Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін pp 2228 Педагогикалық психология пəні бойынша


Глоссарий  Ақыл-ой дамуының деңгейі



Pdf көрінісі
бет19/161
Дата24.11.2023
өлшемі3,74 Mb.
#125465
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   161
Глоссарий 
Ақыл-ой дамуының деңгейі

білімдер мен біліктердің және 
оларды игеру кезінде қалыптасқан ақыл-ой әрекеттерінің 
жиынтығы, оларды ойлау процесінде белгілі бір көлемде жаңа 
білімдер мен біліктердің игерілуін қамтамасыз ету үшін еркін 
қолдана білу. Нақты бар ақыл–ой дамуының деңгейі - индивидтің 
танымдық және шығармашылық мүмкіндіктерінің күйі, ол туралы 
ақпарат не ұзақ уақыт психологиялық-педагогикалық бақылаулар 
арқылы, не арнаулы әдістемелермен диагностикалық сынаулар 
жүргізу арқылы алынуы мүмкін. 
Ақыл-ой тәрбиесі –
адамның таным қабілетін дамытып, ер жетіп
есеюіне, білім қорын игеруіне жол ашатын тәлім-тәрбиенің негізгі 
бір саласы. Ақыл-ой тәрбиесі арқылы оқушының оқып, білім 
алуындағы іс-әрекетін бағыттап, сана-сезімінің дамуына ғылым 
негіздерін меңгеруіне бағыт, бағдар беріледі.
Әлеуметтену
– индивидтің қарым–қатынасы және іс-әрекеті 
барысында жүзеге асатын процесс және оның әлеуметтік тәжірибені 
игеруінің нәтижесі. Әлеуметтену қайбірде қоғамдағы әр түрлі 
бағыттағы факторлар сипатына ие болатын әр түрлі өмірлік 
жағдаяттардың жеке тұлғаға стихиялық ықпалы ретінде де, сондай–ақ 
тәрбие жұмыстарын жүргізу кезінде, яғни жеке тұлғаны мақсатты 
бағытта қалыптастыру жағдайында да жүзеге асуы мүмкін.
Әлеуметтік адаптация
– адамдар арасындағы тіршілікке даяр емес 
балаларды байланысқа икемдеу, оқыту.
Әлеуметтік реабилитация
– балаларды нәтижелі оқыту мен 
олардың қоршаған адамдармен өзара қарым-қатынастарын дамыту 
үшін бұзылған әлеуметтік байланыс пен психикаларын қалпына 
келтіру.
Білім –
адамның белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен 
пайымдарының, т.б. жиынтығы. Білім адамзат мәдениетінің ауқымды 
ұғымдарының бірі болып табылады. Ол, сана, таным, ойлау, ақиқат, 
ғылым, т.б. күрделі де терең ұғымдармен тығыз байланысты, әрі солар 
арқылы анықталады. Білім тұлғаның қалыпты әлеуметтенуінің және 
билік құрылымына енуінің міндеттері шартты болып табылады.білім 
бүкіл адамзат ақыл-ойының адамды қоршаған табиғатта, айналаны 
танып –білудегі ғылыми мәлімет қорының жиынтығы; қоғамдық 


өмірдің даму сатыларына сай теориялық анықтамалар мен адамның 
өмірлік қарекетінде айқындалып дәлелденген белгілі бір жүйедегі 
ұғымдар дүниесі.
Гуманизм 
(лат. Gumanus – адамгершілік) – дүниетаным принципі. 
Оның негізіне адамның мүмкіншілігінің шексіздігіне, өзін-өзі 
дамыту қабілетіне деген сенімі мен ерік бостандығын, абыройын 
қорғау, адамның бақытқа жету жолындағы құқығы мен оның 
барлық сұраныстарын қамтамасыз ету қоғамның түпкілікті мақсаты 
деген мұрат жатады.
Ғылым –
1) білім негіздері, әсіресе ғылыми әдісті жүйелі түрде 
қолдану нәтижесінде алынған негіздер; 2) негізгі принциптер мен 
жалпы заңдылықтарды қорытып шығаруға жұмылдырылған 
зерттеулер не пәндер саласы; 3) табиғи құбылыстарды зерттеуге 
арналған әдістер мен амалдардың ғылыми принциптерге негізделген 
жүйесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет