Білім беру бағдарламасы бойынша білімалушыларға «Заң психологиясы»



бет2/23
Дата02.03.2023
өлшемі209,97 Kb.
#71258
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Пререквизиттер: ҚР Конституциялық құқығы, мемлекет және құқық теориясы, философия, әлеумттану және саясаттану, мәдениеттану және психология, экожүйе және құқық
Постреквизиттер: ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы, ҚР азаматтық іс жүргізу құқығы, Адвокатура, ҚР прокурорлық қадағалау,Сот және сот төрелігі, Азаматтық іс жүргізу бойынша практиукм, ҚР құқық қорғау органдары
Пәннің оқыту нәтижелері:
- заң психологиясының объектісі мен пәнін, оның негізгі салалары, құқықтық жүріс-тұрыстың зерттеу әдістерін әлеуметтенудің нәтижесі ретіндегі және құқықтық мәдениеттің психологиялық бөлшегі ретіндегі адамның құқықтық сана- сезімі туралы, заңгерлердің кәсіби әрекетінің психологиялық ерекшеліктері туралы, қылмыстық психологияның, әлеуметтік-психологиялық профилактика мен түзету психологиясының негізгі аспектілері туралы білуі;
- заң психологиясы бойынша алынған білімдерін психодиагностика мен психологиялық кеңес беру практикасында пайдалана білу, психологиялық сараптаудың түрлі формаларын жүргізгенде оларды жетік білу, құқық сақтау саласындағы практикалық жұмыстардың түрлі формаларына қатысуға қабілетті кәсіби психологтың дағдылары болуы:(психопрофилактика мен түзету, сараптау процедуралары және т.б.).
- заң психологиясының негізгі ұғымдарымен және категорияларымен, оның концептуалды ізденістерімен, психодиагностикамен және психологиялық кеңес беруді талдау, нақты құқықтық жағдайларда құқықтық кеңістікте бағдарлау саналы, терең және ғылыми тұрғыда құқықтық және құқыққа қарсы жүріс- тұрысы мен әрекеті туралы, заң бұзу мен қылмыстың психологиялық себептері туралы, қылмыскерлердің тұлғалық типологиясы туралы және құқықтық қатынастар саласындағы адамды сынаудың психологиялық тәсілдері мен әдістемелерін қолдана алуы;

1 Дәріс Заң психологиясы пәні мен міндеттері


Жоспар

  1. Заң психологиясы пәні мен міндеттері.

  2. Методологиялық негізі.

  3. Заң психологиясының салалары

Заң психологиясы – психологиялық заңдылықтар мен психологиялық білімдердің заңгерлік әрекет пен құқықтық реттеудің барысындағы көрінуі мен қолдануын зерттейді. Заң психологиясы күрделі де көп жақтылы пән, болашақ мамандарды құқықтық реттеудің әлеуметтік-құқықтық мәнін түсіне білуге, құқықтық реттелетін қатынастар саласындағы адамдардың мінез-құлығының психологиялық ерекшеліктерін тани білуді қамтамасыз етуге арналған. Құқықтық реттеу қоғамдық және әлеуметтік-психологиялық заңдылықтармен тікелей байланысты. Құқықтық білім мен сана адам мінез-құлығының психологиясымен де тығыз байланысты.


Заң психологиясы қылмыскердің қылмыстық әрекетінің мотивациясына жүйелі талдау жасауға, құқық қорғау және заң қызметкерлерінің кәсіби әрекетін ұйымдастыруда құрылымдық мүмкіндікті береді. ХХ ғасырдың соңында дербес білім саласы ретінде пайда бола отырып, бүгінде заң психологиясы заңгерлік білім берудің құрамды бөлігіне айналды, сөйтіп «адамдар факторына» негізделген құқықтың барлық салаларын қамтыды. Заң психологиясы сонымен қатар психологиялық фактілерді есепке ала отырып, құқық шығарушы, құқық қолдаушы, құқық қорғаушы және пенитенциарлық іс-әрекеттердің тиімділігін арттырудың мәселелерін де зерттеп қарастырады.
Заң психологиясы- бұл жеке адамның және оның іс-әрекетінің құқықтық реттеу жағдайларындағы түрліше аспектілерін зерттейтін ғылым. Заң деонтологиясы немесе заң психологиясы – ғылым саласы ретінде жалпы және арнаулы міндеттерді қарастырады. Жалпы міндеттеріне: заң және психологиялық білімдерінің ғылыми негіздерін жинақтау, құқықтық категориялар негізінде психикалық ерекшеліктерді ашу жатады.
Заң психологиясының өзге ғылымдар сияқты өзіндік зерттеу пәні бар. Заң психологиясының міндеттері мынандай:

  • психологиялық және заң білімдерін ғылыми тұрғыдан жинақтау, біріктіру;

  • негізгі құқықтық категориялардың психологиялық заңгерлік мәнін ашу;

  • заңгерлердің өз іс-әрекетінің негізгі объектісі- адамның мінез құлығын терең түсінуін қамтамасыз ету.

  • түрлі құқықтық қатынас субъектілерінің психикалық іс-әрекетінің ерекшеліктерін және құқық қолдану мен құқық қорғаудың әртүрлі жағдайларындағы психикалық қалыптарын ашу.

  • қоғам өмірін құқықтық реттеуді жетілдіруге байланысты ұсыныстарды, нұсқауларды жасау.

Арнаулы міндеттеріне: құқықтық әрекеттерді қолдануды жүзеге асырудың тиімді ұсыныстары жатады:



  • психикалық шаралардың құқықтық нормалардағы тиімділігін зерттеу.

  • қылмыскердің жеке басының психологиялық зерттеу, қылмыстық тәртібінің мотивін ашу.

  • қылмыстың аалдын-алудың әлеуметтік пссихикалық негізін жасау.

  • құқық қорғаудың әртүрлі салаларындағы психологиялық заңдылықтарды зерттеу.

Түзету мекемелеріндегі жазаланғандарды қайта тәрбиелеу мақсаты негізінде психологиялық заңдылықтарды зерттеу. Құқық қорғау органдарында кәсіптік деңгейді, кәсіптік бағдарды, кәсіптік білім мен біліктілікті жетілдіруге ұсыныстар жасау.
Құқықтық реттеу жүйесінің қызметкерлері күнделікті мінез-құлықтар көріністерімен жүздесе отырып, адам психологиясы туралы жалпы танымдық түсінік алады. Бірақ та жүйесіз жалпы танымдық психологиялық түсініктер жеке адамның құқықтық санасының кемістіктерін білікті талдауға және құқықтық маңызды мінез-құлықтың психологиялық механизмдерін білуге жеткіліксіз. Азаматтық-құқықтық реттеу барысында келісімді қатынастар үшін психоллгия саласынан білімдер қажет.
Психологиялық білім заңгер үшін негізгі қылмыстық-құқықтық категориялардың мәнін терең ұғыну үшін де (мысалы: кінә, мақсат, ниет-түрткі, қылмыскердің жеке басы және т.б), жекеленген мынандай заңгерлік сұрақтарды шешуге байланысты да (сот-психологиялық сараптамасын тағайындау, қылмыстың құрамын анықтау, күшті жан күйзелісін анықтау арқылы кіәлінің жауапкершілігін жеңілденуге байланысты жекеленген баптарды жүзеге асыру үшін де) қажет.
Заң психологиясы психология және юриспруденция ғылымдары негіздерін қамтиды. Құқықтық және заң әрекеті барысындағы қарым-қатынастағы адамдардың психикасында өзіндік ерекшеліктері болады. Психология гректің «псюхе»-жан және «логос»-ілім деген мағынаны білдіретін екі сөзінен тұрады, яғни жан туралы ғылым саласы. Психология адамдардың психикасын зерттейді, ал психика немесе жан барлық тіршілік иелеріне тән қасиет. Психиканың ең қарапайымнан күрделіге дейінгі бірнеше формалары бар: ең қарапайым формасы бір клеткалы-қарапайымдыларға, ал ең күрделісі «сана»-деп аталады және ол тек адамдарға ғана тән. Адам санасы ми қызметімен тығыз байланысты. Психика немесе жан көптеген психикалық-жан құбылыстарынан тұрады. Психология ғылымында жан құбылыстарын үлкен үш топқа бөлеміз:
1. психикалық процесстер
2. психикалық жағдайлар
3. психикалық қасиеттер
Психикалық процесстер үш топқа бөлінеді: танымдық, эмоциялық, еріктік.Психикалық процесстерге түйсік, қабылдау, ойлау, ес, қиял, зейін және олардың қасиеттері жатады. Психикалық жағдайлар эмоциялық және сезімдік (адамның көңіл-күйі) ерекшеліктермен байланысты. Психикалық қасиеттерге темперамент, мінез-құлық және қабілет жатады. Адамның психикасы, ойы, саналы әрекеттері мен іс-қимылдары, өзін-өзі бақылауы, ұстауы, творчествосы және т.б. адам миының жемісі.
Психология адамдар жайлы ғылымдар саласында жетекші орын алады. Психологияның медициналық, әлеуметтік, балалар, әскери, еңбек, саяси және т.б. көптеген салалары бар. Заң психологиясы да психология ғылымының бір саласы болып табылады
Қылмыстық іс жүргізу заңының көптеген ережелерін жүзеге асыру барысында да (кәмелеттік жасқа толмағандардың ақыл-ойының қалыптылығын куәгерлердің және жәбірленушілердің оқиғаны дұрыс қабылдап, айта білу қабілетін ескеру) қажетті психологиялық білім көлемінің болуы, соттық-психологиялық сараптаманы тағайындау талап етіледі. тергеу-іздеу әрекетіндегі бастапқы бейхабар жағдайларды ізделінуші қылмыскердің мінез-құлықтық ерекшеліктерін бағдарға алу шешуші маңызға ие (куәгерсіз жасалған қылмыстардың 5 пайызы ғана материалдық іздер арқылы, дәйектер арқылы ал қалған бөлігі мінез-құлық көріністері арқылы көрінеді). Қылмысты ашудың теориясы мен тәжірибесінде, тергеу әрекеттерінің стратегиясы мен тактикасында психикалық заңдылықтарды білу аса маңызды.
Психологиямен және құқықтанумен шектесіп жатқан заң психологиясы жалпы және әлеуметтік психологияның әдістері мен методологиялық қағидаларына сүйене отырып жұмыс істейді. Заң психологиясының құрылымы оны зерттейтін мәселелерінің ауқымы құқықтық реттеу логикасымен анықталады. Заң психологиясының тәжірибелік нұсқаулары материалды және іс жүргізу құқықтарының ережелеріне сәйкес келеді.
Заң психологиясының өзіндік категориялар жүйесі бар. Бірнеше бөлімдерін ажырата аламыз:
методологиялық бөлім – заң психологиясы мен даму тарихы мен әдістерін, міндеттерін, жүйесін зерттейді.
құқықтық психология – заң психологиясының бір бөлімі- құқық негіздерін жүзеге асыруды; жеке адамның құқықтық әлеуметтенуінің психологиялық заңдылықтарын; құқықтық әлеуметтенудегі ақауларды зерттейді.
криминалдық психология (қылмыстық) қылмыскердің жеке басының психикалық ерекшеліктерін; қылмыстық тәртіптің мотивін; басқа қылымстардың мотивін зерттейді.
ізденістік –оперативтік психология – заң психологиясының тергеу бөлімі: қылмысты зерттеу әшкерелудің психологиялық аспектілерін зерттейді.
соттық талдау мен соттық экспертиза мәселелеріндегі Сот психологиясы психологиялық аспектілерін зерттейді.
әрекетті түзету психологиясы- заң психологиясының бөлімі. Қылмыстық жазалаудың психикалық тиімді жолдарын; қылмысты жазалауды өтеу мәселелері; айыпталғандардың психикасы мен жазаны өтеу орындарындағы психикалық негіздерді зерттейді.
Заң психологиясының өзге ғылымдар сияқты өзіндік зерттеу пәні бар. Заң психологиясында адамның құқықтық реттеу логикасына сай келетін меншікті категориялар бар. Ол бес бөлімнене тұрады, әрбір бөлімнің қарастыратын өзіндік ішкі құрылымдары бар.
Құқықтық психология: құқықты мінез-құлықтың әлеуметік реттеуші, тиімді заң шығарудың психологиялық аспектілерінің факторы ретінде, жеке адамның құқықтық әлеуметтенуі, құқықтық маңызы бар құбылыстарды псиологиялық бейнелеуінің ерекшеліктері. Құқықтақ қолдану және құқықтық санасының психологиясын, құқықтық орындаушылық мінез-құлықтың психологиясын қарастырады
Қылмыстық психология: қылымыстық мінезқұлықтың таралуына психологиялық факторлардың ролінің мәселесін, жеке бастың қылмыстануындағы биологиялық және әлеуметтік факторлардың ролін, қылмыскердің жеке басы туралы түсінікті қылмыскерлердың психологиялық түрлері; қылмыстық әрекетті жасаудың психологиясы, берекесіз, бейімделмеген, рецедивті және жасөспірімідер психологиясының; топтық және ұйымдасқан психологиясын, кінәлілермен жауаптылардың психологиясын қарастырады.
Қылмыстық сот ісін жүргізудің психологиясы: А) алдын ала тергеу психологиясы тергеу әрекетінің психологиясы, тергеушінің және қылмыстық іске қатысушылардың жеке басының психологиясы, тергеушінің танымдық ізденушілік іс-әрекетінің психологиясы, тергеушінің хабар тапшылығы жағдайындағы іс-әрекетінің психологиясы, тергеу-іздеу әрекетіндегі харарлық модельдеу, тергеушінің коммуникативті іс-әрекетінің психологиясы, қылмысты ашу жүйесіндегі тергеу әрекеттерінің психологиясы, қылмыстық іс жүзіндегі сот психологиялық сараптама.
Б) сот қызметінің психологиясы сот қызметі ерекшеліктерінің психологиясы
соттық істі қарауды даярлау мен жоспарлаудың психологиясы, соттық тергеу оған қатысушылардың психологиялық ерекшеліктері, соттық істі тергеудегі жауап алудың психологиясы, соттағы пікір таластардың психологиясы, прокурорлық қызметтің психологиясы, қылмыстық әрекет-істерді соттаудағы прокурордың сөзі, сотталушының психологиясы, сот шешімдердің қабылдаудың психологиясы
4. Түзетуші (пенитенциарлық) психологиясы
- түзетуші психологияның міндеттері, қылмыскерлерді жазалау мен түзетудің психологиялық мәселелері,-бас бостандығынан айырылған сотталушының психологиясы,-еңбекпен түзету мекемелері жағдайындағы өмір әрекетінің психологиясы,-қайта әлеуметтендіруші іс-әрекетінің психологиясы,-қамаудан босаған адамның әлеуметтік ортаға қайта бейімдеу
5. Азаматтық құқықты реттеудің психологиясы - азаматтық құқықтық қатынастардың психологиясы,- азаматтық процесске қатысушы жақтардың қалпы мен қатынас белсенділігі,- азаматтық істерді сотта қорғауға даярлаудың психологиялық аспектілері,- азаматтыө істерді сотта қарауды ұйымдастырудың психологиялық ерекшеліктері,- азаматтық соттағы соn cөзі,- азаматтық іс жүргізудегі адвокаттық іс-әрекеттің психологиясы, адвокаттың соттағы сөзі, - азаматтық істегі прокурордың іс - әрекетінің психологиясы, азаматтық соттағы прокурордық сөзі, - азаматтық соттың танымдың және куәләндіруші іс-әрекеті, - азаматтық іс жүргізудегі сот-психологиялық сараптама, - сот шешімдерін шығарудың психологиясы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет