптасады.

 
Үйрету теориясы
Жеке тұлғаның өмірі, оның қатынасы– бекітілген үйретудің, білім қорын және дағдыны 
меңгерудің нәтижесі (Э.Торндайк, Б.Скиннер және т.б.) 
 

 
Рөлдерді орындау теориясы 
Қоғам әрбір адамға статусы бойынша анықталған тұрақты мінез-құлық тәсілдері 
жиынтығын (рөлдер) ұсынады. Осы рөлдер жеке тұлғаның мінез-құлық сипатына, оның 
басқа адамдармен қарым-қатынасында өз таңбасын қалдырады. 


 
Биогенетикалық концепция 
Адам дамуының негізі – организм жетілуіндегі биологиялық процестер; даму және мінез-
құлық туа біткен қажеттіліктермен, құштарлық және инстинктермен, адам икемделуге 


74 
мәжбүр сыртқы талаптармен анықталады; тәрбие тек табиғи даму процесін 
жылдамдатушы немесе баяулатушы (тежеуші) ғана.

 
Психогенетикалық (биосоциогенетикалық) концепция
Биологияның да, ортаның да маңызы, мәні жоққа шығарылмайды, бірақ бірінші орынға 
психикалық процестердің дамуы қойылады. 

 
Психодинамикалық теория
Жеке тұлғаның мінез-құлқы эмоцияның, құштарлықтың және психиканың басқа да 
рационалдан тыс компоненттерімен байла-ныстырылуы (Э.Эриксон және т.б.) 

 
Когнитивтік теория
Интеллектінің танымдық жағының дамуының жоғары бағалануы (Ж.Пиаже, Дж.Келли 
және т.б.). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет