Мұғалім функциялары
Оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру процестерін басқару: мақсатқа жету,
диагностикалау, болжау, өзінің және оқушының іс-әрекетін жобалау және жоспарлау;
Мәліметтік (ақпараттық), ұйымдастырушылық, бақылау және коррекциялық функциялар;
Аналитикалық функция;
Педагогикалық білімді насихаттаушы функция.
А.И.Щербаков бойынша педагогикалық іс-әрекеттің
психологиялық функциялары:
Ақпараттық функция (материалды меңгеру және оны бере білу өнері);
Дамытушы (оқушының тұлғалық дамуын басқару);
Бағыт беру функциясы (жеке тұлғаның, оның мотивінің, идеалы-ның бағыттылығы);
Жұмылдыру функциясы (оқушылардың ақыл-ой әрекетін белсендіру, олардың
өзбеттілігін дамыту);
Зерттеу (педагогикалық процестегі шығармашылық ізденіс, тәжірибе жүргізу іскерлігі,
тәжірибесін жалпылау және өз шеберлігін үнемі жетілдіру).
Оқытушы мен оқушылар қарым-қатынасындағы негізгі функциялар
Конструктивті
.
Білім мазмұны мен пәннің практикалық мәнін талдау мен түсіндірудегі
оқытушы мен оқушының педагогикалық әрекеттері .
Ұйымдастырушылық
.
Бірлесе мағмұматтандыру мен оқу-тәрбиелік әрекет нәтижесіне
жауапкершілікпен жетудегі оқытушы мен оқушылардың біріккен оқу іс-әрекетін
ұйымдастыру.
Коммуникативті-стимулдандыру
.
Оқу-танымдық іс-әрекеттің әр түрлі формаларының
үйлесімі (индивидуалдық, топтық, фронталь-дық), педагогикалық ынтымақтасу
мақсатында өзара көмек көрсетуді ұйымдастыру; оқушыларға нені білуі, түсінуі, үйренуі
керектігі жөнінде түсінік беру.
Ақпараттық – білім берушілік
.
Қоғамдық өмір аумағындағы жаңалықтарға оқушыларды
бағыттау, әлемді дұрыс қабылдатуда оқу пәнінің практикамен байланысын көрсету; оқу
пәні аумағы деңгейінің қозғалмалылығы мен оқу материалының эмоционалды
түсіндірілуі, оқушылардың бейнелі-сезімдік сферасына иек арту.
Достарыңызбен бөлісу: |