Бестемше ойыны қазақ халқының ақыл-ой ойындарының бірі. Оның пайда болу мерзімі 4 мың жылдық мерзімді қамтиды. Бұл ойынға ұқсас ойындар Қырғызстан, Индонезия, Вьетнам, Малазия, Марокко және Түркияда кездеседі. Бестемше туралы мәліметтер өте аз. Ойын туралы «Қазақ тілінің түсіндірме» сөздігінде былай делінеді: «Тоғызқұмалақ ойынының бірнеше түрі бар. Оның балаларға арналған қарапайым,түрлерін «қоздату»,«б е с т е м ш е» деп атайды (Ө. Жолымбетов, Айгөлек, 46).
Тоғызқұмалақ ойындарының тарихы 4 мыңжылдық кезеңді қамтығанымен, нақты жазба деректерінің болмауы кесірінен ойынның хронологиялық кезеңдері бірізді емес. Ауыз әдебиеті үлгілері мен аңыз-эпсаналарда ғана тоғызқұмалақ туралы мәліметтер бар, бестемше туралы жоқ. Ең алғашқы жазба әдебиет үлгісі ретінде Махмуд Қашғаридің Диани Луғатит-ат-турк шығармасын айтуға болады. Шығарма ХІ ғасырда жазылған. Осы еңбекте Бестемше ойынына ұқсас ойын – «көшүрме» деген атпен ұшырайды.
Диуани Лұғатит ат-турк
ОЙЫН СИПАТЫ
Бестемше ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 орда, 10 отау, 50 шардан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір орда, бес отау және 25 шардан тиесілі. Шарлар әр отауға бес-бестен салынады. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды.
І. Жүріс жасау ерекшеліктері Жүріс ойыншылар тарапынан кезектесіп жүріледі. Жүрісті кімнің жасайтыны келісімімен анықталады.
Жүріс жасау үшін өз жағыңыздағы отаулардың бірінен бар шарды қолға алып, біреуін орнына қалдырып, солдан оңға қарай бір-бірлеп таратамыз.
Тарату сәтінде аттар өз отауларымыздан асып кететін болса, қарсыластың отауына таратамыз. Егер соңғы шар қарсыластың тақ санды шары бар отауына түсіп, ондағы шарды жұп қылса (2, 4, 6, 10, 12), сол отаудағы шарлар ұтып алынып, өз ордамызға салынады. Егер соңғы шар қарсыластың отауына түсіп, ондағы шардың саны тақ болса немесе өз отауымызға түссе, шар ұтып алынбайды.