Жұмыстың тақырыбы: Майдағы йод санын маргошес әдісімен анықтау
Жұмыстың мақсаты: Майдағы йод санын маргошес әдісімен анықтау және әдісті меңгеру
Әдістің принципі: Майдағы йод саны - 100 г майға қосылатын йодтың мөлшері (г), майдың қанықпағандық дәрежесін көрсетеді. Йод санын анықтау тәсілі ғалогендердің май құрамындағы қанықпаған қышқылдармен қосылу реакциясына негізделген.
Реактивтер мен құралдар:
Май, этанол, 5% -ті йодтың спирттегі ертіндісі, 1% -ті крахмал ертіндісі, натрий гипосульфитнің 0,1н ертіндісі (Na2S2O3), 300 мл қақпақты колбалар - 2 дана, бюретка, 200 мл цилиндр, 10 мл пипеткалар - 2 дана, су моншасы, таразы.
Достарыңызбен бөлісу: |