Оқудың нәтижесі:
Сабақ түпкілікті жақсы меңгерілгеннен соң тұтынушы, біру керек:
САПР Electronics Workbench құралдарын қолданып, басқарушы p-n өткелі бар өрістік транзистордың кірмелік және шықпалық сипаттамаларын зерттеудің қарапайым схемаларын жасау.
Басқарушы p-n өткелі бар өрістік транзистор үшін ВАС-ны алуды білу.
Қолданылатын бағдарламалар:
Electronics Workbench в. 5.0
Сабақ жоспары:
Оқытушы жетекшілігімен жұмыс жасау. 120 минут
Басқарушы p-n өткелі бар өрістік транзисторды зерттеу.
Өзіндік жұмыс. 40 минут
Бағдарламаны жіберу:
Керекті бағдарламалар дискіде сақталған.
I. Басқарушы p-n өткелі бар өрістік транзисторды зерттеу
Ұсынылатын уақыт
120 минут
1.1. Жалпы теориялық мәліметтер.
Күшейткіштік каскадтарда биполярлы транзисторлар кірер сигналды әлсіретеді, өйткені каскадтың кірмелік тізбегінде кірер сигналдың қуаты шығындалады. Сондықтан өте әлсіз сигналдарды күшейту үшін одан қуат қабылдамайды, дерлік өрістік транзисторлар қолданылады.
Өрістіқ транзистор деп арнадағы тогы жаптырық пен құйылмаға берілген кернеудің электр өрісі арқылы басқарылатын шала өткізгішті нәрсені айтады.
Кедергісі жаптырықтың потенциалына байланысты өзгеріп отыратын аймақты - арна деп атайды. (1-сурет). Арнаға негізгі заряд тасымалдаушыларды беретін (тарататын) электрод- құйма деп аталады. Арнада негізгі заряд тасымалдаушыларды әкетіп отыратын электрод- ағызба деп аталады. Арнаның электр өткізгіш қимасын реттеуге арналған электрод – жаптырық деп аталады.
Өрістік транзисторлар негізінен силицийден жасалады және арнадағы шала өткізгіштің түріне қарай n-түрлі немесе p-түрлі болып бөлінеді.
n-түрлі транзистордың арнасында негізгі заряд тасымалдаушылар электрондар болып табылады. Олар құйылмадан басталып ағызбаға жетіп, ағызбалық токты (Iа) құрайды. Жаптырық пен құйылмаға берілетін кернеу p-n өтпесіне кері бағытта болуы керек. Бұлайша жалғау арна мен жаптырық арасындағы екі қтпенің кедергісін, кернеуді реттей отырып, өзгергуге мүмкіндік береді.Осы себепті арнасы n-түрлі транзистордың ағызба мен құйылма арасындағы кернеуі оң болуы керек, яғни
Uақ<0. P-түрлі транзисторда негізгі заряд тасымалдаушылар кемтіктер болатындықтан, олар керісінше ағызбадан құйылмаға қарай қозғалысқа келеді. Сондықтан p-арналы транзисторда Uақ< 0 де ал Uжқ> 0 болуы керек.
Енді n-арналы транзистордағы физикалық үрдістерді қарастыралық. Жаптырық пен арнаға кері кернеу бергенде, яғни жаптырықты кернеу көзінің теріс полюсімен қосқанда, p-n өтпесінің бөгеттік қабатының ені ұлғаяды. Бұл арнаның өткізгіштік аймағының жіңішкеруіне (тарылуына) әкеп соғады. Ағызбаның потенциалды құйылманың потенциалынан жоғары болатындықтан арнадағы өткізгіштік аймақтың ені құйылмадан ағызбаға қарай жіңішкере береді. Ағызба мен жаптырықтың кернеулерінің белгілі бір мәндерінде екі өтпенің бөгеттік қабаттары ағызбаның тұсында бір-бірімен қабысып, өткізгіштік аймақ түгелдей бөгеттік аймаққа айналады. Бұл кезде арнаның кедергісі өте көбейіп кететіндіктен оның «жабылып» та қалуы мүмкін. 1-ші суретте басқарушы p-n өткелі бар транзистлордың жұмыс істеу принциптері мен қысқартылған құрылымын көреміз.
Сурет 1. Басқарушы p-n өткелі бар өлістік транзистор
а) тарнзистордың қысқартылған түрі, және жұмыс істеу принципі ;
б) n-түрдегі транзистордың грфикалық шартты белгісі;
в) p-түрдегі транзситордың графикалық шартты белгісі.
Өрістік транзисторлар, биполярлы транзисторлар сияқты, үш қосылу схемасымен жұмыс істейді. (2-ші сурет): ортақ ағызбамен, (ОИ) ортақ құйылмамен (ОС), ортақ жаптырықпен (ОЗ). Негізгі қосылу схемасы ол, ортақ ағызбамен.
Сурет 2. Схемы включения полевых транзисторов с управляющим Басқарушы p-n өткелі бар транзистордың қосылу схемасы
Достарыңызбен бөлісу: |