Зертханалық жұмыс №9
Дешифраторларды зерттеу
Ұзақтығы:
160 мин.
Пән:
“Электронды құрылғылар схемотехникасы”
Мақсаты:
САПР Electronics Workbench құралдарын пайдалана отырып дешифраторларды тәжірибелік зерттеу.
Пайдалантын бағдарларлама:
Electronics Workbench в. 5.0
I. Дешифратор сипаттамасының қысқаша сипаттамасы
Ұсынылатын уақыт 120 минут
Дешифратор n кіріс пен 2n шығыстардан тұратын логикалық интегралдық схема болып табылады. Дешифратордың кірісіне екілік сан беріледі, осының нәтижесінде оның бір шығысы өзінің күйін өзгертеді. Әдетте дешифратордың кірісіне қандай-да бір екілік саны берілсе (мысалы, 310 саны= 0112), оның сәйкес шығысы Y3 күйін өзгертеді. Өнеркәсіп 2, 3 және 4 кірісті дешифраторларды шығарады. 1 суретте С, В, А үш кірістері бар және Y0, Y1, Y2, Y3, Y4, Y5, Y6 және Y7 8 шығысты дешифратор келтірілген.
1-сурет. Дешифратор 3 х 8 (кіріс – 3 разряд, шығыс – 8).
Микросхемалардың көптеген серияларында шығыстың активті күйі төменгі деңгей – логикалық "0" күйі. Осылайша, дешифратордың кірісіне қандай-да бір екілік саны берілсе (мысалы, 011), шығыс – 2’ логикалық "0" күйінде болады, ал басқа шығыстар – логикалық "1" күйінде.
Дешифратордың ИС микросхеманың таңдаулы кірісі деп аталатын қосымша басқару кірісі G бар (тікелей немесе инверсті). Осы кіріске сигнал берілгенде ғана дешифратор жұмыс істейді. Дешифратордың ИС бірнеше басқарушы кірістері бар. Онда оны логикалық схеманың демультиплексоры ретінде пайдалануға болады.
Дешифраторды зерттеу
Дешифраторды зерттеу схемасы 2-суретте көрсетілген.
2-сурет.
2-суретте келтірілген схемада дешифратордың С, В, А кірістері сөздер генераторының шығыстарына жалғанған. Дешифратордың шығыстары Y0, Y1, Y2, Y3, Y4, Y5 Y6 және Y7 логикалық сынамаларға жалғанған. Вход выбора G дешифратордың таңдау кірісі тоқ көзіне 5В контактілер арқылы жалғанған, олар "Space - пробел" пернелері арқылы басқарылады. Егер «Space» контактілері тұйықталған болса, онда инвертирленетін кіріске G жоғарғы деңгейлі кернеу (Лог. 1) беріледі де, дешифратор жұмыс істемейді.
Достарыңызбен бөлісу: |