Адепт
(немесе адепт фазасы) – мамандықты меңгеру үстіндегі адам.
Адаптант
(немесе адаптация фазасы, жас маманның жұмысқа бейімделуі). Жас маман
өзі келіп түскен ұжымның нормаларына бейімделеді, шығармашылық міндеттерді
шешуге үйренеді.
Интернал
(немесе интернал фаза) – өз ісін тұрақты, жақсы көретін, негізгі кәсіби
функцияларды өзбетті орындай алатын тәжірибелі маман.
Шебер
– жұмысшы қарапайым және ең күрделі міндеттерді шеше алады. Ол өзінің
белгілі бір сапаларымен, іскерлігімен, кәсіби аймақта кең де терең білімімен
ерекшеленеді. Оған қайталанбай-тын, ерекше іс-әрекет стилі тән, оның жұмыс
нәтижелері үнемі ерекше және өзін алмастыруға келмейтіндердің қатарына қосуына
негізі бар. Өз біліктілігінде (дәрежесінде) формальды көрсеткіш-терге ие (разряд,
категория, дәреже, атақ).
Авторитет
– өз ісінің шебері, көпке танымал (белгілі салада, салааралық деңгейде,
мемлекетте). Кәсіби міндетін мол тәжірибесі, іскерлігі, жұмысын ұйымдастыру шеберлігі
арқасында шешеді.
Үйретуші
– беделді, өз ісінің шебері, шәкірттерін, ізбасарларын үйретуге әзір.
Қолданылған әдебиет:
1.
Столяренко Л.Д. Педагогическая психология. С. 190-221.
14 - СҰРАҚ. ҰСТАЗ ПСИХОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ
МҰҒАЛІМДІК ҚЫЗМЕТ
1.
Педагогикалық іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы
2.
Педагогикалық іскерлік
3.
Педагогикалық қабілеттілік
4.
Кәсіби сапалар
5.
Педагогикалық іс-әрекет стильдері
Достарыңызбен бөлісу: |