Ұзақтығы: 160 мин.
Пән: “Электронды құрылғылар схемотехникасы”, Арналған: Оқу жоспарына сәйкес «Басқару жүйесіндегі автоматтандыру және ақпараттандыру», «Көпталшықты оптикалық байланыс жүйелері мен желілері» бағытында оқитын білімгерлеріне.
Мақсаты: САПР Electronics Workbench. құралдарын қолданып жартылай өткізгішті диод пен стабилитронның сипаттамаларын зерттеу, тәжірибелік машықтану.
Оқытудың нәтижесі: Сабақты жақсы меңгергеннен кейін білімгер мыналарды білуі керек:
жартылай өткізгішті диод пен стабилитрон сипаттамаларын зерттеу үшін қарапайым схемаларды Electronics Workbench құралдарын қолданып алуды, шығаруды, тұрғызуды.
САПР құралдарымен диод пен стабилитрон үшін вольт-амперді сипаттаманы (ВАС) алуды үйрену.
Қолданылатын бағдарламалар: Electronics Workbench в. 5.0 Сабақтың жоспары: I. Оқытушы басқаруымен жұмыс жасау. 80 минут Жартылай өткізгішті диодты және стабилитронды зерттеу Өзіндік жұмыс 80 минут
Бағдарламаны қосу (жіберу): I. Жартылай өткізгішті диод пен стабилитронды зерттеу Берілетін уақыт
80 минут 1.1. Жалпы теориялық мәліметтер.
Жартылай өткізгішті диод – бір ғана электрлік өткелі бар және екі түйіспесі бар жартылай өткізгішті аспап. Оларға екі шығыс қосылады (анод пен катод)
Стабилитрон – электрлік пробой режимінде жұмыс істейтін жартылай өткізгішті диод. Оның жұмыс істеу принципі p-n өткелінде кері кернеу кезінде кернеу тәжірибе жүзінде болмайды.