Логикалық операциялар. Ерекше қызығушылық келесі элементарлық операциялар (функциялар) тудырады.
Л огикалық көбейту (конъюнкция),
Логикалық қосу (дизъюнкция),
Логикалық көбейту инверсиямен,
Логикалық қосу инверсиямен,
2 модулі бойынша соммалау,
Т еңестірілген мәндер.
Логикалық элементтер. Негізгі логикалық операцияларға сәйкес сандық интегралдық микросхемалар бар. Логикалық көбейтуге "ЖӘНЕ" логикалық элементі сәйкес келеді. Логикалық қосуға "НЕМЕСЕ" логикалық элементі сәйкес келеді. Логикалық көбейтуге инверсиямен - "ЖӘНЕ - ЕМЕС" логикалық элементі сәйкес. Логикалық қосуға инверсиямен "НЕМЕСЕ - ЕМЕС" логикалық элементі сәйкес. Инверсия операцияларына «ЕМЕС» логикалық элементі сәйкес. Басқа да көптеген логикалық операцияларды іске асыратын микросхемалар бар.
Шындық кестелер. АФ тапсырмасының негізгі әдісі шындық кестені құру, оның ішінде кірістік айнымалыларының әр жиынтығы үшін АФ мәні көрсетіледі (0 немес 1). «ЕМЕС» логикалық элементі үшін шындық кестесі ( логикалық операция ) келесі түрде
-
"НЕМЕСЕ-ЕМЕС"_логикалық_элементінің_сипаттамаларын_зерттеу'>"НЕМЕСЕ-ЕМЕС" логикалық элементінің сипаттамаларын зерттеу
"НЕМЕСЕ-ЕМЕС" логикалық элементін зерттеу схемасы 1-суретте көрсетілген.
Сурет 1.
1-суретте көрсетілген схемада "НЕМЕСЕ-ЕМЕС" логикалық элементтің кірістері 00, 01, 10 и 11 екілік сандарының тізбектілігін қалыптастыратын сөздер генераторына жалғанған. Оң (кіші) әр санның екілік разряды Х1 логикалық айнымалыға сәйкес, сол (үлкен) – Х2 логикалық айнымалыға. Сондай-ақ, логикалық элементтің кірістеріне логикалық "1" келіп түскен кезде қызыл жарықпен жанатын логикалық сынамалар жалғанған. Логикалық элементтің шығысы шығыста логикалық "1" пайда болған кезде қызыл жарықпен жанатын логикалық сынамаға жалғанған.
Достарыңызбен бөлісу: |