Білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттерге арналған дәрістер жинағы Алматы 2021



Pdf көрінісі
бет29/40
Дата14.10.2023
өлшемі1,3 Mb.
#114079
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   40
 
 
 
A


57 
13 Дәріс № 13. Конденсацияланған жүйе 
 
Дәрістің мазмұны: 
кристалдардың кейбір физикалық ерекшеліктері 
қарастырылады. 
Дәрістің мақсаты: 
кристалдардың негізгі элементтерімен және 
құрылымын зерттеу әдістерімен танысу; кристалдық тордың жылу 
сыйымдылығын оқып үйрену.
 
13.1 Құрылымдық кристаллография элементтері
Конденсацияланған жүйе 
– тек қатты немесе сұйық фазадан тұратын 
термодинамикалық жүйе. Соның ішінде қатты денелерді қарастырамыз. 
Қалыпты жағдайда қатты денелердің екі түрі белгілі: кристалды және 
аморфты. Егер қатты денелердегі бөлшектер (атомдар, молекулалар немесе 
иондар) орналасуы дұрыс үш өлшемді периодтылыққа бағынса, олар 
кристалдар
болып саналыды. Кристалдардың пішіндері әртүрлі көпжақты: 
куб, призма, пирамида, т.б. болып келеді. Кристалдардың сыртқы 
жазықтықтары – 
жақтары
, жақтарының қиылысқан жерлері - 
қырлары
, ал 
қырларының түйіскен нүктелері - 
төбелері(түйіндері
) деп аталады. 
Аморфты заттар
(грекше – «пішінсіз» зат) құрайтын бөлшектер ретсіз 
орналасқан, олар өзіндік қырлы формалар түзей алмайды (мысалы 
жанартаулық шыны).
Барлық кристалдар нақты бір симметриялылық
 
қасиетпен сипатталады. 
Симметриялылық 
кристалды құрайтын бөлшектердің, кристалдардың 
қырларының, жақтарының және төбелерінің заңды орналасуы
.
Кристалдардың 
симметрия элементтері келесідей: 
симметрия жазықтығы 
(
Р
), 
симметрия өсі 
(
L
),
симметрия центрі 
(
С
). Кристалдың симметриясы геометриялық 
элементтер (жазықтық, түзу сызық, нүкте) арқылы айқындалады. 
Симметрия жазықтығы 
(
Р
) - кристалды екі тең бөлікке бөлетін, әр бөлігі 
басқа бөлігінің айналық кескіні болатын, ойдан алынған жазықтық.
Симметрия осьі
(
L
) - осы ойдан алынған осьтен кристалл 360
о
айналғанда бірнеше рет кеңістіктегі бастапқы қалпын қайталайды. Бұл 
қайталану саны 
симметрия осьінің дәрежесі 
деп аталады

Кристалдарда тек 
екінші (
L
2
), үшінші (
L
3
), төртінші (
L
4
) және алтыншы (
L
6
) дәрежелер болуы 
мүмкін. Бір кристалда бір мезгілде әртүрлі дәрежедегі бірнеше 
симметрия осьі 
бола алады.
 
Симметрия центрі (С)
– оның айналасында кристалдың жақтары мен 
қырлары дұрыс қайталанатын, кристалл ішіндегі нүкте.
Кристалдың пішіні қатты денелерді құрайтын атомдардың (иондардың), 
молекулалардың кеңістікте таралу заңдылықтарының ерекшеліктеріне 
байланысты. Олар қатты денеде 
кристалл құрылымын
немесе 
кристалдық тор
құрады. 


58 
Атомдар, молекулалар немесе иондар кристалдық тордың түйіндерінде 
орналасады. Кристалдық тордың түйіндеріндегі бөлшектердің сипатына қарай 
олар төрт түрге бөлінеді: иондық, атомдық, металдық және молекулалық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет