Білім беру бағдарламасы бойынша білімалушыларға «Заң психологиясы»



бет9/23
Дата02.03.2023
өлшемі209,97 Kb.
#71258
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Қылмыскер тұлғасына сипаттама


2. Қылмыстық әрекеттегі жас ерекшеліктер
3. Қылмыстың психологиялық факторы
8. Дәріс: Жасөспірімдердің қылмыстық мотивациясы
Жоспар

1 Жасөспірімдер арасындағы қылмыстық іс- әрекет мәселесі.


2 Жасөспірімдерді қылмысқа итермелейтін факторлар.
3 Жасөспірімдердің қылмыстық әрекетін алдын алу шаралары
Жасөспірімдік шақ психологиялық көптеген зерттеулерде «өтпелі кезең», «дағдарыс кезеңі», «қиын» бала ұғымдарымен сипатталады. Жасөсіпірімдердің ерекшелігі-олардың физиологиялық, дене кұрылысының, күшінің, жыныстық белгілерінің қатты дамып өзгеруінде. Өздерін ересектер санатында ұстап, ересектерден соны талап етеді. Жасөспірімдердің ересектер жолына түсуі өте күрделі қарама-қайшылықта өтетін жағдай. Жасөспірімдермен жүргізілетін психологиялық жұмыстардың маңызы күннен – күнге айқындалуда.
Жасөспірімдік кезеңде балалардың өзіндік санасының қалыптасуы өзіне-өзін дәлелдеу, сыртқы келбетін, ақыл-ой, моральдық, ерік сапаларын бағалауы жүзеге асады. Өзін идеалмен байланыстыруы, өзін-өзі тәрбиелеу бағалауы жүзеге асады. Жасөспірімдердік психикалық жағдайын диагностикалау мәселесі қазіргі кезеңде психологиялық қызметінің негізгі бағыты. Диагностикалық жұмыс–баланың психикалық қызметі мен күйін ғылыми дәлелді тәсілдер арқылы сандық сипатта бағалайтын және нақты сапалық тұрғыдан туындайтын, адам психикасының көрінісі ізденіс аумағы.
Жеткіншектер ортасындағы агрессивті беталыстың өсуі біздің қоғамымыздың соңғы жылдары көбейіп кетекен жастар арасындағы қылмыстық істер, әсіресе жеткіншектер қылмысы ең күрделі де қиын әлеуметтік мәселеге айналды. Сонымен қатар, денеге зиян келтіретін тұлғаға бағытталған қылмыстық әрекеттер санның көбею деректері де бізді алаңдатуда. Сондай–ақ, жеткіншек арасындағы жауыздық сипатқа ие топтық төбелестер жиіледі. Психологтар кәсіби қызығушылығы кәмелетке толмаған тұлғаның өзгеру деңгейіне және оның мінез–құлық ерекшеліктерінің сипаттау мәселесіне тұрақтанған.
А.В.Филонов қайырымсыздықтың генезисін зерттей келе, мынандай қорытынды шығарды, яғни жасөспірімдердің қайырымсыздық әрекеті көп жағдайларда 11–16 жас аралығында тым қатты байқалады. Психологтардың ойынша бұндай қайырымсыздықтың, мейірімсіздіктің көрінуі көп жағдайда баланың ересектермен өзара қарым-қатынасындағы қайырымсыздықтан, әсіресе ата анасымен қарым–қатынасында туындайды. Тұлғаның балалық шақта дұрыс дамымауына көптеген ғалымдар көңіл бөлген. Әсіресе, Б.Холыст, Н.Ф.Кузнецова. Кузнецованың айтуы бойынша, ерте балалық шақтағы қарым–қатынас патологиясы аяғында бұзақылықты және күштеу мотивациясын ескертуі мүмкін.
Қылмысқа барған жасөспірімнің мотивационді-қажеттілік сферасында терең қозғалыстар байқалады, олардың әрекеттері төменгі импульсивті нұсқаулық деңгейде жүреді. Мұндай әрекеттің мотивациясы жасырын болып, «мотивсіз» қылмыс деген жалған көрініс береді. Ал олардың қажеттіліктері бір жақтылығы мен шектеушілікпен, әлеуметтік жағымды қажеттілік түрлерінің дамымай қалғандығымен, төменгі деңгейдегі қажеттіліктердің гипертрофиялық болуымен ерекшеленеді.
Жалпы интеллектуалды дамудың жеткіліксіздігі, алдын-ала бейнелеудің қалыптаспағандығы, өзіндік рефлексияның төмен болуы – қылмыскер жасөспірімдердің негізгі айрықша ерекшелігі. Қылмыс жасаған жасөспірімнің жүріс-тұрыс механизмдерін түсіну үшін «тұлғаның типі» деген ұғымды да қарастыру керек. Тұлғалық тип дегеніміз – бағыттылық, жүріс-тұрыстың жалпы әдістерімен сипатталынатын құндылық бағдар.
Жасөспірімдердің арасында қылмыстың көптеп таралуы зерттеушілердің көңілін алаңдатып отыр. Бұл қылмыстың таралуының себептерін анықтау мақсатында арнайы зерттеу жұмысын жүргізуге итермеледі. Негізгі себептерін үлкен үш топқа бөлуге болады:
-Социологиялық фактор: Қоғам және мәдениет құрылымдарына байланысты.
-Психологиялық фактор бойынша: Белгілі адамның мінезінің ерекшелігімен қарым-қатынас ерекшелігіне байланысты.
-Физикалық және органикалык элементтерінің әсерінен биологиялық фактор
Социологиялық-әлеуметтік фактордың ішінде, зерттеу нәтижесінде, келесі себептер көп кездескен: - төменгі экономикалық – қоғамдық статус; - мәдениеттегі зорлық және бұқаралық ақпарат құралдары; - алкоголь және наркотикалық заттар; -құрдастарының әсері; - отбасындағы психологиялық және атмосфералық жағдай
А.Е.Личконың айтуы бойынша әрбір құқық бұзушының мотивтері де әр түрлі болып келеді. Мысалы, гипертимді жасөспірімдердің ұрлыққа түсуі - өзінің жолдастарына өзінің мықтылығын көрсету, дәлелдеу болып табылады.
Көбінесе жасөспірімдердің қылмысты істеуі топ қылмысының арқасында жүзеге асады, яғни жолдастарын қолдаудан соқыр талпыныс сияқты мотивпен топ ішінде «авторитетке» иемдену. Криминогенді топтың тұрақтылығы, белгілі жасөспірімдердің қылмысты істеумен қамтамасыз етіледі. Жасөспірімдердің қылмыстық мінезінің негізінде көптеген мотивтер жатыр, олардың ішінде бірінші орында өзін таныту мотиві және топтың ішіндегі бірінші орынға талпыну және т.б. Криминогенді топ спецификалық психологиялық механизмдер арқылы өздерінің мүшелеріне жан – жақты әсерін тигізеді :
1. Криминогенді топ қылмыстық әрекеттің негізінде жатқан бағдарлардың және көз – қарастардың қалыптасуының базасы болып табылады. Психологиялық механизмімен топ өзінің мүшесіне қылық көрсетсе, ол конформизм деп аталады. Бұндай топтардың қаншалықты антиәлеуметтік бағыты көрінетін болса, онда конформизм соншалықты қатты болып келеді.
2. Криминогенді топпен жасөспірімдердің идентификациясы қылмысты орындаудағы кедергілерге деген ішкі мотивтерінің әлсізденуіне әкеп соғады. Бұл құбылыстың негізінде психологиялық қорғаныс механизмдері жатыр. Әсіресе сының негізінде орындалған және орындалатын қылмыстық істің жауапкершілігінен іштей босатылады.
3. Криминогенді топ өзінің мүшелеріне қылмыстық әрекеттің психологиялық механизміне конформизм сияқты, енді елітеу қосылады. Жасөспірімдердің еліктеуге олардың жас ерекшелік ерекшеліктерімен анықталады.

Көптеген зерттеулердің нәтижесі бойынша криминогенді топтың бір мүшесі қалғандардың көзінше қылмысты орындайды. Содан кейін құрбы – құрдастарымен әңгіме барысында қылмыстық әретіне мақтанып, олардан қолдау алады. Жасөспірімдер істеген күштеу, золау қылмыстарына : бұзақылық, өлтірушілік, денеге ауыр зардаптар түсіру, зорлау жатады. 1995 жылдың аяғында жасөспірімдердің қылмыстық құрылымы: қастықпен әдейі өлтіруі – 0,6 %, ауыр дене зардаптары – 0,9 %, зорлау – 0,8%, бұзақылық -7,5% құраған.


Сонымен көріп отырғанымыздай жасөспірімдердің қылмыстық ісі көбінесе бұзақылық әрекетінде жиі байқалады. Сондықтан да ауыр дене зардаптары және өлтірулер негізінде бұзақылық мотивтері жатыр. Криминологиялық зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей, қылмыстық істің негізінде жасөспірімдердің өзін таныту қажеттілігі басым болып келеді. Өзін таныту қажеттілігі әрбір адамған тән, бірақ бұл жасөспірімдік кезенде анық көрінеді. Жасөспірімдердің күштеу мотивациясы жоғары эмоциялық және ситуативтілікпен сипатталады. Жеткіншектердің күштеу әрекет – қылығы қайырымсыздықпен байланысты болып келеді.
Қылмысқа барған жасөспірімдердің тұлғалық типологиясында негізгі үш нәрсені қарастыру керек:
1. қылмыскер жасөспірімнің жалпы түрі;
2. белгілі категорияның қылмыскер тұлғасы;
3. белгілі түрдің қылмыскер тұлғасы;

Бұл градациялар бір–бірімен жалпы, ерекше, біркелкі деп сәйкестенеді. Тұлғаның әлеуметтік негізі болып оның бағыты, өмірлік қатынастардың жүйелері, мотивациялық-құндылық бағдары болса, онда осы негіз қылмыскер жасөспірімнің типін анықтауы керек. Қылмыскер жасөспірімнің типтік критериі, яғни асоциалды, антиәлеуметтік деформация мөлшері, өзіндік психологиялық реттеу кемшілігі оның қоғамдық қауіпсіздік дәрежесі болып табылады.


Осы критерий бойынша қылмыскер жасөспірімнің үш түрін бөліп шығаруға болады:
1. антиәлеуметтік жасөспірім,
2. асоциалды жасөспірім,
3. психологиялық өзіндік реттеудің кемшілігімен сипатталынатын қылмыскер жасөспірім.

Жалпы әрекет қылмыс жасаған адамның субъективті жақтарын толық ашпайды. Заңды белгі бойынша ұсақ әрекеттер әр түрлі психологиялық факторлармен негізделеді. Қылмыскер жасөспірімнің криминалды – психологиялық классификациясының негізінде басыңқы позициялар: итермелеуші күші, мотивтары, қалыпты мақсаттары, қылмыс жасаудың амалдары, тұлғаның десоциолизация өлшемі, антиәлеуметтік бағдардың сипаты жатыр.


Жасөспірім қылмысының сипаты келесі белгілер жиынтығымен анықталынады:


1. қылмыстың түрімен–объект, қылмыстық салдардың ауырлық сипаттылығымен;
2. айыптау формасы, қылмыстың мақсаты мен мотиві;
3. қылмыс жасаудың амалы немесе әдісі;
4. қылмыс жасаудың жағдайымен;
5. жұмсарту жағдайының бар болуы;
6. қылмысқа жасөспірімнің қатынасы, жасалынған қылмыстан кейінгі жүріс-тұрысы.

Жасөспірімдердің жағымсыз жат әрекеттерімен күресудің бірден-бір жолы ретінде, жастармен профилактикалық-алдын-алу жұмысын жүргізудің мақсаты-табысты әлеуметтенуге жағдай жасау мен адамдарда қабілететтілік, жауапкершшіліктік қасиеттерін қалыптастыру процесіне көмек ету болып табылады.


