Білім беру бағдарламасы бойынша ozhth 4322 «Өнімді жануарлардың ТӘжірбиелік хирургиясы»



Pdf көрінісі
бет23/29
Дата12.09.2022
өлшемі4,27 Mb.
#38879
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   29
Бақылау сұрақтары: 
1 В.П.Филатов бойынша дайындалған ұлпа температурасы қаншадан аспауы 
керек? 
2 Л. Ф. Скосогорепко бойыша тері консервациясының уақыты? 
3 И. А. Калашник бойыша ұлпалық препарат қалай дайындалады.? 


39 
Дәріс № 14 Тері аурулары. Теріні зерттеу әдістері. 
Мақсаты: Ветеринариялық тәжірбиеде әр түрлі жауарларда кездесеті тері 
аурларын балау мен емдеу әдістерін, теріні зерттеу әдістері студенттерге таныстыру. 
Кілт сөздер: түк, тері, жүн, культура, тері жамылғысы, анамнез, дерма, шел.. 
Жоспары: 
1. Тері ауруларының түрлері. 
2. Тері ауруларының диагностикасы. 
3. Теріні зерттеу әдістері. 
Түк түбірінің іріңді қабынуы Фолликулит деп аталады. Себептері мацерация
микроорганизмдермен ластану. Клиникасы – түбірдің айналасында 3 - 5 күндер
аралығында кішкене түйіршік пайда болып, ол іріңді экссудаты бар пустулаға 
айналады.Анықтаймыз клиникалық белгілеріне байланысты Емі. зақымданған түк 
аумағын 70 % иодталған спиртімен немесе 2% камфар спиртімен өңдейміз. Пустулаға 2% 
спирт формалин ерітінідісін немесе бриллиант жасылын жағамыз.Ультракүлгін сәулелер 
қолданамыз. 
Терінің қабынуын Дерматит деп атаймыз. Түрлері: 
1 Жарақатты дерматит ( Этиологиясы, клиникасы, анықтауы, емі ). 
2 Іріңді дерматит (Этиологиясы, клиникасы, анықтауы, емі ). 
3 Дәрілік дерматит (Этиологиясы, клиникасы, анықтауы, емі ). 
4 Жарақат жанындағы дерматит( Этиологиясы, клиникасы, анықтауы, емі). 
5 Сүйелді дерматит (Этиологиясы, клиникасы, анықтауы, емі ). 
Тері негізінің беткі кабатының қанталап, көп суланып және кышып, қабынуын 
экзема деп аталады. Экзема даму сатылары: 
1 – эритемді: гиперемия, сероздық экссудатың бөлінуі, терінің сәл домбығуы, 
түктің бір біріне экссудат арқылы жабысуы, қышу, (расчесы). 
2 – папулезді: терінің бетінде түйіршіктер, папулдар пайда болады. Гиперемия, 
домбығу және қышу байқалады.. 
3 – везикулезді: терінің бетінде сероздық экссудатпен толған күлдіреуіктер пайда 
болады.Немесе үсақ күлдіреуіктер бірігіп – бірнеше үлкен күлдіреуік п.б. – буллоздық 
экзема. 
4 – пустуллезді: терінің бетінде көптеген ұсақ іріңді ошақтар– пустулалар пайда 
боладына. Себебі везикулаларға микрофлораның енуінен п.б.. 
5 – ылғалды: пустулалар жарылып ылғалды орындар-эрозиялар п.б.. 
6 – қабықты : эррозиядан бөлінген экссудат кеуіп қабық пайда болады. 
Емі: Жалпы ем. Күре тамырға 0,25% новокаин ерітіндісі 1 мл/кг дене салмағына 
есептеліп енгізіледі. Ірі жануарларға (қара мал, жылқы), 10% бромлық калий ерітіндісі 80-
100 мл бір инъекцияға, 10% хлорлы кальций ерітіндісі 100-150 мл бір инъекцияға. 
Аутогемотерапия. 
Жергілікті ем. Қабынған тері беткейлігі сабынды сумен бір рет жуылады. 
Күлдіреуік, пустула және ылғалды сатыларда теріні қатайтатын, антисептикалық дәрілер 
3 – 5 пиоктанин, метилен көгі, танин, 2% азоткышқыл күміс ерітіндісі, 3 – 5 % пикрин 
қышқылы. Экземаның жіті түрінде және бактериалдық ластануда Вишневский, цинк, 
иодоформ, синтомицин және т.б. майларын қолданады. 
Қорытынды 
Тері ауруларын емдеу кезінде ең маңызды нәрсе, ол тері ауруларының себептерін 
анықтау, себептері қайталанбайтын жағдай жасау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет