Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін pp 2228 Педагогикалық психология пəні бойынша



Pdf көрінісі
бет111/161
Дата24.11.2023
өлшемі3,74 Mb.
#125465
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   161
 
Әлеуметтік даму
– қоғамға, қоғамдық, идеологиялық, экономика-лық, өндірістік
құқықтық т.б. қатынасқа біртіндеп ену. 

 
Рухани даму
– өмірде өз орнын сезіну, қазіргі және болашақ ұрпақ алдында өз 
жауапкершіліктерінің пайда болуы, әлем табиғатының күрделілігін түсіну, адами жетілу 
деңгейіне ұмтылу. 

 
Адам 

 
сүтқоректілер класына жататын, тік жүретін, қолы еңбекке икемді, дамыған миы 
бар биологиялық тіршілік иесі.

 
Қоғамдық тіршілік иесі
ретінде
: адам саналы түрде әлемді бейнелеп қоймайды, сонымен 
бірге оны өз қажеттілігі мен мүддесіне сәйкес өзгерте алады.

 
Тарихи процестің субъектісі ретінде: 
Жер бетіндегі тірі организмдер дамуының ең 
жоғары сатысына көтерілген, еңбек құралдарын жасап, оларды өз қажетіне жарата білген 
тіршілік иесі. 

 
Адам – 
еңбек әрекетімен шұғылдана алатын, әлеуметтік қатынас-тарға түсетін өзара 
байланыс жасауға толық қабілетті тұлға. 

 
Субъект – 
адамзат белсенділігі түрлерін тасымалдаушы адам. 

 
Индивид – 
(лат.individuum – бөлінбейтін, особь) – психофизиология-лық қасиеттерімен қоса, 
жеке тұлға мен жеке дара адамның дамуының негізін қалаушы санатындағы тұтас және 
қайталанбайтын түрдің өкілі ретіндегі адам. 
Индивид –
өзіне тән барлық ерекшеліктерімен 
бірлікте алынған нақты адам. 

 
Жеке дара адам 
– адамның қайталанбас ерекшеліктерімен ерекшеленетін жеке дара адам. 

 
Жеке адам 
немесе
тұлға 
(личность) - өзін-өзі тануға және өзін-өзі дамы-туға қабілетті қарым-
қатынас пен саналы іс-әрекет субъектісі, 
оның басты белгісі
– 
әлеуметтік мәнінің
болуы, 
әлеуметтік функцияларды
(болмысқа, адамдарға, өзіне, еңбекке, жалпы қоғамға қатысты) 
атқаруы, 
саналылығы, жауапкершілілігі, бостандығы, қадірқасиеті және даралығы
.

 
Жеке адамның дамуы немесе қалыптасуы 
белгілі бір мамандықты меңгерген, жан-жақты 
білімі бар, әлеуметтік-экономикалық дамуға өз үлесін қоса алатын, қазіргі ғылыми-
техникалық прогрестің дамуына сәйкес келетін, ЭЕМ-мен жұмыс жасай алатын, өзі 
әрекет үстінде және басқаларды да әрекетке жұмылдыра алатын адам.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет