Әдістің принципі: Бұл тәсіл гормондардың химиялық құрылысына байланысты түрлі-түсті реакциялар беруіне негізделген.
Реактивтер мен құралдар:
1. Адреналин ертіндісі (ампула ішіндегі затты 100 мл.суғаерітеді).
2. Темір хлоридінің 3% ертіндісі.
3. Инсулин ертіндісі.
4. Натрий гидроксидінің 30%-ті ертіндісі.
5. Мыс сульфатының 1% -ті ертіндісі.
б. Концентрлі азот қышқылы.
7. Фолликулин ертіндісі (спирттегі).
8. Концентрлі күкірт қышқылы.
9. Су моншасы.
І0. Пробиркалар.
11. Пипеткалар.
Жұмысты орындау тәртібі:
Адреналин. Хлорлы темірмен тәжірибе. Пробиркаға аздап адреналиннің судағы ертіндісін құяды және оған бірнеше тамшы хлорлы темір ертіндісін қосады. Әуелі жасыл түске боялып, ал сілті қосқаннан кейін қызыл түске айналады.
Инсулин. 1. Биурет реакциясы, бұл реакция инсулиннің белоктың табиғатын дәлелдейді. Пробиркаға 1-2 мл инсулин ертіндісін және сілтілік реакцияға дейін сілті ертіндісін қосады (лакмус қағазының көмегімен). Содан кейін 2-3 тамшы мыс сулъфатының ертіндісін қосады. Сұйық көгілдір күлгін түске боялады.
2. Концентрлі азот қышқылымен реакция. Пробиркаға 1 мл концентрлі азот қышқылын және қабырғасьмен тамшылатып 1 мл инсулин ертіндісін косады. Екі сұйықтың бөлінген жерінде анық көрінетін сақина пайда болады.
Фолликулин. Концентрлі күкірт қышқылымен реакция. Пробиркаға 1 тамшы фолликулин ертіндісі және5 тамшы концентрлі күкірт қышқылын құяды. Қоспаны ыстық суы бар стаканға 10-15 мин. батырып қояды. Пробиркадағы сұйьқ сары түске боялып, қыздырған кезде қызыл түске ауысып жасыл флуоресценция береді.
Қосымша нұсқау
1. Адреналинді анықтағанда натрий гидроксидінің орнына 1 тамшы 10%-ті аммоний гидроксиді ертіндісін қосуға болады.
2. «Гормондар» тақырыбы бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз.
Өз бетінше дайындалуға арналған тапсырма
1. Оқулық пен дәріс конспектілері бойынша «Гормондар» тарауын дайындау.
2. Гормондардың толық сипаттамаларын көрсететін сызбанұсқа сызу
Достарыңызбен бөлісу: |