Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Қылмыстық психологиясының мақсаты мен міндеттері.
2. Қылмыскерлердің психологиялық типтері.
3. Қылмыстық әрекеттің мотивациясы
4. Қылмыстық мінез-құлықтың қалыптасуына ықпал етуші факторлар
№ 7 Дәріс: Қылмыскер жеке басының психологиясы
Жоспар
1 Қылмыскердің (жеке басы) тұлғасына психологиялық сипаттама.
2 Қылмысмық әрекеттегі жас ерекшеліктер.
3 Қылмыскердің психикалық ерекшеліктері мен қасиеттері
Қылмыскердің (жеке басы) тұлғасы немесе қоғамға қарсы қауіпті істерді, заңдарға қарсы, заңдар тыйым салатын әрекеттер жасаған адам – қылмыс жасауға ықпал еткен адамның қасиетін, қарым- қатынасын, оның адамгершілік және рухани әлемін; даму- жетілу барысындағы психикалық ерекшеліктерін, әлеуметтік жағдайлармен байланыстылығын, әлеуметтік мәнін айқындайтын күрделі (симптомокомплекс) себептер жиынтығын ашумен сипатталады.
Қылмыстық құқық жайлы ғылымдар саласында қылмыскер тұлғасы деген ұғымды кез келген қылмыстық әрекет жасағанда ақыл- есі дұрыс адам деп қарастырады. Қылмыскер тұлғасы ұғымы қылмыстық әрекеттердің себептерін түсіндіретін, оның қоғамға қауіптілігін сипаттайтын, қылмыстық іс- әрекеттермен байланысты әлеуметтік- демографиялық, әлеуметтік- функционалдық (рольдік), психикалық белгілерін қамтитын тұтас кешен. Заң психологиясында қылмыс жасаған адамның психикалық ерекшеліктеріне ғана көңіл аудармайды, сондай- ақ оның жасына, психикалық қабілетіне, функционалдық- рольдік белгілеріне, интеллект, эмоциялық- еріктік және басқа да қасиеттеріне ерекше мән беріледі.
Криминологтардың пікірі бойынша әйелдерге қарағанда, еркектер арасында қылмыстық әрекеттермен көбірек айналысатындығы анықталған. Әсіресе, қылмыстық әрекеттің белсенділігі 25-29 жастағылар арасында жоғары болатыны, одан кейін 18-24 жас, 14-17 жас, 30-45 жас екендігі анықталды. 30-жастан кішідегілердің арасында кісі өлтіру, біреудің денсаулығына зиян келтіру, тонау, ұрлау, төбелесу, бұзақылық, зорлау сияқты әрекеттер жиі кездеседі. Төбелес шығару, бұзақылық, тонау, ұрлау әрекеттерімен айналысқандардың тұрақты мекен тұрағы, жұмысы жоқ, еңбек етудегі тұрақсыздығы тән болса, зорлау, қорлау, ауыр қылмыс әрекеттерін білімдері төмен тұлғалар жасайтындығы дәлелденген. Ал білімдері жоғары қылмыскерлер – өз қызметтік лауазымдарын асыра пайдалану, мемлекет құндылықтарын тонау т.б. істермен айналысады.
Ал жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстық әрекеттердің белсенділігі олардың әлеуметтену барысындағы жағымсыз факторлардың: тәрбиедегі кемістік, мәдениет деңгейінің төмендігі, қызығушылықтар мен өмірлік құндылықтар жайлы түсініктер шектелгендігі, өмірлік тұрақты бағыттарының жоқтығымен сипатталады.
Осы аталған әлеуметтік – демографиялық белгілер адамның психикасы мен психикалық спапаларымен тығыз байланысты. Мысалы, білім деңгейінің төмендігі адам интеллектісінің таяздығымен байланысты болса, ал әлеуметтік бейімделудегі қыйындықтар еріктік, эмоционалдық тұрақсыздылығымен, агрессивтілігі мен импульсивті жоғарылығымен сипатталады. Сондықтан әлеуметтік-демографиялық белгілерді талдау арқылы қылмыскердің әлеуметтену үрдісін, психикалық қасиеттерінің қалыптасуына түсінуге көмектеседі.
Ал жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстық әрекетінің белсенділігі, олардың әлеуметтену барысындағы жағымсыз факторлардың, мәдениеттерінің таяздығы, қызығушылықтары мен өмірлік құндылықтарының төмендігі, өмірлік тұрақты бағыттарының жоқтығымен сипатталады. Осы аталған әлеуметтік- демографиялық белгілер адамның психикасы мен психикалық сапаларымен тығыз байланысты. Мысалы, білім деңгейінің төмендігі мен білімінің, мәдениетінің, адамның интеллектісінің таяздығымен байланысты болса; әлеуметтік бейімделудегі қиындықтар адамның еріктік-жігер, эмоцияның тұрақсыздығымен, агрессивтілігі мен импульсивтілігінің жоғарлылығымен сипатталады. Сондықтан, әлеуметтік- демографиялық белгілерді талдау арқылы қылмыскердің әлеуметтені үрдісін, психикалық қасиеттерін қалыптасуын түсінуге көмектеседі.
А.Р.Ратинов қылмыскердің қылмыстық әрекетпен айналыспайтын адамдар арасындағы айырмашылығы олардың дербес ерекшеліктері жиынтығының кешеніне байланысты деген. А.Р.Ратиновтың көзқарасын жақтай отырып, О.Д.Ситковская сот қылмыстық әрекеттің механизміне әсер еткен адамның психикалық қасиеттері мен жағдайларға көңіл аударуды ұсынған. Сондықтан Ситковская адамның қылмыстық делеваттық қасиеттерін 2 топқа бөлген:
1. Адамның адамгершілік құндылықтары, өмірлік позициясы, интеллект даму деңгейі, қылмыстық әрекетке қатынасы, сондай–ақ заңдылықтарды түсінуге мүмкіндік береді;
2. Өз мінез–құлықтарын ырықты меңгеру қабілеті: өз-өзін ұстай алуы, реттеуі, жүйке жүйесінің ерекшеліктері, еріктік, эмоциялық тұрақтылығы.
Қылмыстың психологиялық факторы: қылмыс жасауға итермелейтін себептердің бірі ажырасқан отбасылардың көптеп кездесуі. Яғни, осындай жанұядан шыққан жасөспірімдердің қылмысы. Бірақ айырылыспай әрқашан ұрсыс-керісте болатын жанұя жасөспірімдері де қылмыс жасауға жақын болып келеді. Сондықтан, қылмыстың психологиялық факторы жанұядағы қарым-қатынасқа байланысты. Жасөспірімдер ата-анасының қамқорлығы мен қадағалауынан тыс қалады. Көп жағдайда екі түрлі жынысты жасөспірімдер анасына жақын болып келеді. Әкесі жағынан жақындықтың аз болуынан ұл балалар қылмыстық іс-әрекетке көбірік барады. Әке-шешесінің бір-бірімен ұрсысып, қарсыласып жүрген отбасынан шыққан балалар өздерінің агрессивтілігімен және салмақсыздығымен өз құрдастарынан ерекшеленеді. Зерттеу нәтижесіндегі себептердің бірі – балалық шағынан бастап қамқорлық, мейірімділіктің жетіспеушілігі. Кей жағдайларда заң бұзушылық іс-әрекетке эмоционалды жағынан сау балалар; тек кері, қате тәрбиеленгендер баратыны, қыздардың өз ата-анасының іс-әрекетін қайталағаны кездеседі.
Қылмыстың биологиялық факторы: қылмыстардың көбі сыртқы себептердің ықпалынан жасалады. Бірақ, кей жағдайларда органикалық және биологиялық факторлардың тікелей және жанама әсер етуі кездеседі. Мысалы, қылмыс жасаған жасөспірімдер арасында бас миының маңдай жазығының дамымай артта қалуы нейрофизиологиялық бұзылыстарына, өз іс-әрекетіне жауап бермеуіне әкеледі. Бірақ, бұл танымдық процестің бұзылуы дегенді білдірмейді, тек бұндай жасөспірім өзіндегі білімді пайдаланып қана іс-әрекет жасай алмайтындығын білдіреді.
Қылмыскердің психикалық ерекшеліктері мен қасиеттері қазіргі психология ғылымындағы көптеген психодиагностикалық әдістермен анықталады. Қылмыстық әрекеттерді жасаған адамдардың арасында психика дамуында кемістігі «аномальді» жағдайларда кездеседі. Олардың эндогенді, экзогенді себептері бар және мінез- қылықтық, әрекеттік өзіндік сипаттары анықталған.
Көптеген аномальді мінез- қылықтардың ішінде соттық психиатр мен психологтарды психопатиялық жағдайлар көп алаңдатады. Олардың еріктік- эмоциялық тұрақсыздығы, интеллект дамуындағы ерекшеліктері, криминогендік ортаға тез бейімделуі, қылмыстық әрекеттер мен шараларды тез үйренуі байқалады. Психопатиялық бұзылуы бар адамдарды былайша топтастырады:
І. Психопатиялық қозба (аффективті) түрі. Эмоционалды тұрақсыздық, өзін ұстай алмау, тез қозу, ашуланшақ, импульсті, ескертулерге жоғарғы қозу (аффективті), қатыгездік, кекшілдік тән. Олар:
- Қозба психопатиялық тұрақсыздық түрі – еріксіздік, немқұрайлылық, барлығына жеңіл қарау, сын тұрғысынан қарауы өте төмен, шыдамсыз келеді. Алаяқтық, бұзақылық, қаңғыбастық, құжаттық режимді және қоғамдық тәртіпті бұзу сияқты әрекеттермен айналысады.
- Қозба психопатиялық паранояльді түрі – өзін басқалардан жоғары қою, өкпелегіш, күдікшіл, тез қозғыш, қозуы жоғары, шыдамсыз, басқалардың көзқарасына шыдамсыз, ақыл- ойы таяз, бір жағдайларға байланғыш, зорлау, қинау әрекеттерімен айналысатындар.
- Қозба психопатияның истероидті түрі – интеллектісі таяз, өтірікші, қарым- қатынаста жалғандылық, эмоциналды тұрақсыздық, көтің көзінше өзін көрсетуді ұнатады.
ІІ. Психопатияның баяу түрі: олар астениктер, психоастениктер, психопатиялық аутисттік түрлері болып бөлінеді :
- Астеникалық сипаты - әсер алғыштығы жоғары, тез шаршағыш, сезімталдығы жоғары, ұялшақ, өзіне сенімсіз, өз бойындағы кемшіліктерді ерекше сезіну тән.
- Психопатияның психоастеникалық түрі : күдікшіл, алаңдаушылық, сенімсіздік, қиын жағдайларда өзінің күдікшілдігігнен шешім қабылдай алмау. Олар қоғамда қалыптасқан тәртіпке қарсы әрекет жасайды, қоғамға пайдалы еңбекпен айналысудан, әскери міндет атқарудан қашады.
- Психопатиялық бұзылудың аутостикалық шизойдты түріне : тұйық, сезімталдықпен жараланудың жоғарылығы, эмоциялық бөтенсінумен суықтық басым, қатігез болады. Оларға алдына қойған мақсатқа жетуге ұмтылу, аффективті уайымдау, дау – дамай жағдайларды зорлық – зомбылық, агрессивтілік, қатыгездңк сияқты ерекешеліктермен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |