Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Заң психологиясының ғылым ретінде қалыптасып дамуы
2. Криминалистиканың негізін салушыны ата
3. Заң психологиясының қалыптасып дамуына үлес қосқан ғалымдар
4. Теориялық және практикалық негіздерінің қалыптасуы
№ 3 Дәріс: Заң психологиясының ғылыми зерттеу әдістері.
Жоспар:
Заң психологиясының ғылыми зерттеу әдістері.
Бақылау мен әңгімелесуге қойылатын талаптар.
Тест әдісінің қолданылуы
Заң психологиясының ғылыми-зерттеу әдістері жалпы психология ғылымының ғылыми әдістерімен тығыз байланысты. Заң саласындағы әрекеттердің ерекшеліктеріне қарай ғылыми-зерттеу әдістері екі топқа бөлінеді: негізгі және қосалқы. Негізгі әдістеріне бақылау, әңгімелесу, эксперимент жатады. Сондай-ақ, заң психологиясы зерттеу жұмыстарының барысында мынандай әдістерді қолданады:
Құрылымдық талдау әдісі – зерттеленіп отырған құбылыстың құрлымдық-қызметтік тәуелділігін анықтауға бағытталған. Ол әр түрлі құқық субъектілірінің психикалық сапаларын зерттеуге, қылмыскердің жеке басын зерттеуде, заңгерлік іс-әрекеттің алуан түрлерінің психологиясы зерттегенде жетекші әдіс болып табылады.
Құрылымдық-генетикалық талдау әдісі – зерттеленуші объектінің пайда болуы мен дамуы және оны өміір сүруінің ерекшеліктерінің тәуелділігін анықтауда қолданылады.
Сандық және сапалық талдау әдісі – бұл зерттеленуші құбылыстың факторы мен сандыұ көрсеткіштері. Олардың жиынтығы зерттеленуші құбылыстың өмір сүру себептері мен жағдайларын анықтауға мүмкіндік береді. Табиғи эксперимент әдісі – зерттенуші адамдар эксперимент жағдайын нақты оқиға ретінде қабылдайды.
Әңгімелесу әдісі – зерттеленуші адаммен сенімді қатынас. Бұл жағдайда жанама сұрақта қою бағыттаушы сұрақтарға тыйим салынады.
Азаматтық және қылмыстық істерді тергеу және соттық қателіктерін зерттеу әдісі - бұл заң психологиясының көмекші әдісі.
Өмірбаяндық әдіс - өмірбаян деректерін табу мен анықтауға бағытталған және генетикалық зерттеу әдісі болып табыоады. Мәліметтер зерттеленуші адамның өмірбаянынан алынады. Кейбір құжаттар ескірген де болуы да мүмкін. Алайда барлық өмірбачндық іс-қағаздар жеке адамның өмір жолы туралы деректер береді және оны психологиялық талдау мүмкіндігін жасайды. Психологиялық зерттеу барысында түрліше тест пен сұрауларды пайдаоануға болады.
Тәуелсіз мінездемелерді зерттеу әдісі – қызметтік немесе басқа да мінездемелерді ала отырып, солардың негізінде жеке бас туралы тұжырыдар қолдануға бағытталады.
Сот-психологиялық сараптамасы – қылмыстық іс бойынша өтіп отырған адамдардың ақыл-есінің дұрыстығын анықтайды. Ол жоғарға біліктілігі бар мамандардың қатысуымен жүзеге асады.
Заң психологиясына тән әдістің бірі – жеке жағдайды зерттеу әдісі әлеуметтік-психологиялық құбылыстардың көрнекті бір өкілін алып, соның негізінде типтік ерекшеліктерді анықтау жүзеге асырылады. Көпшілікпен зерттеу жұмыстарын жүргізгенде тесттерден өзге анкеталар, интервьюлер, балдық және ранжерлік әдістер қолданылады.
Заң психологиясының жеке адамды зерттеуде қалыптасқан психологиялық әдістер жүйесі бар. Құқықтық әрекет процесінде қалыптасатын әртүрлі психикалық шаралардан туындайтын заң психологиясының әдістері:
-бақылау әдісі
-әңгімелесу әдісі
-анкета әдісі
-биографиялық
-интервью
-мінездемеден тыс жалпылау
-эксперимент
-өнімді әрекетті талдау
-құжаттарды психологиялық зерттеу
Бақылау әдісі: арнайы ұйымдастырылған, белгілі мақсатты көздеуде қолданылады: қылмыстық істі психологиялың талдау мен зерттеу барысында, әртүрлі жағдайларда адамдардың психикалық айқындалуы бақыланады. Бақылау барысында бірнеше әдістер қолданылады. Олар табиғи жағдайларға зиян келтірмеу керек. Адамның субъективті психикалық жағдайларына емес, тәртібі мен қылығына, сөзі мен әрекетіне көңіл аудару керек. Бақылауда нәтижеге жету үшін керекті шаралар:
зерттеуге арналған құбылыстар, нақты, қалыпты жағдайда бақыланады. Бақылау зерттелінетін құбылысты өзгертпеуі тиіс. -бақылау қалыптасқан құбылыстар мен жағдайларда жүргізіледі, -бақылау алдын-ала жоспарланған бағдарлама, зерттеу міндеттері негізінде жүргізіледі, бақылау үздіксіз, жүйелі түрде, әр-түрлі жағдайларда жүргізіледі, бақылаудың нәтижесін тіркеуде техникалық құралдар қолданылады, бақыланушы сөздерін магнитафонға жазу, фотосъемкалар мен киносъемкаларды қолдану.
Алдын-ала іздеу мен соттық талдау шраларында техникалық құралдар тек заңға сәйкес қолданылады. Бақылау: жанамалы, жанамалы емес, тіркелген, тіркелмеген болады. Жанамалы емес түрінде бақылауды жүргізуші мен сот қызметкерлері соттық шараларды жүзеге асырады. Жанамалы бақылау- бақылау жөніндегі мәліметтер алу үшін қолданылады. Ерекшелегі: нәтижесі әрқашан құжатта тіркеледі, протоколда, эксперттер қортындыларында және т.б. Тіркелмеген бақылау- зерттеушінің бақыланушыдан тысқары зерттелінуі. Тіркелген бақылау: алдын-ала дайындалған сұрақтар қолданылады.
Сондай-ақ, психологиялық зерттеуде интроспекция қолданылады, психикалық жағдайларын, процеccтерін, ішкі жан дүниесін бақылау. Зерттеуші зерттеу-соттық шараларда факторлардың ықпалын, деңгейін, нәтижесін бақылайды, қорытындылай алады.
Әңгімелесу әдісі: психологиялық зерттеудің мақсаты: жеке адамның таным тереңдігін, ішкі жан дүниесін, сенімін, талпынуын, қызығушылығын, әлеуметтік ортаға қарым-қатынасын терең білу; әңгімелесу әдісі бұл орайда ерекше орын алады. Әңгімелесудің тиімділігі мыналарға байланысты;
Зерттеуші бақыланушылардың сеніміне кіре білуі
Әңгімелесуді алдын-ала жоспарлау
Зерттеушінің жанама сұрақтарды қоя білуі
Әңгімелесуде магнитофон жазбасын қолданады. Әңгімелесу сұрауға ұқсайды.
Тест әдісі: эксперимент әдісінің бір түрі интеллект даму деңгейін дарындылық қасиеттерін, мамандық шеберлік деңгейін, біліктілігін, жеке басы ерекшеліктерін анықтауда қолданылады. Баға беру, прожектілеу, жеке сұрақ тесттері қолданылады. Кең таралғандары: Роршах тестісі (сия кляксаларын пайдалану), Мэррейдің тақырыптық апперцепция тестісі, Розенцвейгтің фрустрациялық тестісі суреттерді қолдану тестісі және басқалары. Құқықтық сананы зерттеуде әртүрлі фактілерді талдау ұсынылады. Мира мен Лопеца тестісі жұбайлардың сенімсіздігін, тұрақсыздығын анықтау үшін қолданылады. Адамдардың қобалжу деңгейін Тейлор сұрақтары мен тұйықтық. Эмоциялық. Салмақтылық деңгейін Айзенк сұрақтары бойынша анықтайды.
Өнімді әрекеттерді талдау- қылмысты зерттеу барысында, адамның психикалық ерекшеліктері жөнінде көптеген материалдар жинауға болады. Қылмыстық әрекет нәтижесіндегі қолданылған әдіс тәсілдерді ажыоатуға болады. Мысалы: қылмыскер почеркі, қолтаңбасы.
Құжаттарды психологиялық талдау. Графология- адамның жазуына қарап білім деңгейін сезімін көңіл күйін темперамент ерекшеліктерін анықтау.
Адамның жеке басын, психикасын реттеу.
Әлеуметтік демографиялық мәліметтер.
Құқықтық қылмыстық мәліметтер.
Медициналық мәліметтер.
Сырт пішіні сиапты: бет пішіні, бойы, салмағы мен дене бітімі, дауысы, әдеті, киімі, татуировкалар.
Өмірлік жолы: әке- шешесі, балалық шағы, мектеп шағы, оқу орындағы шағы, еңбек әрекеті, әскердегі қызметі, жанұялық өмірі.
Өмір сүру салты; жанұясы, мамандығы мен кәсібі, үй шаруасымен айналысуы, саяси және қоғамдық белсенділігі, бос уақытты қткізуі, материалдық жағдайы.
Тәртібі: құқықтық адамгершілік, стрестық жағдайлардағы тәртібі, фрустрациялық жағдайлардағы тәртібі, ішімдік ішкен кездегі еріктік
Бағыттылығы: доминантты талабы, бағыттылығы, материалдық құндылақтары, қөзқарасы, қызығушылығы.
Қабілетті- интеллект, психикалық процесиердің ерекшеліктері- есі, ойы-қиялы , арнаулы қабілеттері: ұйымдастырушылық музыкалық.
Темпераменті: - қарым- қатынасы; -жұмысқа қабілеті; -эмоцияналдылығы; көңіл- күйі; -үстемдік етуге ұмтылысы. Мінезі:-адамдармен қарым- қатынасы;-өзіне қарым- қатынасы; -еңбекке қарым- қатынасы; -заттарға қарым- қатынасы; -кез келген іс әрекетке бейімделуі. Қабілеті: туа біткен және жүре пайда болған.
Достарыңызбен бөлісу: |