Аспаптарды жұмысқа келтіру
Value вкладкасында импульстік кернеу генераторының жиілік мәнін 1 Hz тең орнатыңыз.
Логикалық анализатордың беттік панелін ашыңыз. Clock блогының Set… кнопкасын басыңыз
іске жіберілетін сигналдардың орнату параметрлерінің диалогты терезесін ашыңыз. Ауыстырғышты External режиміне орнатыңыз да
Accept кнопкасын басыңыз.
Өз атыңызда сақталған папкада файлды сақтаңыз.
Санауыштың жұмысын үлгілеу
Экранның жоғарғы оң бұрышында ауыстырғышты қолдана отырып, модельдеу процесін іске қосыңыз. Қосатын санауыштың жұмыс процесін бақылаңыз.
Оның жұмыс істеуін ақпарға уақыт диаграммасын түсіру арқылы енгізіңіз.
Тізбектей ауысуы бар алғыш екілік санауыштарды зерттеу.
Алғыш санауышта (2-сурет) қосатын санауышпен салыстырғанда триггерлердің ауыстырып қосу схемасы өзгертілген (1-сурет)
2-сурет. Тізбектей ауысуы бар алғыш санауыш.
Зерттеу мәселелері: Ақпарда алғыш санауыштың жұмыс істейтін уақыт диаграммасын алыңыз да, сызыңыз.
Ескерту:
Өз атыңызда сақталған папкада файлды сақтаңыз.
II. Өзіндік жұмыс. JK триггерлердің базасында тізбектей ауысуы бар екілік санауыштарды зерттеу
Ұсынылатын уақыт
80 минут
Тапсырма: JK триггерлерінің базасында қосатын санауыштың жұмыс істеу уақыт диаграммасын алыңыз (3-сурет). Жұмыстың нәтижесін оқытушыға көрсетіңіз.
Схемаға түсінік (3-сурет)
Схеманың жоғарғы сол бұрышында ауыстырғыш орналасқан, шығыс нүктелерінде логикалық "0" немесе логикалық "1” қалыптастырады. Ауыстырғыш Space пернесімен басқарылады да, барлық триггерлерді логикалық "0" күйіне орнатуға мүмкіндік береді. Ол үшін қысқаша уақытқа триггерлердің кірістерін Space пернесін басып, "жерге" қосу керек. Төменгі сол жақта логикалық сынамалары қосылған синхроимпульстің генераторы орналасқан.
3-сурет. JK триггерлерінің базасында тізбектей ауысуы бар қосатын екілік санауышты зерттеу схемасы
Зертханалық жұмыс № 11
Сандық аналогты түрлендіргіштер сипаттамаларын зерттеу
Достарыңызбен бөлісу: |