Тәрбие технологиясы
- процестегі жекелеген педагогикалық
міндеттерді орындауға бағытталған әдістер жүйесі; ұжымдық
жоспарлардың орындалуын ұйымдастыру тәсілі; оқушылармен
байланыс орнату тәсілі; педагогикалық диагностика тәсілі.
Тәрбиелік әлеуметтану -
қоғамның тәрбиелік күшін, адамды
әлеуметтендіру процесін, әлеуметтік институт ретінде тәрбиені
зерттейтін ғылым саласы.
Тұлға
– 1) – дербес әрекет ететін субъект ретіндегі нақты және адам
болмысының қайталанбас, адамның қоғамдық өмірінің дара нысаны; 2)
адамдар арасындағы өзінің ұстаным – орнын еркін және
жауапкершілікпен анықтайтын, қоғамның өкілі ретіндегі адам. Тұлға
қоршаған ортамен, қоғамдық және адами қарым – қатынастар жүйесімен,
мәдениетпен өзара әрекеттестікте қалыптасады. Адам, тұлға болып туа
қалмайды, әлеуметтену процесінде тұлға болып шығады.
Тәрбиелік қарым–қатынас
– баланы дамытуға, яғни оның өзін -
өзі тәрбиелеуіне, өздігінен білімін жетілдіруіне бағытталған қарым
– қатынас. Тәрбиелік қарым–қатынас – адамзат тәжірибесінің
алмасуы, берілуі, меңгерілуі және пайдаланылуы.
Тәртіп
(лат.
disciplina
–оқыту –тәрбиелеу) – адамдардың белгілі бір
қауымдастығындағы, тіршілік қарекеті саласындағы реттіліктің,
жөн – жосықтылық пен ұйымшылдықтың сапалық сипаттамасы;
адамдардың мінез – құлқының қоғамда қалыптасқан құқық, мораль
нормаларына не қайсібір ұйымның жарғылық талаптарына
сәйкестігін бейнелейді. Тәртіп адам мәдениетінің ең маңызды
құрауыштарының бірі ретінде оның әр түрлі салаларындағы
қоғамдық мінез–құлқын сипаттайды.
Тәртіптілік
– адамның адамгершілік бағыттылығын, өз тәртібін
ойша жобалау қабілетін және өзіндік күнделікті әрекетін қамтитын
тәртіпке, ұйымшылдыққы әдеттенуі. Тәртіптілік – адамдардың
қоғамдық ортада белгілі бір тәртіп жүйесін сақтауын және олардың
игеруге міндетті нормаларды (құқықтық, моральдық, саяси –
этностық) берік сақтауын талап ететін жүйе.
Теория
– практика мен тәжірибені қорыта келіп, әр алуан қоғамдық
құбылыстар мен фактілерді түсіндіретін және оларға әсер ете
алатын жалпы ғылыми принциптерді білдіретін ілім.
|