Профилактика жасөспірімдерді тәрбиелеудің жалпы процесінін кұрама бөлігі, қылмыспен күрестегі басты бағыт, "өз ішіне медициналық педагогикалық аспектіні алатын басты әлеуметтік мәселе". Құқық бұзу профилактикасы, қылмыс туралы алдын-ала ескерту немесе баска да асоциалды құбылыстар жайлы ескерту мақсатында қоғамға қарсы өмір салтын жүргізіп жатқан жеке адамдарға жүйелік түрде іске асатын, мақсатты бағытталған әсерді болжайды
Бүгінгі таңда елімізде 17 000-нан астам жасөспірім қылмыстық есепте тұр. Аз көрсеткіш емес. Дегенмен тәртіп сақшылары «жеткіншектер арасындағы қылмыс көрсеткіші жыл өткен сайын азайып келеді» деп «алақайлауда». Мамандардың алға тартқан статистикасына көз жүгіртер болсақ, 2004 жылы 6 500-дей жасөспірім қылмыстық жауапкершілікке тартылса, былтыр­ғы көрсеткіш 4,5 мыңнан аспапты. Мамандар «Білім басқармалары мен Ішкі істер министрлігі­нің, қоғамдық ұйымдар мен қоғамдық инсти­туттар­дың бірлесе отырып жасөспірімдер қылмы­сының алдын алу мақсатындағы атқарған іс-шараларының арқасында жыл сайынғы жасөспірімдердің қылмыс жасау деңгейін 6,7 пайызға төмен түсіру мүмкін болып отыр», – дейді.
Келеңсіз жағдайлардың ата-ананың баласына жеткілікті көңіл бөлмеуі және отбасындағы белгілі бір проблемалық мәселенің оң шешімін таппауы салдарынан үйдегі моральдік-психологиялық тұрғыдағы кері ахуалдың қалыптасуынан болып отырғандығы болуы мүмкін. Ата-анасының тікелей қамқорлығы мен сүйіспеншілігін сезінбей өскен балада қоршаған орта мен ұжымға деген қалыптаспаған, дұрыс бағытталмаған кері негативті көзқарастың қалыптасатыны және де бала тарапынан берілген кез-келген сұраныстың қандай мақсатта жұмасалатыны сұралмай қанағаттандырылуы жасөспірім бойындағы жалқаулықтың, өмірлік құндылықтарды бағалай білмейтін өзімшілдіктің қалыптасуына әкеліп соғып, ұстаз бен оқушы арасындағы кикілжіңнің білім мекемелері мен уәкілетті органдар арасындағы түсініспеушіліктің туындауына әкеліп соқтырады.
Жасөспірімді қоғам жағынан қадағалау қажет. Отбасы жасөспірімдік қылмыстың алдын алуға мүмкіндік беретінін естен шығармау қажет. Себебі, көбінде жанұя қоғамдық қадағалауды жүзеге асырады. Қадағалаудың екі түрі бар. Біріншісі, тікелей қадағалау – бұл сыртқы болып табылады, оған шектеулер және жазалаулар жатады. Ата - аналары баланың уақытында сабақтан келуін, жолдастарымен қарым-қатынасқа түсетін кіші топтарды қадағалап, тексеруі жатады. Сонымен қоса уақытында баланы жазалап, көмектеседі. Екінші түрі, көмекші қадағалау – бұл сыйластық және махаббат. Жасөспірім ата- анасына және басқа да адамдарға осы сезімдерді сезінеді. Олардың тәрбиесі мен іс-әрекетін махаббат басқарады. Ата-анасына және басқа адамдарға махаббат, сыйластықпен қараған бала көп жағдайда қылмысқа бармайды. Себебі, жасөспірімдерге үміт артып, сенетін адамдарды ренжітіп, көңілін қалдырғысы келмейді.
Жоғарыда аталған мәселелерге көңіл бөле отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен әлемнің жетекші елдерiнiң тәжiрибелерiне негізге ала отырып, балаларға қарым-қатынас қоғамның әлеуметтік жетiлуiнiң көрсеткiшi болып табылады деп айтуға болады. Сондықтан да Бағдарламадағы берілген мәселелердің шешуі өкілетті және атқарушы үкiметтiң салмақты көңіл аударуын талап етеді.
Бағдарламаның мақсаты өзара сiңiсушiлiк түрде және сабақтастық принциптеріне негізделген :
1-ші кезең– кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылыққа жол бермеу жөніндегі кешенді шаралар жүйесін құру;
2-ші кезең – өмiрдiң қиын жағдайларына тап болған, қаңғыбастық пен әлеуметке жат қылықтарға бейім балаларды әлеуметтік бейімдеу мен оңалтуға себеп болушы бiлiм беру ортасының мүмкіндігін дамыту.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін бірінші кезеңде мынандай басым міндеттерді шешу көзделіп отыр:
- мемлекеттік, құқық қорғау және қоғамдық ұйымдардың құқықтық, өнегелік мәдениетін қалыптастырудағы және кәмелетке толмағандар арасындағы әлеуметке жат қылықты болдырмау жөніндегі қызметін бірлесіп жүргізуді қамтамасыз ету;
- қала құқық қорғау органдарының қылмыс жасайтын және әкімшілік құқық бұзушы немесе соны жасауға бейім балаларды дер кезінде анықтап табу, есепке алу, алдын алу жұмыстарын жүргізу;
- маскүнемдіктен, нашақорлықтан, токсикоманиядан зардап шегетін немесе психикаға зор әсерін тигiзетiн заттарды қолдануға бейім кәмелетке толмағандарды айқындау, есепке алу және кейіннен оларды оңалту, кәмелетке толмағандар арасында медициналық алдын алу жұмысын жүргізу; кәмелетке толмағандар мен ата-аналарға құқықтық бiлiм беру.

Екінші кезеңде:


- спорт алаңшаларының құрал-саймандарын, құрал-жабдықтарын қосымша сатып алу және аула клубтарын ашу, кәмелетке толмағандарды қала өмірінің мәдени, спорт саласына белсенді қатыстыру.
Бағдарлама мынандай бағыттарды көздейді:
- емдеу-диагностикалық іс-шаралары;
- ақпараттық-насихаттау қызметі (алдын алу);
- әлеуметтік-педагогикалық жұмыс (оңалту және бейімдеу);
- материалдық базаны кеңейту;

Кәмелетке толмағандармен және әлеуметтік-педагогикалық процеске қатысушылармен жаңа материалдық-техникалық база негізіндегі әлеуметтік серіктестік пен құқық бұзушылықтың алдын алу тиімділігін жетілдіру жөнінде іс шаралар кешені өткізілетін болуы тиіс.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет